Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Сеченов И.М (1829-1905) Павлов И.П (1849-1936)



Pdf көрінісі
бет14/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Сеченов И.М (1829-1905) Павлов И.П (1849-1936) 
Отандық физиологияның мақтанышына айналған 
рефлекс туралы ілім
нейрофизиология дамуында маңызды этап болып табылды. И.М.Сеченовтың 
рефлекс туралы данышпан ойлары И.П.Павлов еңбегі арқылы бас миының 
шартты рефлекстері туралы тҧтастай эксперименталды негізделген ілімге 
айналды. И.П.Павловтың және оның шәкірттерінің кӛптеген зерттеулері 
шартты рефлекс механизмі жануарлар организмінің функциональды 


~ 21 ~ 
кӛріністерінің және олардың тәртібінің кҥрделі формаларының негізінде 
жататынын кӛрсетті. Маңыздысы олар шартты рефлекторлы модельдерді 
жануарларға жҥргізілген тәжірибелерге сҥйене отырып қолдану жолдарын 
кӛрсетіп ғана қоймай, адам қызметінің арнайы формасында - екінші 
сигналдық жҥйе жӛніндегі ережені ҧсынды. 50-ші жылдары И.П.Павловтың 
еңбегі кеңес психиатриясында кең тҥрде таралып қолданылды. Шәкірттерінің 
еңбектерінде жалғасын тапқан И.П.Павловтың ілімі психиатрияда ҥлкен 
ғылыми- методикалық және практикалық әсерін тигізді. Психикалық 
аурулардың этиологиясы мен патогенезін методологиялық бағытта 
зерттеулер жоғары жетістіктер кӛрсетті. 
И.П.Павлов ілімінің кейбір тҧстары психикалық аурулардың 
терапиясында ерекше тәсілдің тҥзілуіне ықпал етті-жеңіл режим, қорғаушы 
терапия, әсіресе ауру дамуының ерте сатысында. В.А.Гиляровский, 
М.Н.Ливенцовтың ҧсыныстарымен ҧйқы терапиясы методикасы, соның 
ішінде әсіресе электроҧйқы мәселелері шешіліп, кең тҥрде қолданыла 
бастады. И.П.Павловтың ілімі шетелдік психиатрияда 
бихевиоралдық
концепцияның
пайда болуына әкеп соқтырды. Бҧл концепция бағытының 
ӛкілдері психопатологиялық белгілердің патогенезін тҥсіндіру ҥшін 
невроздарды және басқа да психикалық бҧзылыстарды балалық шақта 
қалыптасып қалған патологиялық байланыстың нәтижесі ретінде (дҧрыс 
оқытпау) қарастыра отырып, шартты рефлекстердің қҧрылу механизмдерін
және де психодинамикалық концепция принциптерін қолданды. Сонымен 
қатар, осындай патологиялық, шартты рефлекторлы байланыстарды ҥзуге 
бағытталған арнайы емдеу тҥрі-бихевиоральды терапия ҧсынылды. 
И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың ашқан 
нервизм теориясы
-
соматикалық ҥрдістердің жҥйкелік реттелуінің маңызын ашты, организм 
қызметін тҧтастап тҥсінуге алып келді. И.П.Павловтың экспериментальды 
невроз тудыру тәсілі, мысалы, жануарларда стресс арқылы кардиоваскулярлы 
бҧзылыс шақыру тәжірибесінде қолданылады. 
Соматикалық аурулардың пайда болуындағы шартты рефлекторлы 
қызметтің рӛлі К.М.Быков және оның қызметкерлерінің еңбектерінде 
тәжірибе арқылы зерттеліп, теория жҥзінде іске асты. Ҧзаққа созылған 
стресстің әсерінен организм қызметінің ҥйлесімділігі бҧзылады.
Психиатрияда кең тҥрде таралған бағыт, әсіресе ӛткен ғасыр аяғында 
және осы ғасырдың алғашқы жартысында – психоморфология бағыты. Бҧл 
бағыттың пайда болуын веналық дәрігер Ф.Галь френологиясымен 
байланыстырады. 
Ф.Галь 
адамдардың 
психикалық 
сапасы 
мен 
ерекшеліктерін қаңқа сҥйегінің формасы мен қҧрылымына байланыстырды. 
Ол қаңқаның бҥдірлері мен сайларына қарай отырып, адамның қасиеттері 
мен неге бейім екендігін анықтағысы келді. Ф.Галь френологиясы 
Ломброзоның буржуазиялық елдерде кең таралған қылмыскерлерлікке 
биологиялық бейімділік- туа біткен қылмыскер жӛніндегі идеяның дамуына 
тҥрткі болды.


~ 22 ~ 
Психоморфологиялық бағыттың кӛрнекті ӛкілдеріне Т.Мейнерт және 
Клейст жатады. Т.Мейнерт психиатрияда нейроанатомия білімі арқылы
психикалық аурулардың мәні мен симптомдарын тҥсінуге болады деп 
санады. Мҧнда, негізгі мағынаны маңдай бӛлігінің және олардың 
байланыстарының зақымдалуына жоғары кӛңіл бӛлді. Клейст психикалық 
бҧзылыстар синдромдарының классификациясын зақымданудың ОЖЖ-де 
орналасқан жеріне байланысты жасауды ҧсынды. Ол ми бағанасы мен ми 
қыртысы зақымдануынан болатын симптомокомплекстерді ажыратты.
Психикалық аурулар кезіндегі нейроанатомиялық ӛзгерістерді зерттеу 
психиатрлардың және басқа да мамандардың психикалық аурулардың 
материалдық субстратын табуға ҧмтылысын кӛрсетті. Бҧл зерттеу аспектісіне 
әр елдің алдыңғы қатарлы психиатрлары кӛп кӛңіл бӛлді. Мидың 
органикалық 
зақымдануы 
кезіндегі 
психикалық 
аурулардың 
патологоанатомиялық зерттеу нәтижесі, оның табиғаты мен болжамын 
анықтауға мҥмкіндік берді. Науқастарда бақыланатын мидағы органикалық 
ӛзгерістер мен психикалық бҧзылыстардың сипаты арасындағы қатынасқа 
баға беру ӛте кҥрделі мәселе болды. Бҧл психоморфологиялық концепция 
мидың ҥлкен жарты шарларының интегративті, тҧтас қызметінің қалыпты 
және патологиялық ӛзгерістерін анықтайтын негізгі принциптерді елемейді. 
Концепцияның кемшілігі шизофрения ауруларында психохирургияда 
(лейкотомия) емдеу практикасында айқын кӛрінді. Психохирургия кеңес 
ӛкіметінде тиым салынған. Мҧнымен бірге, буржуазиялық елдердің кейбір 
мамандары бҧл концепцияны мақҧлдап, психикалық ауруларды емдеуде 
психохирургияны қолдану керектігін айтады.
Психиатрияда нозологиялық әдістің енуіне байланысты психикалық 
ауруларда зат алмасу процестерінің ерекшеліктеріне деген қызығушылық 
кӛбейді. Адамның психикалық жағдайына организмнің гуморальды 
ортасының әсері туралы ой Гиппократ тҧсында да айтылған. Бірақ 
психиатрияның дамуы мен нозологиялық кӛзқарас психикалық аурулардың 
белгілерін тҥсіндіруде психикалық ауруларда болатын биологиялық 
процестердің ерекшеліктерін ғылыми тҧрғыдан қарастыруға жол ашты. Яғни, 
С.С.Корсаков психикалық ауруларды мидағы болатын материалдық 
ӛзгерістермен 
байланыстырып, 
ауру 
патогенезін 
тҥсіндіруде 
И.М.Сеченовтың рефлекс идеясын пайдаланды.
Э.Крепелин ерте дамитын ақыл аздылықтың дамуында биологиялық 
процестердің бҧзылысына кӛп кӛңіл бӛлді. Бҧл ауру кезіндегі зат алмасу 
бҧзылыстарын зерттеуде А.Ющенко, В.П.Протопопов, Гьесинг (Норвегия) 
кӛп ҥлес қосты. 
Соңғы уақытта табиғи ғылым саласындағы жоғарғы ғылыми жетістіктерге 
байланысты, әсіресе тҧлғаның биологиялық профиліне қатысты, психикалық 
аурулардың табиғатын зерттеуде жаңа мҥмкіндіктер пайда болды ол- 
психикалық аурулардың биохимиялық негізін зерттеу болып табылады. Бҧл 
бағыт нейрогуморальды регуляторлар, нейропептидтер, аутоиммунды 
процестерді зерттеумен айналысады. Нейрогуморальды регуляторлардың 


~ 23 ~ 
алмасу ерекшеліктері және олардың мидың әртҥрлі қҧрылымында таралу 
деңгейі аутоиммунды ҥрдістер бҧзылысы дерттің ҥдемелілігіне тәуелді 
болып келетін науқастардағы психикалық ӛзгерістердің сипатына 
байланысты. Психикалық аурулардың табиғатын зерттеуде кеңес 
мамандарының еңбегі зор болды, олар психикалық аурулардың сипатын әр 
тҥрлі методикамен және нақты клиникалық қасиеттерін комплекстік әдіс 
қолдану арқылы шешті.
Кеңес 
психиатриясында 
психикалық 
және 
психосоматикалық 
тҥсініктер 
арақатынасының 
мәселесін 
шешуге 
ғылыми 
кӛзқарас 
материалистік бірлік принципі негізінде қҧрылды. Бҧл психикалық қызметтің 
бҥкіл ағзаның және оның жеке жҥйелерінің физиологиялық процестеріне 
әсер ету мҥмкіндігін анықтайды.
Психика қҧрылымының кҥрделілігі, оның нейрофизиологиялық 
субстратпен ҥздіксіз байланысы психосоматикалық ӛзара әсерлестік жӛнінде 
тҥсінікті теориялық та және методологиялық тараптан да қиындатады. Әрбір 
адамда дерттің кӛрініс беру сипаты әр тҥрлі. Сонымен бірге бҧл 
айырмашылықтар белгілі бір психикалық ауруға тән этиология мен патогенез 
шекарасында ӛтеді. 
Психиатрияның дамуында профилактикалық бағытта, шекаралық 
жағдайлар мәселелерін шешуде съездер мен жиналыстарда кӛптеген сҧрақтар 
шешілді: 
«Бӛртпе 
сҥзегі 
кезіндегі 
психикалық 
бҧзылыстар» 
(В.А.Гиляровский), «Ашығу кезіндегі жҥйкелік және психикалық 
бҧзылыстар» (А.М.Гринштейн, Т.И.Юдин), «Рефлексология кӛзқарасымен 
тҧлға жӛніндегі ілім» (В.М.Бехтерев). Тҧрғындарға ауруханадан тыс 
психоневрологиялық кӛмек кӛрсету жӛніндегі ҧсыныстар қабылданды. 
Психиатрияда тиімді ғылыми зерттеулер жҥргізілетін мекемелер ашылды.
Ең кӛне ғылыми-зерттеу институттарының бірі В.М.Бехтеревтің 
психоневрологиялық институты болып табылады. Ол 1907 жылы 
Петербургте ғылыми-зерттеу мекемесі ретінде қҧрылса, кейіннен Бехтеревтің 
ҧсынысымен алкоголизмді зерттеуде тәжірибелік институт базасында 
паторефлексологиялық институт болып қҧрылды. 1944 жылы ол 
В.М.Бехтерев атындағы психоневрологиялық ғылыми-зерттеу институты 
болып қайта қҧрылды. Институт психиатрия, неврология және медициналық 
психологияның 
маңызды 
мәселелерінің 
бірқатарын 
қарастырады: 
патогенезін, бас миының қан тамырлық зақымданулары, эпилепсия, невроз, 
алкоголизмнің клиникасы мен терапиясы және т.б. 
1921 жылы Мәскеуде соттық сараптау институты ҧйымдастырылды, 
кейінірек ол В.П.Сербский атындағы соттық психиатрияның Орталық 
институты болып аталды.
Кейін бҧл институт теория мен практиканың жалпы мәселелерін 
зерттеумен айналысты және В.П. Сербский атындағы жалпы және соттық 
психиатрияның Бҥкіл кеңестік ғылыми-зерттеу институты болып аталды.
Бҧл ғылыми-зерттеу орталығы соттық психиатрияда психикалық 
аурулардың есі дҧрыс еместік және қабілетсіздігі критерияларын зерттейді. 


~ 24 ~ 
Осындай науқастардың қоғамға зиянды әрекеттерінің алдын-алу бойынша 
зерттеулер жҥргізіледі. 1921 жылы Киевте психиатриялық аурухана 
базасында ғылыми зерттеу институты жҧмыс жасай бастады, ал 1926 жылы 
(Харьков психиатриялық ауруханасы базасында) - Украиналық клиникалық 
психиатрия және социалды гигиена институты ашылды. Бҧл екі институт 
Украиналық психоневрологиялық академия болып қайта қҧрылды және 
мҧнда жҧмыс істеуге ірі мамандар – Т.И. Юдин, Л.И. Смирнов, И.Н. 
Филимонов, Л.С. Выготский, А.И. Ющенко, В.П. Протопопов, К.И. Платонов 
т.б. шақырылды.
1937 жылы академия Украина психоневрологиялық институты болып 
қайта қҧрылып, академия қҧрамындағы алғашқы жеке институттар оның 
бӛлімшелері болып қалды. Институт қызметіндегі алғы бағыттар жҥйке және 
психикалық аурулардың клиникалық ерекшеліктерін ескере отырып 
патофизиологиялық негіздерін зерттеді. 1965 жылы институт Харьков 
неврология және психиатрия институты болып қайта қҧрылды. 
Грузияда 1925 жылы М.М. Асатиани ықпалымен психоневрологиялық 
институт ашылды. М. М. Асатиани ӛмірден озған соң институтқа оның есімі 
қҧрметті тҥрде берілді. Мҧнда психиатрияның актуальді мәселелері шешіліп, 
республикадағы стационарлардың ғылыми және емдеу мәселелері шешілді. 
Институттың кең тҥрде жҥргізген жҧмыстарының бірі психикалық 
аурулардың 
биологиялық 
негізін 
клинико–экспериментальді– 
морфологиялық зерттеуі еді. 
Психопрофилактика және гигиена институты мен П.Б. Ганнушкин 
атындағы клиникалық психоневрологиялық институты бірігіп, 1838 жылы 
Мәскеулік психиатриялық ғылыми-зерттеу институты болып қайта ашылды. 
Мҧның қҧрамындағы кӛптеген клиникалар мен лабораториялар жалпы 
психопатологиялық және клиникалық психиатриядағы кӛптеген маңызды 
мәселелерді шешті. Ғылыми жҧмыстарында эпилепсия, алкоголизм және 
психикалық аурулардың фармакотерапиясы бойынша зерттеулер кӛрнекті 
орын алады. Институт аурухана және ауруханадан тыс психиатриялық 
мекемелелер қызметінің ғылыми - практикалық басқарылуын дамытты.
1944 жылы КСРО МҒА психиатрия институты қҧрылды. Оның 
жетекшісі болып В.А. Гиляровский тағайындалды. Институт психиатрия 
тәжірбиесі мен теориясының тҥйінді мәселелерімен айналысты. 1982 жылы 
бҧл институт іргесінде КСРО МҒА психикалық денсаулық ғылыми орталығы 
ашылды. Орталықтың негізгі мәселесі шизофрения болды. Психикалық 
денсаулық орталығы психиатрияның негізгі ғылыми мекемесі болып 
саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет