3 тарау
ПСИХИАТРИЯЛЫҚ КӚМЕКТІҢ ЖӘНЕ ПСИХИАТРИЯНЫ
ОҚЫТУДЫҢ
ДАМУЫ
~ 25 ~
ҚЫСҚА ТАРИХИ МАҒЛҦМАТ
Жан ауруларына алғашқы тҥсініктер беру әдетте Гиппократ есімімен
байланысты. Оның берген тҥсініктемелері қарапайым материалистік сипатта
болды. Атақты ежелгі грек дәрігері былай деп санады, адам денесіндегі
барлық аурулар, басты тӛрт сҧйықтың: қанның, сілекейдің, қара және сары
ӛттің тепе-теңдігінің ауытқуынан болады. Гипократ еңбектерінен жан
ауруларының тҧқым қуалап берілуі туралы мағлҧматттарды табуға болады.
Адамның психикалық қызметінің нормасы және патологиясын
анықтауға бақытталған әрекеттерді философтардың еңбектерінен де кӛруге
болады.
Платон, адамның барлық психикалық қызметі адамның басында
болады деп тҧжырымдады. Аристотель «О памяти и воспоминаниях»
кітабында мынадай жағдайларды баяндады: Адамдар жалған бейнелерді
«шындық ретінде қабылдады», дертті қорқыныштар жағдайларын
«патологиялық адамжегіштікке» санады. Келесі ғасырлар жан аурулары
туралы ешқандай жаңалықтар әкелмеді. Тек 300 жылдан кейін рим азаматы
Авл Корнелий Цельс психикалық аурулар жӛнінде қысқаша, жҥйелі ілім
ашты. Цельс дәрігер де, философ та болған емес, ол тек ӛзінің ӛмір сҥру
кезеңінде барлық бағытта барынша толық энциклопедияны жасауымен
белгілі болды. Медицина бӛлімінде Цельс психикалық ауытқулар
классификациясын жҥргізді. Ақылдан адасу 3 тҥрге бӛлінді: френит-
психикалық жеңіл қозудан бастап кҥшті тітіркенгіштік жағдайына жететін
жедел басталатын қызба; меланхолия – жай басталатын бірінші жағдаймен
салыстырғанда ҧзақ жҥретін, қайғымен кӛрінетін және қара ӛттің жайылуына
байланысты туындайтын жағдай; бҧл жағдайда адамды ақыл ойы мен
қабылдау сезімі алдайды.
Цельс бҧл ауруларды емдеу жӛнінде қҧстыратын дәрілер, аштық,
ауруды ҧрып соғуды, байлауда ҧстауды ҧсынды. Рим империясының кҥйреуі
және феодализмнің дамуы кезінде ғылым мент философияның дамуы ӛте
баяулап қалды, тіпті тоқтап қалды. Ғылымда дін мен сенімнің ықпалы
ауқымды болды және психиатрия да оның ықпалынан тыс қалмады.
Егер орта ғасырлар психиатрияның салыстырмалы тҥрде дамуымен
бейнеленсе, ал XIV ғасырдың аяғынан бастап, XVII ғасырдың басына дейін
діннің кҥшіне енген қатыгездік кезеңі болды.
Ҧлы географиялық ашылулар кезеңі басталғаннан кейін шіркеудің
беделі бірден тӛмендеп кетті. Психиатриялық кӛмек алғашта психикалық
ауруларды қоғамнан бӛлектеумен ғана шектелді. XVIII ғасырда психикалық
ауруларға арналған мемлекеттік пансионат қҧрылды. Пансионаттарды
аурухана деп атауға болмайтын еді. Ол ӛте қатаң, тіпті тҥрме тәртібін
сақтаған ерекше орын еді. Науқастар ешқандай ем қабылдаған жоқ, нашар
тамақ берілді, лас және салқын жерде отырды, оның ҥстіне
бақылаушылардан жҥйелі тҥрде таяқ жеп отырды. Психиатрия ғылым
ретінде дамығанымен, іс жҥзінде жаны кҥйзелгендерге ешқандай кӛмек
~ 26 ~
кӛрсетілген жоқ. Кейбір дәрігерлер мен оқымыстылардың психикалық
ауруларға
арналған
пансионаттардағы
патшалық
қҧрған
тәртіпті
әшкерелегенімен ҧлы француз кӛтерілісіне дейін іс жҥзінде жағдай ӛзгерген
жоқ.
Францияның бірінші ҥкіметінің нҧсқауымен 1891 жылы психикалық
аурулармен айналысатын комиссия қҧрылды. 1792 жылы комиссияның
рекомендациясымен Бисетр ауруханасына (сол кезеңдегі Франциядағы аса ірі
ерлерге арналған психиатриялық аурухана) бас дәрігер болып Филипп
Пинель тағайындалды. Бисетрде Пинель жаны кҥйзелгендерге тҧтқындар
есебінде емес емдеу орнының пациенттері ретінде қарауға тырысты. Оның
бҧйрығымен
әуелі
Бисетрде,
артынан
Сальпетриерде
(әйелдер
психиатриялық ауруханасы) аурулардан шынжыр алынып тасталды. Пинель
жаны ауыратындарды емдеудің тҧтас методикасын жасап шығарды. Осы
методикалар және басқа да медицинаның теориялық сҧрақтары Пинельдің
атақты «жан дерті жӛніндегі трактат» деген кітабында жарық кӛрді.
Англияда жаны ауыратындардың жағдайында айтарлықтай ӛзгерістер
XIX ғасырдың 40-50 жылдарында ғана болды. Аурулар жағдайының
жақсаруының инициаторы Джон Конолли болды және кей тҧстарда ол
Пинельден де асып тҥсті. Пиннель бҧғауды алып тастады, бірақ кӛнбіс
кӛйлектерді (смирительные рубашки) қалдырды, ал Конолли оларды
доғарды, ешқандай ығыстырмау принципін қойды.
Психиатрияны оқыту мәселесі медицинаның басқа пәндерімен
салыстарғанда ҥлкен кідіріспен шешілді. Психиатрияның университеттерде
міндетті пән ретінде оқытылуына қол жеткізуге бір ғасырға жуық уақыт
кетті. Психиатрияны міндетті пән ретінде елемей келген бҧл ҧзақ жылдар сол
кезде психиатрияны арнайы оқыту болмады дегенді білдірмейді.
Мыстандарды аулау және оларды отқа жағумен (олардың арасында жан
дертімен ауыратындар кӛп болды) есте қалған орта ғасыр кезеңінде
дәрігерлердің психиатриямен таныс болуға мҥмкіндіктері болды. Ол кезде
Салерн мектебі (Италия) атақты болды. Салерн мектебінде психиатрияны
атақты Константин Африканский оқытты, ол «меланхолия туралы»
трактаттың авторы. Бірақ, психиатрияны оқытудың арнайы жҥйелі бастамасы
деп XVIII ғасырдың соңын айтуға болады.
Психиатрияны арнайы және жҥйелі оқытудың мҧндай алғашқы
тәжірибесі Солтҥстік Бонифация госпиталінің директоры медицина
академиясының профессоры флоренциялық Винченцо Киаруджи есімімен
байланысты. Ол ӛзінің психикалық ауруларға арналған ауруханасында
науқастарды физикалық ығыстыру тәсілін қолданбады, бҧл сол уақыттағы
прогрессивті қадам болатын. Ол психикалық аурулар туралы дәрістер оқыды
және ол дәрігерлер мен кіші және орта медицина персоналдарын оқытуға
ҥлкен кӛңіл бӛлді.
Шамамен осы кезеңге ағылшын психиатры, Глазго профессоры Уильям
Келленнің қызмет ету кезеңі сәйкес келді. Оның кӛптеген ізбасарлары болды.
Ол психиатрия оқулығын жазып шығарды. Дәрігер-психиатрларды оқытудың
~ 27 ~
аналогты мектептері Францияда ашылды. Сальпетриер психиатриялық
ауруханасының қарамағындағы мектеп Еуропада ерекше танымал болды.
Мектепті Ф.Пинель ашты. Ізінен онда оның шәкірті Ж.Эскираль жҧмыс
жасады. Оның дәрістер, науқастар демонстрациясы кӛп ҧзамай Франциядан
тыс жерлерге де кеңінен таралды және Сальпетриер ауруханасын
психиатриялық ойлаудың Еуропалық орталығына айналдырды.
Психикалық сауаттылықтың таралуында XIX ғасырдың басында
кезеңмен шыға бастаған арнайы ғылыми журналдар және оқулықтар мен
нҧсқаулардың маңызы зор болды. Олардың ішінен В. Гризингердің
психиатриялық оқулығы ерекше аталып кӛрсетіледі. Психиатриялық
тәжірибе кеңейіп, тәжірибелі мамандардың қажеттілігі ӛсті. Психиатриялық
ауруханалардың жанындағы мектептер психиатрлардың қажетті мӛлшерін
дайындауға жағдайы болмады, сол кезде психиатрияны оқытудың ескі
әдістері уақыт талабына сай емес деп танылып, оны ӛзгерту туралы мәселе
ӛткір қойылды. Сол кезеңнен психиатрия басқа медицина салаларымен бірге
университеттік қабырғаларда оқытыла бастады. Бҧл жҥйенің алғашқы
инициаторларының бірі неміс психиатры Зольбриг 1861 ж. бастап
Баварияда психиатрияның медицина курсының міндетті пәні ретінде
оқытылуына қол жеткізді. Осылайша психиатрия жоғарғы оқу орнында басқа
пәндермен қатар орын алды. Осындай жолмен психиатрия жҥз жыл ішінде
жеке психиатрлар оқытатын пән дәрежесінен медициналық оқу орнындағы
міндетті пән деңгейіне дейін кӛтерілді.
Психиатрияның дамуында Мюнхен клиникасының қосқан ҥлесі
ерекше. Мюнхен клиникасын 1903 ж. Э.Крепелин ашты. Кӛрнекті
клиницисттің арқасында клиника Эскироль заманындағы Сальпетриердегідей
ҥлкен атаққа ие болды. Мюнхен клиникасында білім жетілдіру курсы
ашылды, оған тҥсу кез келген дәрігер-психиатр ҥшін ҥлкен абырой болып
есптелді. Бҧл дипломы бар және клиникалық тәжірибесі бар мамандарға
білім берудің аса жоғарғы деңгейі болды. Бҧл курстар қазіргі кездегі дәрігер
квалификациясын жетілдіру институты сияқты еді.
Рессейдегі психиатриялық кӛмек дамуының ерте кезеңі батыс
елдерінен айрықша болды. Психикалық аурулар ереже бойынша
монастырьларда ҧсталынды. Рессейде Батыс Европадағыдай қудалау болған
жоқ. Сондықтан психиатрия тарихының кӛрнекті зерттеушісі Ю.В.Каннабах
Рессейде меланхоликтер, шизофрениктер және параноиктер қудаланбағанын,
мыстанға теңеліп отқа жағылмағанын жазды. XVIII ғасырдың басында
Рессейдің бірқатар қалаларында психиатриялық ірі ауруханалар салына
бастады. Ондай ауруханалардың бірі Мәскеулік Преображенск әйелдер
психиатриялық ауруханасы болды (1809). Бҧл ауруханалар тек психиатрия
зерттеу орталығы ғана емес, сонымен бірге болашақ психиатрларға теория
мен тәжірбиені оқыту мектебі болды.
Психиатрияны жеке университеттерде оқыту ӛткен жҥзжылдықтың 30-
40 жылдарында басталды.
~ 28 ~
Мәскеу университетінде психиатрия курсын профессор Х.Г.Бунге
оқытты, Петербург медико-хирургиялық академиясында профессор
П.А.Бутковский оқытты. П.А.Бутковский «Жан аурулары» деген бірінші
орыс оқулығының авторы болды. Дегенмен, психиатрия медицина білімінде
міндетті пән болған жоқ.
Земство реформасынан кейін психиатриялық кӛмектің дамуының жаңа
мҥмкіндіктері пайда болды. Земстволар ескі психиатриялық ауруханаларды
жӛнге келтірді және жаңаларын салды. Психиатриялық ауруханалар қаладан
тыс салынды және жер кӛлемі ҥлкен болды. Земство психиатрлары
П.И.Якоби, В.И.Яковенко, П.П.Кащенко т.б. психиатриялық кӛмектің
дамуына кӛп ҥлес қосты.
С.С.Корсаков психикалық ауруларды тәрбиелеуде және оларға рухани
жақындауды тәжірбиеге енгізуде ҥлкен роль атқарды. Психиатриялық
ауруханалар жетіспеді. Сонымен қатар, психиатриялық койкалар ретсіз
бӛлінді. Ресейдің Европалық бӛлігінің ірі қалалары психиатриялық
койкалармен жақсы жабдықталды, ал орта Азия, Сібір, Закавказье
аудандарында психиатриялық стационарлар іс жҥзінде болған жоқ.
Психиатрияны міндетті сабақ ретінде оқыту Ресейде 1867ж басталды.
Петербургтегі әскери-медициналық академияда психикалық ауруларға
арналған клиника ашылды. Оны орыстың тҧңғыш психиатрия профессоры
И.М. Балинский басқарды. Ол клиника қабырғасында емдеу жҧмыстарымен
қатар, кең кӛлемде оқытушылық қызмет атқарды. 1871ж. И.М.Балинскийдің
орнына клиниканы 1893ж. дейін басқарған И.Г.Мержевский келді. Осы
уақыт аралығында И.Г. Мержевский 50-ге жуық дәрігер-психиатр дайындады
Олардың 11-і профессор-оқытушы дәрежесіне кӛтерілді. И.Г.Мержевскийдің
басшылығымен жиырма алты диссертация және 150 ғылыми еңбек жазылды.
Бҧл орыс психиатриясының жаңа ғана дамып келе жатқан кезі болатын.
И.Г.Мержевскийдің клиникасы сол кезде орыс ғылымының және
тәжірбиесінің негізгі қайнар кӛзі болатын. М.Г.Мержевский ӛлімінен кейін
кафедраны В.М.Бехтерев басқарды. Ол неврология мен психиатрияның
дамуына және ӛзінің объективті психология жасау туралы идеясының іске
асуында ғылыми тҧрғыдан да ҧйымдастыру тарапынан да кӛп еңбек сіңірді.
Обьективті психология кейін рефлексология деген атақ алды. Оның орнын
ӛзінің шәкірті В.Л.Осипов басты. Ол клиникалық психиатрияны қҧруға ҥлкен
ҥлес қосты.
XIX ғасырдың аяғы отандық психиатрияның қарқынды дамуымен
ерекшеленді. Қазан университетінде психиатрияны оқыту 1866 жылы ақ
басталған болатын. 1885 жылы В.М.Бехтерев психиатрия профессоры болып
тағайындалды.
Мәскеу университетінің медицина факультетінің жеке патология және
терапия курсынан, психиатрия мен невропатология бӛлініп шықты, және
оларды оқыту профессор А.Я.Кожевниковке тапсырылды. Ол соңынан
Мәскеулік неврология мектебінің негізін салушы даңқына ие болды. Бірақ
психиатрияны оқытудың қиындықтары да болды. Университетте
~ 29 ~
психиатриялық клиника болған жоқ, сондықтан да психикалық ауруларды
клиникалық демонстрациялау сирек болатын. Психиатриялық клиника
ашылды. Психиатрия кафедрасын және клиникасын басқару С.С.Корсаковқа
тапсырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |