Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


ЕРТЕ БАЛАЛЫҚ ШАҚ ЖӘНЕ ПСИХОГИГИЕНА МӘСЕЛЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет21/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

 
ЕРТЕ БАЛАЛЫҚ ШАҚ ЖӘНЕ ПСИХОГИГИЕНА МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Бала ӛмірге инстинкттердің нақты бір жиынтығымен және аштық, ауру 
сезімі және т.б. тәрізді негізгі тітіркендіргіштерге шартсыз рефлекторлы 
реакциялармен келеді. Осы реакциялардың әсерінен адамның барлық 
психикалық іс - әрекетінің негізгі шартты рефлексі пайда болады. Баланың 3 
– 4 айынан бастап барлық сезім мҥшелері толық қызмет ете бастайды, 
анализаторлардың тітіркенуіне бҧрын бағытталмаған әрекеттері бағытталған 
әрекеттерге ауысады. Соңғы уақытта бала психикасының дамуы ҥшін 
нәрестенің анасымен тығыз қарым-қатынасының рӛліне кӛп кӛңіл бӛлінуде. 
Анасы тек сҥтімен ғана емес, ӛмірге қажетті тітіркендіргіштердің негізі 
болып табылады. 
Осы жҥз жылдықтың басында америкалық балалар ҥйіндегі емшектегі
балалардың 100 пайыздық ӛлім жағдайы назар аудартты. Анасынан 
изоляцияланған балалар апатия кҥйінде болған, тамақ жемей арықтап, 
ҧйықтай алмай, әлсіреген. Аналарына қосылған соң балалардың жағдайы 
жақсарған. Анасымен контакттың болмауы бала ӛмірінің алғашқы кҥндеріне, 
айларына немесе жылдарына сәйкес келсе бала психикасында терең із 
қалыратындығы байқалған. Осындай балалар есейгенде қамқорлық, 
сҥйіспеншілік жағдайында ӛмір сҥргеннің ӛзінде психикалық инфантилизм, 
агрессивтілік, импульсивтілік, инициативтіліктің жетіспеуі белгілері 
байқалған және олардың адамдармен қарым – қатынасы нашарлаған. Осыған 
ҧқсас ӛзгерістер анасынан айырылған маймылдардың балаларында да 
байқалған. Осындай жағдайда ӛскен ҧрғашы маймылдарда аналық сезімі 
байқалмаған, олар балаларына агрессия кӛрсетіп, қинап ӛлтіруге дейін 
барған. 
Жануарларға жасалған осы және басқа эксперименттерде, балалардың 
ӛсіп-дамуын бақылау, ересек кездегі мінез – қҧлық, бір тҥрдің ӛкілдерінің 
(особь) қарым – қатынасы, адамдардағы жанҧялық қарым - қатынастың 
ерекшеліктері ӛте ерте, туыла салысымен қабылданатыны анықталған. Осы 
процестің орта буыны баланың махаббат сезімі, анасына ҥйреншіктілік сезімі 
болып табылады. Егер бҧл буын бҧзылса, онда баланың психикалық дамуы 
бҧрмаланады. 
Балалардың әртҥрлі дағдыны игеруі психиканың дамуына ықпал етеді. 
Баланың басты ҧстау дағдысын игеруі мидың қабылдау кеңістігін ҧлғайтады, 
ӛзі отыруды ҥйрену қолдардың қызметін дамытады. Бала ӛмірінің бірінші 
жылында горизонтальды жағдайдан вертикальды жағдайға ауысуы қолмен 
қол арқылы іске асады, заттардың мәнісін жақсы тҥсінуге кӛмектеседі. 


~ 40 ~ 
Екінші жылы бала сӛйлейді, фразалық сӛйлеуді ҥйренеді жаратылыс және 
ӛзінің тіршілік ету логикасын тҥсінуге мҥмкіндік пайда болады. 
Балалар дағдыларды және сӛйлеуді игергенде (тамақ жегенде, ӛзін-
қамтамасыз етуі) айналасындағы адамдарға еліктеудің маңызы зор. 
Еліктеудің арқасында балалар заттарды ҧстап ҥйренеді, басқа адамдардың 
мінезін ҧғады. Мысалы, балалар бақшасында, бастауыш сыныптарда тҧтығу 
жағдайы бақыланса бірден бірнеше жағдай бақыланады. Зерттеу нәтижесінде 
шынайы тҧтығу тек бір балда ғана екені анықталады, ал қалғандарында сол 
балаға еліктеу арқылы пайда болады. Балалардың мінезі ӛзін тәрбиелеген 
ортасына байланысты болады. 
Сонымен баланың алғашқы ҥш жылында психика, әлемді танудың 
психикалық 
формасы 
дифференцирленбеген, 
бағытталмаған 
тітіркендіргіштерге 
моторлы 
жауап 
беру 
/I 
этап/ 
жолынан, 
тітіркендіргіштерге кҥрделі сенсорлы жауап беру /II этап/ жолына ӛтеді, бҧл 
барлық психикалық функцияның эволюциясының негізі болып табылады 
(қоршаған ортамен мақсатты, белсенді қарым – қатынас). Кҥрделі 
сенсомоторлы дифференцация есте сақтау процесінің дамуының негізі болып 
табылады - /III этап/. ІV-ші сенсомоторлы этапта баланың сӛйлеу қабілетінің 
дамуына байланысты тҥсініктер мен ой қорытындылау мҥмкіндігі пайда 
болады. Ҥш жастан бастап бала барлығын ӛзі жасауға ҧмтыла бастайды. 
Ҥлкендердің айтқаны ҧнамаса кері жауап береді. Баланың белсенділігін 
шектеу арқылы ересектер оның дамуына кедергі жасайды. Соның әсерінен 
баланың белсенділігі тӛмендеп, бір әрекет жасар алдында қорқақтап, қимылы 
пассивті болады. 
Балалардың ҥлкендермен белсенді қатынаста болуы, қызығушылығы, 
қозғалмалылығы бала психикасының дамуын кҥшейтіп, шығармашылық, 
қиялдау қабілетін кҥшейтеді. 4 – 6 жастан бастап бала ӛзінің эмоциялық 
реакцияларымен кӛзге кӛрінеді. Баланың эмоциянальды ҧстамсыздығына 
ҥлкендердің тӛзімді тҥзетуі қажет. Баланы ҥнемі тиым салу жағдайында
ҧстау балада тҧрақты қарсылық реакциясын, негативизм туындатады. 
Балаларды тәрбиелеуде олардың тежеу реакцияларын жаттықтыру 
керек. Егер жанҧяда ҥлкендер баланы ҥнемі ренжітсе, онда баланың тежелу 
реакциялары дҧрыс қалыптаспайды. Балалар тез қажып, қырсық болады, 
ӛзіне және қоршаған ортасына кӛп қиыншылық тудырады. 6 – 7 жастан 
бастап бала ӛзінің кейбір реакцияларын тежеп, ҧстамдылыққа ҥйренеді. Осы 
кезде баланың ӛзіндік санасы дамып ҥлгеріп, ол ӛзін қоршаған ортадан жеке 
бӛліп, қоршаған ортаға қарсы тҧра алады. Іс - әрекетті ойланып жасайды. 
Психикалық дамудың осы деңгейі баланы арнайы программамен жҥйелі 
оқытуға мҥмкіндік береді. 
Осылайша, кіші жастағы балалар психогигиенасының негізі олардың 
жасқа байланысты патофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып
ҧйымдастырылған дҧрыс тәрбиеболып табылады. Балаға қоршаған ортаның 
барлығы оптимальды әсер етуі керек. Сыртқы кӛрініс, ҥлкендердің тәртібі, 
балалар ортасындағы ойыншықтар, ҥйдегі заттар, киімдер, табиғат, 


~ 41 ~ 
кҥнделікті режим. Акцент ата – анасының психогигиеналық білім деңгейін 
жоғарылатуға бағытталуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет