Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет2/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Жеке психиатрия
пәні теориялық және тәжірибелік тҧрғыда жеке 
нозологиялық бірліктерді қарастырады. 
Психикалық аурулардың жалпы ерекшеліктерін, оның жеке белгілерін 
(симптомдар), жеке психопатологиялық жағдайларын (симптомдар комплексі 

синдромдар), психопатологиялық бҧзылыстардың патогенетикалық 
механизмдерін зерттеу 
жалпы психопатология
міндеттері болып табылады. 
Психикалық бҧзылыстар тҥзілуінің психологиялық заңдылықтарын зерттеу 
патопсихология 
пәнінің еншісінде. 
Науқасқа диагностикалық баға беру психикалық аурулардың жалпы 
халықаралық және ҧлттық классификациясы негізінде жҥргізіледі. 
Психикалық бҧзылыстардың тҧрғындар арасында таралуы жӛнінде сенімді 
мәліметтер алу маңызды болғанмен, ӛкінішке орай психиатрлар ҥшін бҧл 
мҥмкін емес. Бҧл жағдайлар бірнеше себептерге байланысты: психикалық 
бҧзылыстары айқын емес психикалық науқастар дәрігер психиатрға сирек 
келеді. Оның себебі ӛз жағдайына сын кӛзқарастың болмауы, дәрігер 
психиатрдың есебінде тіркелгісі келемегендікке байланысты. «Психикалық 
қалыпты жағдай» шегінде болатын жағдайлардан жеңіл шекаралық 
психикалық бҧзылыстар тҥрлерін ажыратудың анық жалпыға ортақ 
критерийлері жоқ. Соңғы аталғанға адамдардың жеке характерологиялық 
ерекшеліктері, транзиторлы жеңіл психикалық бҧзылыстарды жатқызуға 
болады. Осыған байланысты тҧрғындардың стационарлық немесе 
амбулаторлы психиатриялық кӛмекке келу нәтижелері бойынша алынған 
психикалық аурулардың таралуы жӛніндегі мәліметтер ӛте тҧрақсыз. Бҧл 
деректер бойынша тҧрғындардың 10-нан 20 пайызға дейінгі бӛлігі 
психиатриялық кӛмекті қажет етеді. Айқын психикалық бҧзылыстар 
айқындалған аурулардың саны жӛніндегі мәліметтер нақтырақ және жалпы 
тҧрғындардың 1-3 пайызын қамтиды. 
Тҧрғындардың арасындағы психикалық аурулардың таралуы жӛніндегі 
мәліметтер анализі олардың артқанын анықтайды. Осындай мәліметтермен 
салыстығанда ғасырдың басында қазіргі кӛрсеткіштерде психикалық аурулар 
кездесуінің бірнеше рет ӛсуі кӛрініс беріп отыр. Психикалық ауруларды 
анықтау дәрежесі тҧрғындар ҥшін психиатриялық кӛмектің қолжетімділігіне, 
психикалық ауруларға деген жанҧясының, қоғамның тӛзімділігіне 
байланысты. Психиатриялық кӛмекке науқастардың жҥгінуіне тҧрғындар 
арасындағы психиатрияға деген бҧрыс кӛзқарас та кедергі етеді. Дегенмен 
айтылған кемшіліктерді ескерген жағдайда да психикалық аурулар таралуы 


~ 4 ~ 
жӛнінде және соңғы кезде динамикасының ӛсуі туралы жалпы қорытынды 
жасауға болады. 
Шетелдік мамандармен келтірілген деректер ең алдымен шекаралық 
бҧзылыстардың айтарлықтай ӛскенін кӛрсетеді. Психикалық бҧзылыстардың 
бҧл тобы қоғамдағы ӛмір жағдайына тығыз байланысты және жоғары 
кӛрсеткіші капиталистік қоғамдағы ӛмір жағдайына байланысты: 
эмоциональді стресс және психикалық кернеу (ертеңгі кҥй ҥшін ҥрей 
дискриминация және т.б.) және опасыз қызығушылықты, қаталдық, зорлық, 
байлық жолын қууды
 
әдетке айналдыру. 
Біздің елімізде психикалық аурулардың таралу кӛрсеткіші ӛсу 
бағытында. Бірақ, ол аурулар санының артуымен емес, психиатр есебінде 
бҧрын болмаған психикалық бҧзылыстың жеңіл тҥрімен науқастардың 
анықталуымен байланысты. Айта кететін жай, біздің елімізде психикалық 
аурулар саны капиталистік елге қарағанда аз. Әсіресе қоғам ӛмірі жағдайына 
тығыз байланысты пайда болатын психопатия және невроздар қатынасында 
ерекшеліктер айқын байқалады. 
Санк-Петербург пен Мәскеуде кӛптеген он жылдықтар бойы тиімді 
психиатриялық 
кӛмек 
жҥргізіледі. 
Психоневрологиялық 
диспансер 
бақылауында барлық тҧрғындар ішінен 3 пайызы психикалық аурулар болып 
табылады. Соңғы жылдары емханаларға қаралатын адамдардың психикалық 
жағдайын анықтауға ерекше кӛңіл бӛлінеді. 
1- кесте. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет