Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Психикалық науқаспен қарым-қатынас жасау ережесі



Pdf көрінісі
бет311/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Психикалық науқаспен қарым-қатынас жасау ережесі 
1
. Сіз науқастармен ҥш жағдайда қарым-қатынаста боласыз: біріншіден, 
психикалық аурулар симптоматологиясын оқу кезіндегі микрокурация 
уақытында; екіншіден, жеке психиатрияны оқыған кездегі клиникалық 
курация уақытында; ҥшіншіден, амбулаторлы қабылдау кезінде науқастарды 
қарағанда.
Барлық жағдайларда сабырлы, сыпайы, қайырымды болыңыз. 
2
. Курация кезінде науқасқа ӛзіңізді таныстырып, оның есімін, әкесінің атын 
сҧраңыз. Осыдан кейін онымен сӛйлесуге рҧқсат сҧраңыз. Науқаспен тек 
«сіз» деп және әкесінің атымен атау керек (науқас балалар мен 
жасӛспірімдерді есептемегенде). 
3
. Науқаспен сабырлы, асықпай, алдын-ала ойластырылған жоспармен
сӛйлесу керек. Сҧрақты нақты және тҥсінікті қойыңыз. Науқастың
жауабынан және бет әлпетінен оның сіздің сӛзіңізді қалай тҥсініп отырғанын 
байқаңыз. Жауапты ынта қойып тыңдап, егер де тҥсініксіз нәрселер болса, 


~ 426 ~ 
дәлірек, қайталап сҧрақ қойыңыз. Науқасты тыңдап қана қоймай, оның ӛзін 
қалай ҧстағанына, сыртқы бейнесіне назар аударыңыз және барлығын 
жадыңызда ҧстаңыз. 
4
. Науқаспен ешқашан сӛз жарыстырмаңыз, дауласпаңыз. Оған ешқашан 
сенікі дҧрыс емес деп дәлелдеме жасамаңыз. Оның дерті, емі, шығу мерзімі 
жӛнінде және басқа медициналық тақырыптардағы мәселелер жӛнінде 
талқыламаңыз. Бҧл сҧрақтарыңызға емдеуші дәрігеріңіз жауап береді деп 
айтыңыз.
5
. Науқасты ешқашан алдамаңыз, оған орындалмайтын уәде бермеңіз. Науқас 
қандай-да бір ӛтініш білдірсе, оны емдеуші дәрігерге хабарлайтыныңызды 
айтыңыз. 
6
. Науқастың айтқан сӛзіне, іс-әрекетіне, тексерілуден бас тартуына реніш 
білдірмеңіз. Науқастың ӛрескел және ҧятты қылықтарын «байқамаған» 
болыңыздар. Естеріңізде болсын, бҧл дерт белгілері. 
7
. Егер науқаспен әңгіме ҥстінде сізде эмоциональді реакция пайда болса 
(қорқыныш, кҥлкі, жымию), онда ӛзіңізді берік ҧстауды ҥйреніңіз, 
кӛрсетпеуге тырысыңыз. Егер әңгіме ҥстінде науқас тітіркенгіштік, сезіктілік 
және агрессивтілік танытса, сіз науқасқа қауіптеніп тҧрғаныңызды
білдірмеңіз, науқасты тыныштандырыңыз және тез арада ӛзіңіздің
оқытушыңызға және бӛлімше персоналына хабарлаңыз. 
8
. Әңгімелесіп болған соң науқасқа алғыс айтыңыз. Ол туралы кезекші 
персоналға немесе ӛзіңіздің оқытушыңызға хабарлаңыз. Ешқашанда 
науқасты жалғыз қалдырмаңыз: оны палатаға алып барыңыз және персоналға 
тапсырыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет