2-Модуль. Отбасылық өмірдің адамгершілік негіздері
6 - тақырып. Отбасы мен неке институтының мәні
Отбасы және неке туралы тарихи-педагогикалық идеялар. Неке ұғымы.
Неке отбасының негізі. Некенің түрлері. Некелесудің ерекшеліктері. Некенің
отбасынан айырмашылығы. Азаматтық неке. Заңды неке – дұрыс
қалыптасқан отбасының символы.
7- тақырып. Ерлі-зайыптылық.
Гендер. Гендерлік нормалар. Гендерлік әлеуметтену және оның
механизмдері. Отбасы азаматтық қоғамның негізі. Некедегі ерлі-зайыптылар
арасындағы қарым-қатынас.
8 - тақырып. Ата-аналық көпқырлы феномен.
Отбасының әлеуметтік-мәдени дамуы контекстіндегі ата-аналық.
Отбасылық рөлдер. Отбасындағы міндеттерді бөлу. Ата-аналық мінез-құлық
стилі. Ата-ана тағылымы. Ата-аналықтың типтері. Отбасы құрылымындағы
әкелік және аналық.
9 - тақырып. Туыстық қарым-қатынас.
Ата-баба (тек). Тектік құндылықтар. Отбасының өмірлік циклдері.
Отбасының құрылымы. Отбасылық қатынас мәдениеті. Отбасылық қарым-
қатынасты құру мотивтері. Отбасылық қатынастар. Отбасылық жәдігер.
Отбасылық өсиет.
3-Модуль. Отбасылық өмірге дайындау тәжірибесі
10- тақырып. Отбасылық өмірдегі конфликтология мәселелері
Конфликтология. Конфликт ұғымы мен сатысы. Конфликтер
мотивациясы. Конфликтің түрлері. Отбасылық конфликтер. Отбасының
психологиялық климаты. Ерлі-зайыптылардың конфликтегі мінез-құлық
үлгілері.
11- тақырып. Бақытты отбасының құпиялары
Отбасының адам өміріндегі маңызы. Бақытты отбасының сырлары.
Мерейлі отбасы. Отбасылық мерекелер. Отбасылық дәстүрлер. Отбасылық
әдеп.
12 - тақырып. Репродуктивті денсаулық.
Отбасы
және
тұлғаның
әлеуметтік
денсаулығы.
Денсаулық.
Денсаулықтың түрлері. Дені сау ата-ана – дені сау бала.
13 - тақырып. Әлеуметтік - құқықтық және экономикалық
құзыреттіліктер.
Әлеуметтік және құқықтық мағынадағы отбасы түсінігі. Отбасының
әлеуметтік-психологиялық статус. Отбасындағы әлеуметтік-психологиялық
климат. Ата-ана құқықтары мен міндеттері. Ата-аналық құқықты жүзеге
асыру
14 - тақырып. Болашақ отбасы иесінің психологиялық сауаттылығы
Отбасы иесі. Отбасы иесінің психологиялық сауаттылығы. Отбасының
жауапкершілігі.
15 - тақырып. Отбасылық өмірге дайындаудың психологиялық
тренингтері.
Тренинг. Тренингтің түрлері: Өзін-өзі таныстыру тренингі. Өзін-өзі
басқару тренингі, Тұлғалық өсу тренингі. Менің отбасым: бүгін және
болашақта.
«Менің отбасым бүгін және болашақта»
жаттығуы.
«Отбасындағы рөлдік қарым-қатынас» жаттығуы. «Өзінің болашақ отбасы
жайлы түсініктері» жаттығуы.
Сонымен қатар студенттерге арналған семинар сабақтарының
тақырыптары мен СОӨЖ, СӨЖ және ұсынылатын әдебиеттер тізімінен
тұрады.
Зерттеуімізде элективті курстың күнтізбелік жоспарындағы тақырыптар
бойынша
дәрістер
оқытылып,
практикалық
сабақтар
жүргізіліп,
студенттердің жоғарыдағы тақырыптардың мазмұнын толық меңгеруіне
мүмкіндік жасалады. Осы курсты меңгеруде басты орында ғылыми
әдебиеттердегі мәліметтерді өңдеп, курс тақырыптары бойынша арнайы
зерттеу жұмыстарымен (монографиялар, мақалалар) танысып, зерттеу
мәселесіне байланысты шет елдік және отандық ғалымдардың ғылыми
еңбектері де талқыланады.
Сабақты өту барысында компьютерлік техника, оқу - әдістемелік және
қосымша оқу құралдары қолданылады. Элективті курстың соңында
қорытынды бақылау – ауызша емтихан формасында жүргізіледі.
Осы орайда, педагогикалық жоғары студенттерінің отбасы –
адамгершілік құндылықтарын жүргізілетін жұмыс бағыттарына, оларды
ұйымдастырудың формалары мен әдістеріне, құралдарына назар аударылып,
мазмұндық сипаттама берілді.
Жоғары оқу орнының негізгі
оқыту формасы – дәріс және семинар
сабақтары. Дәріс – білім алушыларды білім, ғылым саласындағы жаңа
бағыттар жайлы түсініктер беру үшін негізінен жаңа идеяны насихаттау,
жаңа хабарламалар жасау, жаңа тәжірибені жеткізу мақсатында
қолданылатын кең тараған оқыту әдістерінің бірі. Дәрістің маңызды сапасы
оның ғылымилығы, өмірмен байланыстылығы, оның өміршеңдігі болады
ЖОО-да студенттердің жаңа ақпаратты тиімді қабылдауы мен игерулері үшін
өзара іс-әрекетке түсудегі интербелсенді дәрістің маңызы зор.
Интербелсенді
дәріс
қатысушы жактардың ашық пікір алмасуы, жауап берудегі еркіндік пен
креативтілік, түрлі көзқарасты сыни тұрғыда қабылдау, жаңа білім ізденісіне
бағыттау.
Интербелсенді дәріс
оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы
жүзеге асады. Интербелсенді әдістердің мақсаты: студенттерді командада
жұмыс жасауға баулу, таным іс-әрекетін, тұлғаның жақсы қасиеттерін
дамыту, білім деңгейлері әртүрлі студенттерге оқу бағдарламаларын тиімді
игерулерін, оқуды белсендендіру, қызық және табысты ету [216].
Семинар
– білім алушылардың білім алу қызметінің тізгінін өз
қолдарына алудағы оқыту формасы болып табылады. Оның табысты болуы
тыңдаушылардың білім алудың, өзін-өзі іске қосуының тетіктерін меңгеру
дәрежесіне байланысты келеді. Семинар жұмысын мақсатқа сай жүзеге
асыру үшін студенттер арасында жеке, топтық, ұжымдық жағдайда жұмыс
жасау білігі бар кәсіби орта қажет. Сонда ғана студенттер өз пікірін дәлелдей
алуға, бірлесе талдау жасауға, бірін-бірі оқытуға, кері байланыстың
шектеусіз туындауына мүмкіндік ала отырып, болашақта отбасы –
адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру үшін дағды алады. Студенттер
арасында өмір сүру белсенділігі едәуір арта келе, олар құбылыстар мен
үрдістердегі жалпы және ортақ мәселелерді салыстыру арқылы
интеллектуалдық аймағын дамытуды меңгереді.
Оқытумен қатар педагогикалық жоғары студенттерінің отбасы –
адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда ерекше маңызды жұмыс
бағыты -
тәрбие.
Тәрбие жұмысының формалары:
тәрбие сағаты, тақырыптық әңгімелер,
саяси хабарлама, оқырмандар конференциясы, дебат, диспут, олимпиада,
спорттық және мәдени шаралар, бұқаралық шаралар, кездесулер жатады.
Тәрбие (кураторлық) сағаты
топ ұжымын ұйымдастыру: тақырыптық
әңгімелер, саяси хабарлама, оқырмандар конференциясы, пікірталас, сұрақ-
жауап кеші, олимпиада, көңілділер мен тапқырлар клубы (КВН), еңбекке
қатысты істер, спорттық және мәдени шаралар, кездесулер, дөңгелек үстел,
бұқаралық шаралар жатады.
Тренинг
– (ағылшын тілінен training – оқыту, тәрбиелеу) – білім, білік,
дағдыларын және әлеуметтік көзқарастарын дамытуға бағытталған оқытудың
белсенді әдісі.
Тренинг
интербелсенді оқытудың формасы, оның мақсаты
қарым-қатынастағы кәсіби мінез-құлық пен тұлғаарлық құзыреттілікті
дамыту болып табылады.
Тренингтегі ең негізгісі белгілі білік пен дағдыны жетілдіруге қажетті
жаңа тәжірибені жете ұғына отырып, меңгеру.
Тренингті ұйымдастыру қағидалары:
Қатысушылардың белсенділігі қағидасы. Сабақ барысында топ мүшелері
әртүрлі әрекеттерге қатыстырылады: арнайы ауызша және жазбаша
жаттығуларды орындау, рөлдік жағдаяттарды ойнап көрсету және талқылау,
т.б.
Ұстанымды
зерттеу
қағидасы.
Тренингтік
топтағы
жұмыста
қатысушылардың мәселені шешудің жолдарын өздері іздестіруін қажет
ететін жағдаяттар да құрастырылады. Осындай жағдай өз бетімен ізденуін
талап етеді.
Өзіндік диагностика қағидасы. Тренер сабақтың мазмұнына әрбір топ
мүшесінің өзі жайлы, өзінің тұлғалық ұстанымы, балалармен, жақын
адамдармен, таныстарымен қарым-қатынасы, өзінің тұлғааралық сәтіліктері
мен сәтсіздіктері туралы айтуына мүмкіндік беретін сұрақтар мен
тапсырмаларды енгізеді. Мысалы: «Өзін-өзі таныстыру», «Менің есімім»,
«Жеке ұраным», «Мәртебелі есімдер», «Алғыс айту», «Симпатия –
антипатия», «сәтсіздікте қалай жеңуге болады?», «Шешім – құнды таңдау»,
«Батылдықты дамыту», «Жағымды әңгіме», «Психологиялық қолдау хаты»,
т.б. жаттығулар.
Зерттеу барысында дайындалған әдістемеде отбасы-адамгершілік
құндылықтарының қалыптасу деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін және
осы бағытта ұйымдастырылатын «Отбасылық өмірге дайындауда
психологиялық тренингтер» топтамасы қарастырылады, олар: Өзін-өзі
таныстыру тренингі және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |