~ 17 ~
ерекшеліктері анықталды, осылайша жалпы психиатрияның жаңа бӛлімі-
балалар психиатриясы туындады (Г.Е.Сухарев, Т.Г.Симсон, Н.Н.Озерецкий).
Ескерте кететін жағдай, клиникалық психиатрияның теориялық және
тәжірибелік мәселелерін қарастыруда кеңес психиатрлары тек клиникалық
әдістермен шектелмеді. Сонымен бірге психикалық патологияны зерттеуде,
клиникалық зерттеулер ӛзге әдістемелік тәсілдермен бірге қолданылды, бҧл
жаңа
жетістіктерге
қол
жеткізді.
Соның
ішінде
науқастардағы
психопатологиялық кӛріністерге нейротропты заттардың әсерін бағалау
мақсатындағы Е.А.Поповтың зерттеулері маңызды орын алды. Бҧл зерттеу
нәтижелері психотропты дәрілердің психикалық аурулардың клиникасында
қолданылуына жол ашып берді. О.В.Кербиков психикалық аурулардың әр
тҥрлі қҧрылымын (синдромдар деңгейінде) математикалық моделдеуге
әрекет жасады. Кеңес психиатрлары клиникалық психиатрияның мәселелерін
нозологиялық принципке негізделіп қарастырды, олар психиатрияда жеке,
бӛлек аурулардың болатынын сенімді айтты. Сонымен қатар, заманауи
психиатрияда отандық психиатрияның негізін салушы С.С.Корсаковпен
ҧсынылған аурудың динамикасы жӛніндегі идея жалғасын тапты.
Психикалық ауруларды зерттеудегі динамикалық кӛзқарас психикалық
аурулардың даму ҥрдісінде анықталған синдромдардың кең спектрін
суреттеуге мҥмкіндік берді. Осының негізінде симптоматикасының айқын
бейнеленуімен синдромдардың глоссарийі қҧрылды.
Достарыңызбен бөлісу: