Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет13/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

БИОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР 
Психикалық бҧзылыстарды бас миының ерекше функцияналды 
жағдайымен 
тҥсіндіруге 
талпынысты 
ежелгі 
дәрігерлер 
мен 
философтардың еңбектерінен табуға болады. Психикалық саулық және 
психикалық бҧзылыстар кезіндегі жҥйке жҥйесі жағдайын арнайы 
сипаттау, сонымен қатар оларды емдеу рекомендациялары алғаш Гален 
еңбектерінде кездесті. Ол адам мҥшелерінің ішінде негізгі рӛлді жҥйке 
жҥйесіне берді. Мания мен естен адасу тәрізді дерттерді мида болатын 
ерекше 
қозу 
жағдайымен 
тҥсіндіріп, 
соған 
сәйкес 
емдеу 
рекомендациясын ҧсынды.
Англия нейрофизиологы Дж.Джексонның психиатриядағы еңбегі 
белгілі бір қызығушылық тудырды. Ол ОЖЖ-гі қҧрылымдық-
функциональды қатынастардың ерекшеліктері жӛнінде концепцияны 
дамытты. Джексон, ОЖЖ дамуы оның қҧрылымы мен функцияларының 
кҥрделенуімен және мидың кӛне қҧрылымдарын неғҧрлым жаңа 
қҧрылған қҧрылымдардың басқаруымен кӛрінеді деп сипаттады. ОЖЖ 


~ 20 ~ 
зақымданғанда кӛбіне жоғары қҧрылымды, жас структуралар зардап 
шегеді, осылайша кӛне қҧрылым оның бақылауынан ажырайды. Ол 
ӛзінің «шатасу факторлары жӛнінде» деген бір еңбегінде психикалық 
бҧзылыстар дәрежесі жоғарғы ми орталығы диссоциациясының 
тереңдігіне сәйкес келуін сипаттап берді. Ол шатасудың позитивті және 
негативті симптомдарын ажыратып кӛрсетті. Негативті симптом деп- 
қҧрылымның ыдырауы және қандай-да бір функциясының жоғалуын 
айтты, ал позитивті деп- сақталып қалған нейрофункционалды 
деңгейлердің белсенділігін айтты. М
ҧнда иллюзия, сандырақ, жҥріс-тҧрыс 
бҧзылысы және кейбір эмоциональды кҥйлер жатқызылды. Дж.Джексон 
диссолюция мен функциялар автоматизациясы тҥсініктерін синонимдер 
ретінде қолданды. Осыған байланысты шатасу жағдайында сана 
субъективтілігі кҥшейеді деді. Дж.Джексонның концепциясына сәйкес 
физикалық және психикалық процестер параллельді жҥреді және бір-бірінен 
толық изоляцияланған кҥйде қалады. Философиялық-методологиялық 
тараптан қарастырғанда ол дуалистік позицияны ҧстанды. Оның негативті 
және позитивті немесе продуктивті психикалық бҧзылыстар және 
психикалық бҧзылыс дәрежесі жӛніндегі идеясы қолданысын тапты және 
клиникалық психиатрияда дами тҥсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет