~ 8 ~
Медициналық реабилитация
емдеу ҥрдісі ҥстінде мҥмкіндігінше ерте
басталуы керек. Психотерапия, еңбекке баулу және ӛзге де әсер ету тҥрлері
тәрізді әдістер қолданған дҧрыс. Психикалық бҧзылыстары айқын, еңбекке
қабілетсіз ауруларға медициналық реабилитация
компенсацияға және
бҧзылған функциялардың қалпына келуіне қатысатын барлық процестерді
дамыту арқылы ісе асырылуы керек.
Елімізде аурулардың әлеуметтік-кәсіби реабилитациясы кең масштабта
жҥргізіледі: психоневрологиялық диспансерлер қарамағындағы емдік
еңбектік
шеберханаларда,
жалпы
ӛндірістік
жағдайда
және
мамандандырылған цехтарда жҥргізіледі. Аурулар реабилитациясының
практикалық шараларын жҥзеге асыруға тек бӛлімшелік психиатр ғана емес,
сонымен қатар мекеме басшылары да ат салысуылары керек.
Науқастың әлеуметтік – кәсіби бейімделуінде жанҧясы ҥлкен рӛль
атқарады. Аурудың отбасы мҥшелерімен, әсіресе ата-анасымен арақатынасы
дҧрыс болмауы ремиссия ҥзілісінің себебі болуы мҥмкін. Дәрігер ӛз кеңесі
арқылы науқас жанҧясының науқасқа деген дҧрыс кӛзқарасын
қалыптастыруы керек.
Шетелдік психиатриясы да психикалық
аурулардың реабилитациялық
шараларына ҥлкен кӛңіл бӛледі. Дегенмен негізгі акцент реабилитациялық
әсерлердің психологиялық мотивіне жасалады.
Әлеуметтік психиатрия, соның ішінде психикалық аурулардың
реабилитациясы еңбекке қабілеттілік сараптамасы сияқты маңызды
практикалық міндеттердің шешілуімен тығыз байланысты.
Психикалық аурулардың нәтижесінде дамыған мҥгедектік пайызы,
жалпы мҥгедектілікпен салыстырғанда аз, бірақ психикалық аурулар
арасындағы мҥгедектіктің басым пайызы ӛте ауыр топтағы мҥгедектер.
Психикалық аурулардың еңбекке қабілеттілігіне баға беру қиын және
жауапты міндет. Дәрігер науқастың дертіне медициналық дҧрыс баға беріп
ғана қоймай, оның еңбекке қабілеттілігінің дәрежесін анықтауға, және
сонымен бірге қандай жағдайда еңбек ете алатынын анықтауға міндетті.
Психикалық науқастардың еңбекке қабілеттілігін
анықтау мәселесін
шешуге ҥлкен ҥлес қосқандар кеңес психиатрлары Т. А. Гейер және Б. Е.
Мелехов. дерттің болжамын, емнің тиімділігін ескере отырып аурулардың
еңбекпен қамтамасыздандырылуының маңыздылығын қарастыру еңбектік
сараптама ҥшін маңызды болып табылатын сенімді критериялар жасап
шығаруға ықпал етті. Сарапшылар алдында ауруладың еңбекке қабілетілігіне
баға беру кезінде олардың еңбекке қабілетсіздігінің ҧзақтығы туралы сҧрақ
туады. Егер аурудың еңбекке
қабілетсіздігі уақытша болса, оған басқа
аурулар кезіндегідей ауруханалық анықтама қағазын береді. Аурухана
қағазын психикалық ауруларға бергенде оның мерзімі, аурудың еңбекке
уақытша қабілетсіздігінің ҧзақтығының жалпы ережелерімен анықталады.
Бірақ негізгі мерзімі 4 ай. Дегенмен бҧл міндетті емес.
~ 9 ~
Мҥгедектіктің алдын алу шарасының бірі созылмалы ҧстамалармен
ауруларды 4 ай ӛтсе де мҥгедектікке кӛшірместен
активті емдеу болып
табылады.
Кей кезде толық емдеу ҥшін ауруханалық қағазын 2-3 айға созады.
Сарапшыға аурудың еңбекке қабілеттілігі туралы сҧрақты шешу ҥшін
науқастың әлеуметтік-еңбектік тәртібі жайында мәліметтер керек және
сараптау кезінде оның клиникалық жағдайына дҧрыс баға беру керек. Мҧның
бәрі дҧрыс сараптамалық қортынды жасауға мҥмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: