~ 6 ~
жиналады, олар, арнайы зерттеулердің мәліметтері, ауру тарихынан алынған
кӛшірмелер, науқастың ауызша немесе жазбаша берген мәліметтері.
Науқастың кҥйін және оның дертін болжамын бағалауда, нақты бір
психикалық аурудың клиникалық кӛрінісіне тән жалпы заңдылықтарын
ескеру қажет. Бҧл заңдылықтар психикалық бҧзылыстардың белгілі бір
сатыларында кӛрінеді және бҧзылыс сипаты ОЖЖ қызметінің бҧзылуының
тереңдігін кӛрсетеді.
Сонымен бірге зерттеудің басқа әдістері де қолданылады:
психологиялық,
соматикалық
кҥйіне
баға
беру,
неврологиялық,
электроэнцефалографиялық,
биохимиялық,
серологиялық
және
т.б.
Психологиялық зерттеулер
эксперименттік жағдайда әртҥрлі тесттер, әдістер
қолданып, науқастың танымдық қызметінің ерекшеліктері мен оның бҧзылу
дәрежесін,
есте сақтау қабілетін, қабылдау мен ӛзге де психикалық
функциялардың бҧзылыстары мен ерекшеліктерін диагностикалауға
мҥмкіндік береді.
Кӛп ауруладың себебі әлі анықталмаған, ал жеке психикалық
аурулардың клиникалық кӛрінісінде ҧқсастықтар кӛп,
сондықтан
неврологиялық және соматикалық бҧзылыстардың болуы немесе болмауы
жиі аурудың диагнозын қоюда едәуір кӛмегін тигізеді.
Электроэнцефалография
арқылы
ОЖЖ-ң
органикалық
патологиясының белгілерін анықтауға болады. Басқа
лабораториялық
тексерулер
(биохимиялық, серологиялық, рентгенологиялық) соматикалық
патология бар-жоғын анықтау ҥшін және терапияның басқа тҥрінің
қажет
немесе қажет еместігін анықтау мақсатында жҥргізіледі.
Соңғы жылдары психиатрия саласында
эпидемиялогиялық тексеру
кең
кӛлем алды. Бҧл зерттеулер актуальді мәселелердің кӛлемді шеңберін
шешуге бағытталған.
Ерте кезеңде «эпидемия» термині кең мағынада қолданылған және толықтай
инфекцияға ғана қатысты дамыған ауруларға байланысты болмаған. «Эпидемия» термині
алғаш рет Гиппократтың шығармасында қолданылған және адамдардың басым кӛпшілігін
зақымдайтын, белгілі бір аумақта кенеттен пайда болатын дертті қарастырған. Соғыстың
бейнелі тҥрде медициналық анықтамасын Н.И.Пирогов ҧсынды, оны ол «жарақат
эпидемиясы» деп атады. Бҧл термин психикалық ауруларға қатысты психикалық
бҧзылыстар тҧрғындар арасында әдеттен тыс деңгейге жеткен кезде қолданылды. Ӛткен
ғасырдың екінші жартысында «Психикалық эпидемия», «ақыл-ес эпидемиясы» жӛнінде
жазыла бастады (Реньяр П., 1889).
«Эпидемия» және «эндемия» терминдерін психикалық аурулардың таралу
дәрежесін сипаттауда қолдану ӛткен жҥз жылдықтың
аяғында ағылшынның
медикопсихологиялық сӛздіктерінде кӛрініс тапты.
«Эпидемология» термині кӛлемді мағына алуда. Қатерлі ісіктер, жҥрек-
қан тамыр жҥйесі, психикалық аурулар және т.б. аурулар эпидемиялогиясы
ресми тҥрде мақҧлданды.
Тиімді психиатриялық кӛмек ҧйымдастыру ҥшін тҧрғындар арасында
психикалық аурулардың таралуы жӛнінде мағлҧмат алудың маңыздылығы
мен қажеттілігі бҥкіл психиатрлармен психиатрияның ерте даму сатысының
ӛзінде айтылған (Якоби П.И. 1891, Корсаков С.С, 1901, т.б.).
~ 7 ~
Эпидемиологиялық тексерудің негізгі аспектісі – дертті ҥрдістің пайда
болуындағы әртҥрлі факторлардың рӛлін және ағымының ерекшеліктерін
зерттеу болып табылады. Бҧл факторларды
анықтау психикалық аурудың
этиологиясы мен патогенезінің сҧрақтарын ӛңдеуге кӛмектеседі. Сол
себептен психикалық ауруларды оқу және психикалық аурулардың
жағдайына баға беру әртҥрлі әдістер кӛмегімен жҥргізіледі. Осы
тексерулердің нәтижесін тҥсіндіруде соңғы жетістіктер ғылымның әр
саласындағы жетістіктер қолданылады.
Психикалық бҧзылыстардың болмысын зерттеу кҥрделі мәселенің бірі.
Соңғы жылдары психикалық аурудың биологиялық негізін зерттеу
психикалық бҧзылыстардың патогенезінің механизмін анықтауда ҥлкен
жетістікке жеткізді. Бірақ, мәселе толығынан шешілмеген болып есептеледі.
Бҧл тек этиологиясы белгілі емес ауруларға ғана қатысты емес,
тіпті
этиологиясы белгілі психикалық ауруларға да қатысты. Соңғы жағдайда
жауабы белгісіз сҧрақ туындайды: этиологиялық фактор болып табылатын
біртекті зияндылық (мысалы, инфекция, токсикалық зиянды зат) кейбір
адамдарда
психикалық
бҧзылыстар
шақырады,
ал
екіншілерінде
шақырмайды. Кӛптеген шет ел психиатрлары психикалық бҧзылыстардың
этиологиясы мен патогенезі жӛнінде нақты
мәлімет болмағандықтан
психиатрияда нозологиялық приципті қолдану мҥмкін емес деген кӛзқараста,
және психикалық аурулар ӛмірдің қиын жағдайларына тҧлғаның бейімделу
формасының тҥрлері деп сендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: