~ 5 ~
дәрігер аурухана және ауруханадан тыс жағдайда да психикалық науқастарға
кӛмек кӛрсетуге мәжбҥр болады. Есте сақтайтын жағдай, психикалық
науқастардың аз бӛлігі ғана еңбекке қабілетін тҧрақты
жоғалтқан, қалған
бӛлігі жалпы ӛндірістік жағдайда жҧмыс жасайды. Бҧндай науқастар әртҥрлі
ӛндірісте жҧмыс атқаратын дәрігер-профпатологтардың ерекше кӛңіл бӛлуін
қажет етеді. Профилактикалық шаралар және арнайы ем осы кәсіпте жҧмыс
атқаратын жҧмысшаларға кәсіби зияндылықтардың психикаға әсерін ескере
отырып жҥргізілуі қажет. Сондықтан да, бҧл жерде психиатриялық білім
дәрігердің адам патологиясы жӛніндегі ілімін кеңейтеді және оның қажетті,
біріншілік мамандандырылмаған дәрігерлік кӛмек кӛрсетуіне
септігін
тигізеді. Бҧл студенттерге психиатрияны оқытудың маңызды міндеттерінің
бірі.
Келесі маңызды міндеттердің бірі - психикалық және соматикалық
бҧзылыстарды біріктіріп кешенді баға бере
білетін болашақ мамандарды
даярлау.
Бҧл проблема барлық медицина мамандықтарының ӛкілдеріне қатысты
және дәрігер ҥшін келесі мәселелерді қамтиды: әртҥрлі аурулардың
(психикалық емес) пайда болуындағы психологиялық факторлардың рӛлі,
сонымен қатар соматикалық патологияның қай тҥріне де бейімділігіндегі,
аурудың жеке басының психологиялық ерекшеліктерінің маңыздылығы.
Психиатриялық
біліктілік
әртҥрлі
аурулардың
дамуындағы
және
болжамындағы психологиялық факторлардың рӛлін дҧрыс
бақылауға,
аурудың жеке басының психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып,
терапиялық және реабилитациялық режимін анықтауға,
аса тиімді
профилактикалық шараларды таңдауға мҥмкіндік береді.
Әртҥрлі психикалық бҧзылыстардың пайда болуымен қатар
соматикалық патологияның рӛлі жалпыға белгілі. Еліміздің психиатрлары
соматопсихиатрия бағытын жасады. Психикалық бҧзылыстардың шығу тегін
дҧрыс тҥсінбей аурудың жағдайын бағалау мҥмкін
емес және емдеу әдісі
дҧрыс таңдалмайды. Медицина практикасында психотропты дәрілер кең
қолданылады. Олардың тағайындалуы негізінен жетік білімді талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: