Е. С. Адаева прозалық МӘтінді



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата23.12.2023
өлшемі7,16 Mb.
#198794
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
КОРКЕМ ШЫГАРМА

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Көркем шығармадағы мінез бен жағдайдың байланысу типтерін 
түсін діріңіз.
2. «Менің атым Қожа» повесіндегі кейіпкер психологиясын ашудағы 
жазушы шеберлігіне талдау жасаңыз.
3. Әлемдік әдебиет пен қазақ прозасының көрнекті өкілдерінің туынды-
ларымен Б.Соқпақбаев шығармаларын салыстырыңыз.
4. «Менің атым Қожа» повесіндегі монолог құрылымы.
5. Көркем шығармадағы диалогтың көркемдік қызметі.
Әдебиеттер
1. Дәстүр және жаңашылдық. – Алматы: Қазақ ССР-інің Ғылым баспа-
сы. 1980. – 179 б.
2. Горбунова Е. Идеи. Конфликты. Характеры. – Москва: Советский 
писатель, 1960. –145 с.
3. Әуезов М. Анкетаға жауап. //Жұлдыз, 1991, №10, 129 б.
4. Соқпақбаев Б. Менін атым Қожа. – Астана: Елорда, 1999. – 466 б. 
5. Русские писатели о литературном труде. – Л., 1955, – 360 с.
6. Жирмунский В. Теория литературы. Поэтика. Стилистика. – 
Ленинград: Наука, 1977. – 407 с.
7. Қаупынбайұлы Т. Бердібек биігі //Ауыл, 1994, 21-27 қаңтар.
8. Соқпақбаев Б. Жазушы да құрылысшы іспеттес. //Қазақ әдебиеті, 
1978, 1 сентябрь.
9. Майтанов Б. Қаһарманның рухани әлемі. – Алматы: Жазушы, 1987. 
– 290 б.
10. Ержанова Г. Қазіргі қазақ повестеріндегі психологизм мәселелері. 
Филол. ғыл. кан. ғыл. дәр. алу үшін дайындалған дис. авторефераты. – 
Алматы, 1999.
11. Ахтанов Т. «Бердібек биігі». //Ауыл, 1994, 21-27 каңтар.
12. Майтанов Б. Сөз сыны. – Алматы: Ғылым, 2002. – 215 б.
13. Томашевский В. Теория литературы. Поэтика. – М., 1997. – 236 с.


82
4-тақырып
БОЛМЫС ЖӘНЕ ОНЫҢ ПРОЗАЛЫҚ МӘТІНДЕГІ 
БЕЙНЕЛЕНУІ
• «Балалық шаққа саяхат» повесіндегі өмір шындығы және 
көркемдік шешім 
• Прозалық мәтіндегі тұлға және түптұлға мәселесі
• Прозалық мәтіндегі юмор табиғаты
Өнер адамы өзінің балалық шағынан нәр алады. Өмір бойы 
сол қыр астында қалған жастықтың жасыл белесінен келісті сурет, 
көркем бояу тауып, соны қайыра көз алдына елестетіп, жаны 
байып, жаңғырып отырады. Б.Соқпақбаев та өзінің балалық, 
жастық шағынан мол қазына жинаған. Сол қазынаның келісті 
көрінісін «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді» 
туындыларынан көруге болады.
Жоқтан бардың пайда болмайтыны сияқты, көркем шығар-
маның тақырыбы мен идеясы өзінен-өзі келе қалмасы анық. Бұл 
бір кезде жазушыны толғантып, толқытқан әлеуметтік, не бол-
маса өмірден көрген оқиғаның арада біраз уақыт өткенде, жаңа 
мазмұнмен, мол тәжірибелермен толығып барып суреткердің 
санасында қайта жаңғырады. Яғни жазушыға қоғамдық өмір, сол 
қоғамдық өмірдің ыстық-суығын көрген өз тәжірибесі көркем 
шығарма тудыруы мүмкін. Бұл хақында академик Р.Нұрғали: 
«Жазушының объектіге келуі оның өмірлік жолымен, өз 
пешенесіне жазылған тағдырымен сабақтас», – дейді/1,144/.
Өткен оқиғаларды әңгімелейтін шығарманың құндылығы 
да, өміршеңдігі де тарихи шындықтан, тарихи оқиғалардан 
алшақ кетпеуінде десек, Б.Соқпақбаев та өзі өмір сүрген дәуірді 
шыншыл суреттеп, бастан өткен-кеткенін ой елегінен өткізіп, 
өткен өмір сыйлаған қуанышты, қиындықтарды жазды.


83
«Балалық шаққа саяхат» повесінің жалғасы іспетті «Өлгендер 
қайтып келмейді» романы – қаламгердің өмірбаяндық шығар-
малары. Жазушы өз өмірін жазады. Бірақ бұлар өмірбаяндық 
деректеме емес, оқушыны көркемдік қуатымен ойландыра алатын 
шығармалар.
Көрнекті жазушы С.Мұқановтың: «Жазушы өз заманының 
көзі мен құлағы ғана емес, сонымен бірге оның ары мен иманы 
да. Сондықтан ол өзінің өмірден көзімен көргендері мен 
құлағымен естігендерін ақ қағазға мықшыңдап көшіре бермейді, 
ең әуелі сол көргендері мен естігендерінің ең мәнділерін, жүрегі 
мен рухын толғантқандарын өз ары мен иманының сүзгісінен 
өткізіп, таразысына салып, безбендейді, миы мен жүрегінің мың 
градустық домнасында балқытады»/2,194/, – деп айтуы тегін 
емес. Шын мәнінде, әдебиеттің басты мақсаты өз заманы мен 
оған сай замандастарының рухани болмысын көркем образбен 
суреттеу екені даусыз.
Соқпақбаев повестерінің ішіндегі көлемдісі де, мазмұн 
жағынан ерекше тұрғаны да – «Балалық шаққа саяхат». Бұл 
шығармасында автордың өзіндік қолтаңбасы кеңірек танылған 
деуге болады. Б.Соқпақбаевтың туындыларына тән терең 
шыншылдық, өмірдің өз өрнегін бұзбай әсерлі, жатық, әрі 
нақтылы айта білетіндік мұнда толығырақ көрінген.
Жазушы алыстан материал жинап әуре болмайды, өз басынан 
кешкендерін, көңілге тоқып, түйгендерін жазады. Қабырғасы 
қатпаған қаршадай кезінен-ақ тағдырдың сан қилы теперішіне 
төзе біледі. «Сегіз жасымда, бірінші класта оқып жүріп, шешем 
өліп, жетім қалдым. Колхоздасудың алғашқы жылдары, ең бір 
қиын кез. Содан соңғы басымнан кешкендерді ойлай бастасам, 
осы күннің өзінде жүрегім қарс айырыла жаздайды. Япырау, 
қалай тірі калдым, осы өмірге қалай жеттім? Нағыз итжандының 
өзі екенмін-ау деп таңданам. «Балалық шаққа саяхат» повесі, 
міне, осы толғаныстан туған дүние. Ондағының бәрі де шын, бәрі 
де болған», – деп тебіренеді қаламгер.
Осы ретте ұлы суреткер Ф.М.Достоевскийдің: «Менің 
өсиетімді есте сақтаңдар: ешқашан фабуланы, шиеленісті ойлап 
таппаңдар.Өмір не берсе, соны қанағат тұтыңдар. Өмір біздің 
қиялдағы ойларымыздан әлдеқайда бай! Сіздің ойдан қиыстырған 


84
қиялдарыңыздың ешқайсысы да қарапайым өмір сыйлаған 
қиялдардың тырнағына татымайды, өмірді құрметтеңдер!», – 
деген көреген пікірі еске түседі /3,367/. Шындығында, материалды 
өмірдің өзінен алу дегеніңіздің өзі де оңай шаруа емес. Көрген-
білген өмір құбылысына құл болып қалмай, оны типтендіріп
таразылап табиғи құбылысқа айналдыру кез-келген суреткерден 
айрықша шеберлікті қажет етеді.
«Суреткер – белгілі дәуір перзенті. Оның шығармашылығы 
сол өмірдің сәулесі, көрінісі. Сондықтан жазушы шығармалары 
өз дәуірінің әлеуметтік тіршілігінен, арпалысынан оқшау болуы 
мүмкін емес»/4,109/ деген белгілі қағидаға сүйенсек, Соқпақбаев 
та бұл шығармасында өз балалық шағы, өзі көрген оқиғалар 
арқылы жалпы сол тұстағы әлеуметтік кезеңді, қоғамдық өмірді 
суреттеу мәселелерін басты міндет етіп қойды. Автор бұл талабын 
сәтті орындап та шықты. Қаламгер өзінің ес біле бастаған кезінен 
жетінші класты бітіргенге дейінгі бастан кешкендерін, ойға 
түйгендерін еркін әңгімелеп шыққан.
Орыстың классикалық көркем әдебиетінде Радищевтен, 
Герценнен, әсіресе Горькийден қалған дәстүр – өз өміріне 
байланысты шығарма жазғанда алдыңғы орынға қоғам өмірін қою. 
Үстіміздегі ғасырдың елуінші жылдарының аяқ кезінен бастап, 
қазақ әдебиетінде де жаңа сипаттар, көркемдік ізденістер пайда 
болып, қазақ қаламгерлері өздері көтеріп отырған әлеуметтік 
пробеманы қоғам бейнесімен, дәуір, замана келбетімен тығыз 
байланыста қарауға тырысты. «Балалық шаққа саяхаттың» 
авторы да осы ізденістердің бастауында болды.
Қоғамдық ғылымдардың ешбір саласының адам мен қоғам, 
адам мен оның жандүниесінің араларында жүріп жататын жай 
көзге көрінбейтін байланыстарының диалектикасын дәл көркем 
әдебиетке тән нәзіктікпен, дәл соған лайық жан-жақтылықпен 
суреттеуді өз мойнына ала алмайтыны рас. Демек, белгілі бір 
қоғамдағы тарихи-әлеуметтік шындықтарды тануда көркем сөз 
өнеріне ештеңенің тең келе бермейтіні ақиқат. «Балалық шаққа 
саяхат» повесі де өз заманындағы қоғамдық шындықтың бет-
пердесін ашқан әдебиетіміздегі кесек туындылардың бірегейі 
саналады.
Ерекше атап көрсетерлік жайт – жазушының отызыншы жыл-


85
дардың бас кезіндегі ауылдағы түрлі қайшылықтарды, «тігісін 
жатқызбай» өз атымен сипаттай білгендігі. Ұжымдастыру науқа-
нының, адамға деген сенімсіздікке, жалған ғайбатшылар мен 
мансапқорлардың лаңына толы сонау бір қиын кезеңнің ауыр 
оқиғалары қазақ әдебиетінде азды-көпті әңгімеленгені мәлім. 
Мысалы, Ғ.Мүсіреповтың «Шұғыласында», «Сөз жоқ соның 
іздерінде», С.Шаймерденовтың «Мезгілінде», С.Жүнісовтың 
«Жапандағы жалғыз үй» романында, тағы басқа шығармаларда 
кінәсіз адамдардың нақақ жапа шегулері сөз болады.
Жазушы С.Шаймерденов «Мезгіл» атты повесінде 1932 
жылғы асыра сілтеу көріністерін ұнамды қаһарманның көзімен 
бағалатады, ауыл белсенділерінің мейірімсіз қаталдығын әшкере 
етеді. Жас бала Мезгілдің көзімен, сезінуімен ол қазақ жеріндегі 
отызыншы жылдардың басындағы аштық оқиғаларын көрсетіп, 
халықты сондай күйге душар еткен белсенді өкілдің бейнесін 
өткір жасайды. Қаһар Жүсіп тәрізділердің тарапынан кеткен 
асыра сілтеушіліктердің кесірінен Қойшыбайдың отбасы өмірдің 
талай тауқыметін бастан кешіреді. Отызыншы жылдардың ауыр 
шындығын қаламгер кесек-кесек, толыққанды образдармен 
елестетіп көрсетеді.
С.Жүнісовтың «Жапандағы жалғыз үй» романында да 
аталған жылдар шындығы нанымды елес береді. Мұнда болған 
оқиғаларды тың өлкесінің қадірлі еңбек адамы, колхоз құрыла 
бастағаннан қазірге дейінгі істердің жанды куәсі Григорий 
(Күргерей) қарт баяндайды. Жапандағы жалғыз үйдің құлауы, 
бір жағынан жаңарып жатқан тіршіліктің ықпалы болса, 
екінші жағынан, шаруаның жеке меншікшіл сезімінің күйреуін 
аңғартады. Коллективтендіру кезінде де солай болған. Шаруаны 
жерден айырған... Адам өмірі, олар көрген жақсылық пен 
зорлық та сабақтас. Күргерей әңгімесінен мұны анық түсінеміз. 
Романда зұлымдықтың, дүниеқоңыз сараңдықтың, өзімшіл 
жыртқыштықтың жиынтық бейнесі Қарасай образы арқылы 
көрінсе, өз уақытының шындығын мол танытатын бейне – Райхан. 
Райхан – жақсы әкенің, Сұлумұрттың мұрагері. Туған еліне астық 
молшылығын жасау үшін, ауылшаруашылық институтында 
оқып, ауылды қуандырып туған атырабына алғашқы тракторды 
әкелген қайсар қыз. Міне, осылай жақсы басталған жас өмір 


86
өзінің жарқын жалғасын таппайды. Райхан қарасайшылдық 
психологияның зардабын шегіп, отыз жетінші жылы ұсталып 
кетеді. Жазықсыз жалаға ұшыраған Райхан өмірінің трагедиясы 
да осы тұстан басталады.
Шығармада елдегі әлеуметтік өзгерістер бір отбасының 
тағдырына байланысты көрсетіледі. Осы орайда бұл романның 
Б.Соқпақбаевтың шығармасымен жақындықтары да көрініс 
береді. «Балалық шаққа саяхат» повесінде де автор бір отбасының 
тыныс-тіршілігі арқылы үлкен бір дәуірдің тұтас бейнесін көз 
алдымызға әкеледі. Біз сөз етіп кеткен «Жапандағы жалғыз 
үйдегі» қарасайшылдық, өзімшіл, тоғышарлық психология 
«Балалық шақка саяхаттағы» Жылқыбай бейнесінен де табылады. 
Осы тұрғыдан алғанда қаныпезер Жылқыбай образын сол кездегі 
өмірдің типтік шындығына сәйкес жасалған типтік образ деп 
айта аламыз. Ал, істің жаршысы, биік парасат иесі Райхан бейнесі 
Б.Соқпақбаев повесіндегі Сағатбай мұғалім, Сатылғандардың 
образдарымен астасып жатыр.
Ғ.Мүсіреповтың «Сөз жоқ, соның іздерінде» де жеке адамға 
табынушылықтың асқынған кезінде туған сорақылықтардың ізі 
көрсетілген. Кешегі адал адамдарды нақақтан кінәлаған заманда 
өмір сүрген, әңгіменің бас кейіпкерінің бірі - – Жангөбек сол 
әділетсіздіктерді көзімен көрген, басынан кешірген кісі. Суреткер 
әңгімеде жер бетін кіршіксіз тазалыққа бөлеген алғашқы қарды 
былапыттай басып, оның бетінде содырлы ізін қалдырып бара 
жатқан Айдарбектің ізін суреттеу арқылы дәуір сырын, заман ізін 
аңғартады.
Дегенмен, бұл кезеңнің көп қалтарыстары, халықтың 
ақиқат ахуалы осы кезге дейін әдебиетімізде жүйелі сөз бола 
қойған жоқ еді. Б.Соқпақбаевтың бұл повесі белгілі дәрежеде 
осы олқылықтың орнын толықтырған. Ол шығарманың басты 
кейіпкерінің көзімен сол кезеңнің тіршілік тынысын жан-жақты 
бейнелей алған. Халқымыздың тарихында өзіндік орын алатын 
жаңалығы да, ауырлығы да көп жылдардың көркемдік шындығын 
сомдай алғаны жазушының үлкен еңбегі, суреткерлік ерлігі деп 
атауға болады. Жас қаһарманның өмір түсінігі арқылы берілген 
өмір суреттері әдебиетімізді байытарлық, өз жанрында үздік 
үлгілер санатына қосыларлық қымбат ескерткіш деп танимыз.


87
Повесте қазақ ауылының коллективтендіру уақытындағы және 
отызыншы жылдардағы көрінісі терең де байыпты суреттеледі. 
Шығармада идея үшін боямаланған, қазақ өміріне қисынсыз 
келетін, ойдан құрастырылған оқиғалар кездеспейді. Бірақ 
жазушы көрген, білгенін тізбелеп те жаза бермейді. Жайма-шуақ 
юмормен құптайтынын немесе наразылығын аңғарта отырады. 
Ойымыз нақтырақ болу үшін шығармадан үзінді келтірейік:
«Жетіншіде жиырма шақты бала бармыз, мектепті түгел біті-
ріп шықтық. Картаның оң-солын айыра алмайтын Елемес те 
бітірді. Мемлекеттік комиссия осы қарқыннан тайма, бөгелме 
ғылым шыңына қарай өрлей бер деп, оған да жолдама берді», – 
дейді жазушы. Бұл отызыншы жылдардың шындығы ғой. Оқудың 
да, оқушының да сапасы осындай болғанын қаламгер жасырмай, 
астарлап әжуалайды.
Өмірдің қатпар-қатпар шындығын терең бейнелемеу – бала-
лардан шындықты жасырумен, алдаумен бірдей. Ақиқатты айта 
алма, жартымсыз шындықты малданған «епшіл, есепшіл» сөздің 
тәрбиелік те, эстетикалық та қуаты жоққа бара-бар. Балғын 
күнінен шындыққа жарымай өскен баланың есейген соң асқақ 
адамгершілік мұраттарды бірден жаңылыспай табуы, қоғамдық-
әлеуметтік жаңғыруларға қолма-қол жалындай кірісуі қиын. 
Жазушыны жалаң дидактикаға ұрындырмай, өз тұрғыластарынан 
даралаған да осы шынайылығы еді. Тағы да повеске жүгінейік:
«Кедей іздеген, кедейшілік өмірдің қандай болатынын көр-
гісі келген адам біздің үйге келсін. Ауыз үй, төр үй аталатын со-
қырдың көзіндей сығырайған бір-бір ойық терезелері бар аласа 
екі бөлмеде тұрамыз. Жер еден. Шиқылдақ тапал есік. Үйдің 
төргі бұрыштарында кәдімгі бірнеше тал көк шөп өсіп тұрады. 
Не шөп екен деп жұлып алып қарасаң, арпаның не бидайдың дәні 
болып шығады...» .
Халық өміріндегі орасан бір қасіретті кезең – 1927-1928 
жылдардағы кәмпеске елді аздырып, тоздырып, 1930-1932 
жылдардағы колхоздастыру миллиондаған қазақты аштыққа 
ұшыратты, жаппай қырды. Бұл трагедиялар көркем әдебиет 
тереңдеп бармаған, бара алмаған таза күйінде қалды. Бұған 
себеп, әрине, саясатта, идеологияда, бұлтартпайтын бұйрықта, 
салынған тиым мен өктемдікте.


88
Көркем шығарма – ақиқат өмірдің көрінісі болғандықтан, он-
да нақтылы өмірдің ізі, шындығы барынша терең көрінетіні бел-
гілі. Б.Соқпақбаевтың бұл шығармасында 1931-1932 жылдар-
дағы халықтың басынан кешкен жоқшылық, ауылдың жүдеу-
шілігі көрініс береді. Мұндай жағымсыз суреттер жасанды түрде 
ойлап табылмаған, өмірдің өзінен келіп туған. Халық аза бын 
тартқан ашаршылық пен ауыл белсенділерінің асыра сіл теген 
әпербақандығы, қоғамдағы қиғаштықтарды батыл сөз ет кен 
мақалалар, сыни пікірлер сексенінші жылдардың соңына қарай 
ғана көбірек жазылғаны шындық. Ал, енді осының бәрін Соқпақ-
баев айғайламай-ақ, ерлік жасадым деп дабыраламай-ақ «Балалық 
шаққа саяхатында» әлдеқашан айтып кеткен. Бұл повесть дәуірді, 
тарихты бала көзімен бағалау. Бектас өмірінің ащы сы мен тұщысы, 
қуанышы мен сұмдығы кезеңмен үндесіп жатыр.
Повесте жазушы суреткерлігі таңғалдырады. Шығармада 
белгілі бір тұтастық, өрбіп отыратын желі жоқ секілді. Бірде 
сауатсыздықпен күрес, бірде конфискелеу, бірде жеке тіршілік 
суреттері көрсетіледі. Бірақ повесті оқып шықаннан кейін оның 
толық үндестігін сезесің. Бастан-аяқ белгілі бір адамдар тобы-
ның бет-бейнелері сипатталып, әрі барлығы бір адамның атынан 
баяндалғанына қарамастан, бұл туынды новеллалар немесе ша-
ғын-шағын әңгімелер жиынтығынан тұратындай. Бұдан автор 
ұтылмаған, қайта әр оқиғаға әр қырынан қарап, молырақ қам-
туға мүмкіндік алған. Ат қойылған әрбір тараудың да өз компо-
зициясы сақталған. Оқиғаның басталу, даму, шарық тау шегі, 
шешілу тұстары бар. Қарап отырсаңыз, бұл жеке тарау лардағы 
оқиғалардың әрқайсысы жеке-жеке сюжеттік өріс туғызар лық. 
Бірақ жазушы негізгі нысанасынан, бас геройынан жырақтамайды.
Шығарманың өн бойында этнографиялық хал-ахуалды 
бейнелейтін эпизодтар да аз емес.
 
Повесті оқып шыққан адам 
уақыт керуенінің көшін ғана емес, Хантәңірі шыңының етегінде 
өсіп-өнген жалпақ елдің болмысынан, әдет-ғұрпынан, салт-
санасынан хабардар болады.
Повесть елу төрт тақырыпшаға бөлінген. Шағын тақы-
рыптарды таңдау процесінің өзінде жазушының талғам ше-
берлігі, өзгеге ұқсамайтын ізденіс өрнегі айқындалып тұрады. 
Әрқайсысы жеке оқиғалардан тұратын, алайда бас кейіпкер 


89
арқылы тоғысатын қысқа-қысқа құрылған шағын әңгімелер 
жиынтығы повестің тұтас сюжетінің тараушалары ретінде қызмет 
атқарады. Тақырып атауларының өзінде оқырманды қызықтыра 
жетелейтін сипат мол. Мысалы: «Тепең-тепең», «Жылқыбайдың 
сұмдығы», «Арам сорпа», «Менің ғажап пималарым», «Здрәсти, 
нәшәндік», «М.с.с», «Өлем-ау, өлем», т.б. тақырыптардың қай-
қайсысы да – оқырман көңіліне күлкі шуағы мен мұңды сипатты 
қатар ұялатар әсері мол екеніне шығарманы оқыған кім-кімнің 
де көз жеткізері анық. Бұл орайда Б.Соқпақбаевтың тарау 
аттарын таңдаған кезде, сюжет құру, оқиғаны баяндау мезетінде 
балалар табиғатын ескергендігі байқалады. Өйткені, балалар 
тек тартымды, әрі қызықты шығармаға үйір болатыны белгілі. 
Повестегі тақырыпшалардың біразы жеке-жеке жүк арқалап, 
ішкі мазмұндары бөлек-бөлек оқиғалардан тұрғанмен, сыртқы 
мазмұндары ұқсас, ыңғайлас бірнешеуін бір топқа жатқызуға 
болатын ерекшелігі де айқын көрінеді. Мысалы:
а) 1. «Менің салақ жеңгем».
2. «Менің өнерлі жеңгем».
3. «Менің кербез жеңгем».
ә) 1. «Мектеп».
2. «Концерт».
б) 1. «Майра».
2. «Жұмабай».
в) 1. «Сембай атам және біз».
2. «Бөпке әжем және біз».
3. «Рамазан және мен».
Тақырыпшалар әртүрлі болғанмен, тарауаралық байланыстар 
әдемі қиылыса өрнек тапқан. Тараушалардағы негізгі ой бағыты 
жинақтала келіп, шығарманың идеялық мақсатымен сабақтаса 
өріліп, әрбір әңгімедегі әртүрлі кейіпкерлер арқылы айқын 
көрініс тауып жатады.
Шығарма сюжеті, ондағы образдар әлемі кейбір шығар-
малардағы сияқты тек жазушы қиялынан ғана туындай салмаған. 
Жазушы шығармаға қатысты сюжеттерді тікелей өзінің басынан 
кешірген оқиғаларынан алады. Яғни, өмірлік шындықтың 
жазушы қиялы арқылы көркемдік шындыққа айналғанын көреміз. 
Туындының көркемдіктің биік тұрғысынан көрінуі де сондықтан. 


90
Шығарма сюжетінде болған оқиғалардың ізімен өрнектелген 
қуанышты сәттер де, қайғыға толы трагизмге де ұштасқан жайлар 
молынан көрініп, қаламгер өмір шындығын шынайы суретпен 
беріп отырады. Сондай сәттердің бірі – повестегі «Қаза» деген 
әңгіме.
Бектас шешесі өлім халінде жатса да, анасының маңына 
жоламай, мұңын шағуға өзен жағасына барады. Бірте-бірте 
кейіпкер бала қайғысын ұмытып, бірге оқитын Садықжанның 
үйіне ойнауға келеді. Өйткені, Бектас өлімнің не екенін түсіне 
қоймайды, шешесі бақиға кеткен соң барып, қайғыға душар 
болады. Бектас шешесінің өлетінін біледі, бала болғандықтан 
соны қызық көреді. Оны мына үзіндіден көре аламыз. «Қаншайым 
деген қыздың шешесі өліп калды... Топырдың арасымен әлгі үйге 
мен де бардым. Қаншайым қалай жылап жатыр? Не айтып жылап 
жатыр? Көрмекшімін. Ертең менің анам да өледі ғой. Сол кезде 
жылай алмасам, масқара емес пе?».
Жалпы шығармада трагедияға толы бояулар жетерлік. Бірақ 
туындыда суреттелінетін ауыр жағдайлар ащы әжуамен қабаттаса 
бейнеленіп жататындықтан оптимистік сипат басым түсіп 
отырады. Жан дүниелері оптимистік рухқа толы Соқпақбаев 
кейіпкерлері кез-келген қиындықты жеңіп отырады.
Жазушы шеберлігінің бір парасы – осы қиын кез, таршылық 
заман суреттерін тек трагедиялық емес, юморлық бояудың 
молдығымен ерекшелеуінде дер едік. Мәселен, «Менің ғажап 
пималарым» атты тарауда Соқпақбаев жоқтықтың қасіретін 
«Қаза» тақырыпшасындағыдай трагедияға толы теңеулермен 
емес, керісінше әзіл-қалжың сипатындағы бояу, реңктермен 
бейнелейді. Мысалы, повестегі басты кейіпкердің мектепке 
аяғына автомашинаның доңғалағынан жонып жасаған резеңке 
табан пимамен баруы қандай ауыр кезеңді суреттесе, ал жазушы 
оны жеңіл күлкімен әрлей отырып, оқырмандарға қызғылықты 
түрде баяндап береді.
«Автомобиль пиманы мен сол жылы қыстай киіп шықтым. Біраз 
күннен кейін өзіне үйреніп кеттім. Үлкендігі де, ауырлығы да бай-
қалмайды. Бұл пимамен сырғанақ та тебемін, ләңгі де ойнаймын».
Осы тараудан тағы бір мысал:
«Болат коньки, шаңғы ол кезде таптырмайды. Қайқы бас базар 


91
коньки тек Жанбосында бар. Басқалардың аяқтарында табанына 
сымтемір қатып, қолдан жасаған ағаш коньки. Жанбосын 
жұлдыздай ағып зымырағанда, біз бортаңдап ілесе алмай қаламыз. 
Жанбосын сәйгүлік ат мініп, біз өгіз мініп жүргендейміз. Осы 
артықшылығын Жанбосын әбден пайдаланады. Ағызып келіп, 
арамызды жарып өтеді, қағып-соғып жығып кетеді. «Сиырымыз» 
омақасып тырайып құлап жатқанымыз. Тұра қуып, өш алуға жете 
алмаймыз. Мықтағанда келістіріп тұрып бір боқтаймыз».
Жазушы ауыр жағдайды оптимистік тұрғыдағы әзілге толы 
бейнелі сөздермен суреттеп, әңгімеге романтикалық сипат береді.
«... Күлкі адам сезіміне әсер етіп қана қоймайды, оны қалып-
тас тырады, тәрбиелейді» /5,119/, – деп белгілі әдебиет зерттеу-
шісі Ю.Борев айтқандай, Б.Соқпақбаев күлкімен әшкерелеудің 
тиімділігін ескерген деп айта аламыз. Оның шығармаларында 
көркемдік әдіс, көркемдік жүйе арасында сатира мен юморға 
аса маңызды орын беріледі. «Юмор – сезгірлік, ақылдылық, 
тапқырлықтың ғана белгісі емес, төстабан күрескерліктің, 
қайсарлық жігердің, төзімділіктің символы. Юмор – өмір» дейтін 
болсақ, Соқпақбаев юморы әрдайым осы шындықты қуаттап 
отырады. Қазақ әдебиетінде юморлық дәстүрді одан әрі дамытуда 
жемісті еңбек еткен Б.Соқпақбаев шығармашылығының басты 
қасиеті – осы юморлық әдісті тиімді пайдалануында дер едік.
«Арам сорпа» атты тарауда да осы әдісті нақты байқауға 
болады. «Мынадай ғажап асты құр бекер төгіп тастағанымыз 
қылмыс емес пе?... Олжа тамақтың үстіне көршілер келіп қалады. 
Бірге ішіп-жейді де, былай шыға беріп, өсек етеді. Жауласып 
жүрген балалар мені сыртқа шыққанда шошқа етін жеген кәпір 
деп, енді мені ыза қылатын болды. Біреуінен біреуі іліп алып, 
шу-шу етеді. Арамсың, сенімен ойнамаймыз. Арамнан аулақ 
жүріңдер деп қашады. Мен ыза болам».
Ауыр кезең көрінісі көз алдыңнан өтеді. Кейіпкер мінезі, 
ой-парасаты, іс-әрекеті арқылы ұлттық болмыс, салт-дәстүр, 
ұлттық психологиялық көріністері бар ақиқатымен еске түседі. 
«Қазадағы» анасы өлсе қалай жылау керектігі туралы толғануы, 
«Арам сорпада» шошқа етінен жасалған тамаққа үрке қарауы 
бәрі-бәрі де қазақы болмыс сипаты екені аян.
Шығарма сюжеті өте тартымды, әрі жеңіл оқылады. Қаламгер 


92
шым-шытырық оқиғаны бейнелеу барысында, тек талантқа 
қойылар талап деңгейінде көрініп, шеберлік үлгісін танытады. 
Ең бастысы, әрбір тақырыпша бір-біріне мазмұн жағынан да, 
форма жағынан да ұқсас. Шығарманың композициясының өзі 
басты тақырыпқа қызмет етеді. Ал, тақырып, композиция, сюжет 
шығарманың идеясын ашуға толық мүмкіндік береді. Жазушының 
кейіпкерлерді бейнелеу, сюжетті ширату, романтиканы үдету, әзіл 
оспақты пайдалану шеберлігі әлем әдебиеті үлгілерінен бірде-бір 
кем түспейді.
Жазушы шығарма арқылы балаларды қызықтырып қана 
қоймай, сонымен қатар тәрбиелік жағына да мән беріп отырады. 
Қаламгерде педанттық дәрежедегі ақыл-нұсқаулар мүлде жоқ. 
Керісінше, жазушының дидактикалық шеберлігі көзге түсіп 
тұрады. Мысалы: «Балалар, менің қымбатты жас достарым! 
Мынау қатал дүниеде әкесі не шешесі өліп жетім қалу секілді 
бақытсыздықтың әркімнің-ақ басында кездесуі мүмкін, арала-
рыңда да бар шығар. Сендер қанша араз болсаңдар да оларға 
жетім деген тажалдай суық сөзді айтпаңдар, айналайындар. Ұр, 
соқ, төбелес. Тіпті, етінен ет кесіп ал. Ал бірақ әлгідей деп тіл-
деме. Тағдыр онсыз да жазалаған бейшараның адамшылық мен-
мен дігін жетім деген сөз біржолата жер етіп, таптап кететінін сен-
дер ұғыңдар! Аяндар!». Жазушы осы сөздері арқылы атақты педа-
готтар, әрі жазушылар Жан Жак Руссо (Эмиль және тәрбие), Ян 
Амос Каменскийді («Ұлы дидактика») еріксіз түрде еске түсіреді.
Повесте балалардың пәк махаббаты да назардан тыс қал-
майды. Жазушы Бектастың Майраға, Күләнға деген балалық сезі-
мін әсерлі суреттей білген. «Мені Майраға қосақтап, арқандап 
қойған көзге көрінбейтін ғажайып бір жіп бар. Майра – күн, мен 
– күнбағыспын, оны көрмесем тұра алмаймын. Майра – гүл, мен 
– көбелекпін, қашан да Майраның төңірегінде болғым келеді». 
Майра мен Бектастың арасындағы татулық осындай айқын те-
ңеулермен беріледі. Балалық махаббат сезімін суреттеу «Менің 
атым Қожа» шығармасында да кездеседі. Қожаның Жанарға деген 
сезімі еріксіз Бектасты еске салады. Бердібек Соқпақбаевтың 
«Өлгендер қайтіп келмейді» атты шығармасында да осындай 
сезім-күйлер қайталанады. Шығарма арқылы жазушы жастарға 
тәрбие беріп қана қоймай, сонымен бірге оқырмандардың 


93
эстетикалық көзқарасын қалыптастыруға мән береді. Жаңа 
буын жеткіншектерге сұрапыл замандардағы балалық шақтың 
елестерін керемет шеберлікпен сомдап жеткізеді. Ес білмес 
есер шақ, балалық мінез – Бектас, Жанбосын, Жүнісбай, Майра 
образдарынан толық көрінеді.
Алыстағы кішкентай ауыл. Тұрмысы жүдеу қоңырқай үй. 
Шаруа баққан момын әке Ыдырыс, от-басының күйбеңін, 
тіршіліктің тауқыметін тартқан аурушаң шеше Әсбет, қарны 
аш, тамаққа жарымай шырылдап жылаған сәби-іні Тұрдыбек... 
Өмір шындығын көркем шындыққа айналдыруда жазушы шын 
шеберлік танытады. Мысалы, повестегі екі иығы сөлбірейіп, 
жарымай жүретін құнтсыз әкені еске алыңыз. Қаламгердің бұл 
қасиеті шығарманың идеялық-характерлік қырларына өз әсерін 
тигізген. «Балалық шаққа саяхат» повесіндегі осы бір өмір 
суретінің арасынан бас кейіпкер Бектастың /кейіннен Бердібек 
болып өзгертілді/ балалық бейнесі айқындалып, оқушының 
алабұртқан ынтық көңіліне жақын тарта бастайды. Біресе 
күліп, біресе мұңайып, біресе қуанған кейіпкер Беркен барлық 
болмысымен бүкіл бала атаулының өміріне енеді.
«Образға бірінші тән қасиет – ұлттық ерекшелік, ұлттық 
бояу» болса, бұл шығармадағы кейіпкерлердің сөйлеу мәнерінен, 
юморынан, жалпы рух – болмысынан қазақ халқына, оның 
дәстүр-салты, ұждандық дағды-машықтарына, характеріне тән 
айшықты бедерлер толық танылады.
«Балалық шаққа саяхатта» бас кейіпкер Бектастың ес біле 
бастаған кезінен бастап, жетінші класты бітіргенге дейінгі бастан 
кешкендері, сезгендері, ойға түйгендері әңгімеленетіні аян. Осы 
уақыт аралығында қаһарманның мінез қырларымен де танысамыз. 
Оның алғыр ойы, биік арманы, қызба мінезі, намысшылдығы, 
мақсаттылығы, сезімге берілгіштігі, інісіне деген мейірімділігі, 
оқуға зеректігі, повесте әр тараптан-ақ дәлелді табиғи ашылған. 
Шығармадағы Бектас образының бір ұтымды жағы – оның 
характері күрес үстінде қалыптасып шыңдалады. Ал «...характер 
қатынасқан күрес-тартыстар ғана шығарманы кең құлашты, 
масштабты етеді. Характердің бір ғана қырымен көрінген адам 
кесек бейне бола алмайды, ол үшін кейіпкерді барлық қырымен 
жан-жақты көрсету керек».


94
Сонымен бірге жазушы характерлерінің өсуін тым ентіктіріп 
әкетпейді. Мінездің өзгеруі үшін әсерлі жағдаймен бірге белгілі 
уақыт қажет.
Тұрмыс ауыртпалығы Бектасты шынықтырып өсірген. Ол 
екінші класта жүргенде-ақ колхоз жұмысына қолқабыс бере-
ді: масақ тереді, тұлықтастың атына мініп, қырманда астық 
басты рады. Жігерлі бала тұрмыстың қандай азабына болса да 
төзімділікпен, өміршеңдікпен қарайды. Қандай қиындық көрсе де 
Бектас өмірден үміт шуағын таба да, оған қуана да біледі. Өзінен 
үлкен балаларға есесін жібермей, кластан класқа озат оқушы 
ретінде көшеді. Судай жаңа киіміне мақтанып, қолындағы аппақ 
нанымен шалақұрсақ балалардың қитығына тиетін Жанбосын 
сияқтыларға Бектас іш тарта алмайды. Балардың бұған жасаған 
озбырлықтарына намыстанып, реті келген жерде сөзбен де, 
күшпен де сынаса біледі. Мәселен, өзінен үлкен Жанбосынның 
айта алмай тұрған көбейту кестесін зерек Бектас зуылдатып 
айтып береді. Мұғалім оны ризашылықпен мақтап, мыңқ-мыңқ 
етіп тұратын Жанбосынға үлгі етеді. Мұндай сәттерде Бектас 
масайрап, мәртебелене түседі.
Жазушы басты кейіпкерінің мінезін, батылдығы мен адам-
гершілігін қиын-қыстау кезеңдерде де сынайды. Осындай 
жағдайда басты кейіпкердің тез шешімге келіп, өзінің намыс-
шылдығы мен тапқырлығын көрсетуі өмір, болашақ үшін кү-
рестегі психологиялық мезетті байқатады. Тұрмыс жағдайы 
қандай жүдеу болса да, Бектасты алға жетелейтін күш – өршіл 
үміті, өмір жолында ұшырасқан мейірімді, адал жандар, жарқын 
болашаққа деген сенімі және ерекше әзілшілдігі, әділетсіздік пен 
түрлі жексұрын, ерсі құбылыстарды сынай, әжуәлай білетіндігі. 
Бұл кейіпкер бойына өмірлік қуат береді.
Бектасты жеке басындағы қиындықтардан гөрі, әлі қаз 
басып жүре алмайтын төрт жасар інісінің тағдыры күйзелтеді. 
Жанына көбірек бататын да – соның халі. Шығармада Тұрдыбек 
жағдайы аянышты сипатталады. Төрт жастан асып қалса да, 
аяғы шықпаған. Күтімсіздіктен сал, мешел болып қалған. Оны 
төмендегі үзіндіден байқаймыз.
«Бұл күнде ауылдың үлкен-кішісінің бәрі оның Тұрдыбек 
дейтін атына «мешел» деген сөзді қабаттап, қосып атайтын 


95
болған. «Тұрдыбек мешел!». Жуыну, киім ауыстыру дегенді 
Тұрдыбек шешесі өлгелі білген емес. Оның үстінде киім бе, 
болмаса жабағы тәрізді жапсырып таңып қойған бірдеңе ме, 
ажырату қиын. Аяқ-қолы шидей, шашы өсіп, құлақтарын көміп 
кеткен... Сәбидің сол кездегі кейпі көзіме елестегенде осы күні де 
менің жүрегім шошынудан қарс айырыла жаздайды...»
Бектас осындай ауыртпалықтарды бастан кешіре жүріп, 
жетінші класты мақтау грамотасымен бітіреді. Болашаққа үмітпен 
қарайтын ол табиғи мейірім шуағының өмірдегі ең қастерлі сезім 
екенін ересек таныммен ұғына бастайды.
Бектастың ең үлкен арманы – жазушы не журналист болу. 
Осы мақсатқа ұмтылыста басты кейіпкер өзін шыңдап отырады. 
Қарапайым қазақ баласының бойында тентектік пен алғырлық 
та, албырттық пен қайраттылық та бар. Осы кейіпкерлердің обра-
зының ашылуы арқылы шығарманың сюжеттік желісі шира-
тылып, идея барынша айқындала түседі. Тек бір Бектастың бейне-
сінен қазақтың баласына тән қаншама асыл қасиеттерді көреміз.
Автор қолдан әрқилы ойыншықтар жасайтынын, тігін 
машинаның жібі оралатын кәдімгі жұмыр ағаштың екеуін 
дөңгелек етіп, ағаштан өзі жүретін трактор құрастырғанын, 
оның түтін шығаратын мұржа, баракқа орнатылғанын айта келіп 
«Базар ойыншықты білмейтін қараңғы ауылда менің өздігінен 
жортақалап қозғалатын осы тракторымды көргенде, балалар 
түгіл, үлкендер таңқалатын. Бастарын шайқап, мынаның пәлесін 
қара дейтін», – деп сол кездегі қазақ балаларын инженерлік-
конструкторлық мамандыққа шақырады.
Б.Соқпақбаевтың барлық шығармаларындағы бас кейіпкер-
лердің характеріне ортақ нәрсе – ар тазалығы, сезімтал сергек-
тігі, жақсылыққа жаны құштарлығы. Кейіпкерлер характерлеріне 
лайық әрекет етеді. Олар бастан кешетін оқиғалар мінез таби ға-
тынан туындап жатады.
Отызыншы жылдардағы мұғалімдердің типтік образын 
Сағатбай бейнесінен, 1937 жылдардағы жазықсыз жалаға душар 
болғандарды Сатылғандардан көруімізге болады. Әсіресе, Қос-
тө бедегі ашылған тұңғыш мектептің мұғалімі, балалар көңі-
ліне терең ұялаған – Сағатбай бейнесі повесте айрықша жылы 
пейілмен суреттеледі. «Көзқарасынан жып-жылы нұр себелеп 


96
тұрғандай болатын» осы бір сүйкімді, жүрегі жұмсақ адам туралы 
бала Бектас былай деп тебіренеді:
«Сағатбай көп оқушы еді. Қолынан кітап, қағаз түспейді. Сәл 
ғана демалыс болса, Сағатбайды қоршап аламыз. Әңгіме айтып 
беруін өтінеміз. Текестің суы мен тоғайынан өзге түк көрмей, 
ауыл арасының өсек аяңынан басқа түк естімей көрбала болып 
өскен біздің көзімізді кең дүниеге тұңғыш ашқан адам осы 
Сағатбай. Маңайымызды қоршаған надандықтың қара түнек 
тұманын Сағатбай әңгімелері дауыл болып ысырып, ар жағынан 
бізге ұшы-қиырсыз кең өмір, жарық сәуле көрсеткендей болады».
Б.Соқпақбаев кейіпкер ой-толғаныстары арқылы басқа 
адамдарға мінездеме беру шеберлігін «Балалық шаққа саяхатта» 
да айқын аңғартады. Шығармада әртүрлі характер, әралуан 
кейіпкерлер бар. Жазушы солардың барлығын бас-басына 
арнайы суреттеп жатпайды, бас кейіпкер Бектас көзқарасымен 
береді. Кейіпкердің тікелей сезім толқындарын көрсетуімен, 
оның адамдар жайлы көзқарасын, олармен қарым-қатынасын 
нанымды жеткізеді. Повестегі бала Бектастың өз тарапынан 
айтылған ойлары осы пікірді дәлелдей түседі. Автобиографиялық 
қаһарманның жан тазалығы, албырт қиялшылдығы, қайтпас сенім 
жалыны ішкі сөздер ағымы арқылы мол танылады.
Ауыл балаларының білмегендерін ұқтырып, ақыл-ойларының 
кемелденуіне бар күш жігерін жұмсаған, ақылды да тапқыр 
мұғалім – Сағатбай Хасенұлы да кезінде қуғын-сүргінге ұшырап, 
«халық жауы» аталған. Бүгінгі күні оның өз тең тұстастарымен 
бірге ақталып отырғанын айта кетуіміз керек. Райымбек ауда-
нындағы Текес ауылының тұрғындары қайырлы шешім жасап, 
осы ауылдағы бір көшеге Сағатбай мұғалімнің атын берді. Бұдан 
жазушының әдеби бейнені типтендіру үшін прототипке арқа 
сүйегенін байқаймыз. Ал «типтің түпнұсқасын прототиптен табу 
– шыншыл суреткерлерге ғана тән мінез».
Жазушы бұл повесінде де характерді көбінесе әрекетпен 
береді, сол әрекет үстінде образдың мінездемесі де ілесе жүреді. 
Мысалы, автор шығармадағы Жұмабай деген мұғалімнің барлық 
болмысын төмендегі жолдарда айқын даралай алған. Жұмабай – 
сүйікті ұстаз Сағатбайдың орнына келген «аяқ-қолы бір тұтам, 
тәйпиген, беті қатпар-қатпар қартамыш біреу»...


97
«Жұмабайдың мінезі әрі ұшқалақ, әрі тұрақсыз. Болмашы бір-
деңе үшін аяқ астынан бұрқан-талқан болады. Ұстазға лайық сыз 
боқтық сөздер аузынан молотилканың топанындай атқылайды. 
Қол жұмсап, ұрып та жібереді. Қымс етсе жазалауға дайын 
тұрады».
Бұл үзіндіде шала сауатты мұғалім Жұмабайдың сабырсыз 
күйгелек адам екендігі тура мінезделген. Оның бұндай оспадар 
қылықтары сабақ үстінде де байқалады.
Отызыншы жылдар әлі де білімді мамандардың тапшылық 
кезі. Дәуір шындығы дейсіз бе, кейіпкердің мінез-құлқы дейсіз бе, 
автордың қолтаңбасы дейсіз бе – бәрі әрі айшықты, әрі шынайы 
суреттелген. Жұмабай образы арқылы жазушы педагогикалық 
білімі өте таяз дүмше мұғалімдерге деген өзіндік көзқарасын 
байқатып, оларды өткір әшкерелейді.
Сондай-ақ, аталған повестегі Бектастың нағашы ағасы 
Қағазбай, колхоз бастығының баласы, дөрекі Жанбосын, қанша 
ауыр тұрмыста жүрсе де шеттерінен пысық, көздерінде шақпақтың 
отындай жылтылдаған от, жігер бар Көпекбай балалары, Майра, 
Рамазандай балалар өзіндік ерекшеліктерімен оқырман есінде 
қалады.
Осылайша автор өмір жолында ұшырасқан жандардың мінез 
қылығының қалыптасуын тіршілік қиындығымен байла ныс-
тырады. Өзінің есейіп ел қатарына қосылуына себепкер болған, 
тұрмыстың қиын кездерінде сыр бермеген, бауырмалдық көр-
сеткен адамдарды ол ерекше ілтипатпен мақтан етеді. Солардың 
жан сұлулығын мақтанышпен өзгелерге жариялағысы келеді.
Зерттеуші М.Ыбырайұлы «Халықтық мінез хақында» атты 
мақаласында: «Қазақ халқының ұлттық мінезі өзінің өмір кешкен 
кең байтақ далалық, қырлық фонында қалыптасты. Сондықтан 
қазақ халқына тән негізгі белгілер: кеңпейілділік, жомарттық, 
салғырттық, қонақжайлық, көпшілдік, жайбасарлық, кешірімділік, 
еріншектік, бауырмалдық, намысқойлық, төзімділік, т.б.», – деп 
анықтама береді/6/. Повестегі кейіпкерлердің бойынан аталмыш 
қасиеттердің барлығын кездестіреміз.
Р.Өтегенов «Қожаның құрдастары кімдер?»/7/ мақаласында 
Бердібек Соқпақбаевпен жүргізген сұхбатында «Балалық шаққа 
саяхаттағы» Көпекбай және оның балаларының кейінгі өмірлерінің 


98
тыныс-тіршілігін әңгімелейді. Қожақан, Мәсімбайлардың қазір 
астаналық облыстың Шелек ауданындағы Жаңашаруа ауылында 
тұратынын, көп жылдар бойы ауыл шаруашылығында жемісті 
еңбек етіп, тұрмыстарының жақсы екенін естігенде, жазушы: 
«Көпекбай балалары шынында да кітапта жазылғандай, 
қаршадайынан пысық та еңбекқор еді», – дейді «балалық шағына 
саяхат» жасап. Осы тұста академик З.Қабдоловтың мына бір 
пікірін келтіре кеткенді жөн санаймыз: «Адам тағдыры жазушы 
үшін шығарма арқауы ғана емес, өмірді танудың өзгеше тәсілі 
де: өмірде көрген тірі адамдар туралы, олардың хал-күйі, кескін-
кейпі туралы тебірене, толғана ойланудан көбіне, суреткердің 
сол адамдар өмір сүрген қоғам туралы көзқарасы қалыптасады, 
нәтижесінде сол қоғамдық шындықты көркем жинақтау 
мақсатындағы творчестволық әрекеті басталып кетеді», – деген 
тұжырымы еске түседі.
Қарап отырсақ, көркем шығармада суреттелетін оқиғаларға 
қатысы бар адамдар есімдері өзгертілмей кейіпкер ретінде 
көрінген. Бұл образдардың, олар қатысатын оқиғалардың 
шынайылығы мен сенімділігін және жазушының шығармасына 
тіректі өмірдің өзінен алғандығын көрсетеді. «Балалық шаққа 
саяхаттағы» басты кейіпкерлердің өмірдегі түптұлғалары туралы 
жазушының қарындасы Несіпхан Аманбаева естелік-эссесінде:
«Үлкен әкеміз Ыдырыс, ағаның өз шығармаларында 
айтылғандай, қой аузынан шөп алмас момын, адам баласына 
ешбір жаманшылығы жоқ, өзін біреу қатты ренжітсе де сол 
адамға ренжіп көрмеген пәк көңілді кісі екен. Бұл отбасының 
бар тірлігі де, билігі де ақыл-кеңес бере алатын еті тірісі Смағұл 
мен оқыған, көзі ашық Сатылған болыпты. Сатылған сол кездегі 
беснайза руының ішінен жұлдызы жанып, ерекше көзге түскен, 
оқып қызмет істеген, әрі ақын, әрі әдемі сері жігіт екен», деп 
жазады/8/. Естелікке жүгінсек, кейіпкерлердің көркем шығармада 
аса қатты өзгеріске түспегендігін байқаймыз.
«Өмірдегі оқиғаның көркем өнерге, өмірдегі «ет пен сүйектен 
жаралған» қарапайым адамның қайталанбас көркем образға 
айналуы – суреткер тегеуріні, суреткер дарыны, суреткер білімін 
қажет ететін, соның бәрінен бас құрайтын суреткерлік шеберлікті 
тілейтін құбылыс» деген пікір тұрғысынан қарағанда, жазушы 


99
шеберлігінің кепілі болып есептелетін тұлға мен түптұлға арақа-
тынасын салмақтау – өз алдына үлкен зерттеуге лайық деп 
есептейміз.
Шыңғыс Айтматов: «Кейіпкерлерім өзінің автономиялық 
дер бестігін сақтай тұра, менің балалық шағымның әсерінен 
жара лады», – деген екен. Бұл сөз Б.Соқпақбаевқа да арналып 
айтылғандай. Осы орайда тағы да қаламгердің өз сөзін келтіре 
кетсек артық болмас. «Біреу айтқан екен: әр жазушы өзін жазады 
деп. Бұл кең мағынада дұрыс. Менің геройларым біршама 
өмірбаяндық образдар, әрқайсысында менің өмірімнің бір 
бөлшегі жүреді...» /9/.
Жазушы шығармаларындағы образдардың бірқатарында 
өмірбаяндық сипат болғанмен, олардың көркемдік заңдарын 
сақтап жасалғанын тағы да қайталап айта кеткіміз келеді.
Б.Соқпақбаевтың жазушылық шеберлігі – повестегі оқиға-
лардың үйлесімді қиыстырылуынан, кейіпкерлерінің психоло-
гиясын терең білгірлікпен сипаттауынан, тілінің көркемдігінен, 
т.б. қасиеттерінен аңғарылады. Енді жазушы шеберлігінің кепілі 
бо лып есептелетін табиғат көріністерінің қаламгер шығарма-
шы лығындағы алатын орны, атқаратын қызметі қандай деген 
мә селелер төңірегінде шын мәніндегі сөз зергерінің өзіндік қол-
таңбасы кеңірек танылған біз сөз етіп отырған туындысын негізге 
ала отырып, ой қозғап көрейік.
Қоршаған орта әр қаламгер шығармашылығында әр алуан 
сипатта суреттеледі. Бір жазушыда молырақ, енді біреуінде 
кемірек болса да, адамды табиғаттан бөліп алып көрсеткен, 
пейзажбен суреттеу тәсілінен шет қалған біреуі жоқ.
Туған топырақтың тау-тас, өзен-көлі, шалғыны мен шөлейті, 
қысы мен жазы Б.Соқпақбаев туындыларынан да өз көрінісін 
тапқан. Жазушының кез келген шығармасынан Хантәңірі аймағы-
ның жанды суреттерін, ел-жер атауларын түгелдей кездестіруге 
болады.
Жалпы «көркем туындыдағы пейзаждың қызметі түрлі ар-
наға саяды. Сюжеттік орайда ол – оқиғалық уақыттың өлшемі. 
Композициялық тұрғыдан ол – көркемдік жолмен қабылданған 
әлемнің тұтастығын білдіреді. Шығарманың идеялық-мазмұндық 
астарларына қатысты ол характерологиялық міндеттер атқарады».


100
Табиғат суреттері «Балалық. шаққа саяхат» повесінде аса 
жиі ұшыраспайды. Жазушы оларды қажет мөлшерде жұмсай 
біліп, повестің идеялық-композициялық мақсатымен тығыз 
байланыстырған. Повестегі пейзаждар аймақтық көріністерден 
бастау алады. Алғашқы тарауда табиғат өмірге енді араласа 
бастаған бала дүниетанымы тұрғысынан көрінеді. Шығармадағы 
кейіпкерлердің бар болмысы, алғашқы бесжылдықтар кезіндегі 
қазақ ауылының тыныс-тіршілігі бастан-аяқ табиғатпен тұтас-
тықта, бірлікте алынады. Туған даланың қысы мен жазын, жа-
уынды-шашынды күзін жазушы шығармасында табиғи ерекше-
лігімен сипаттай білген. Мына бейнелеулер – осы айтылған 
пікірлерімізді дәлелдей алады.
«Таулы жердің ауа райы ерке қыздың мінезіндей құбылмалы. 
Жарқырап тұрып түнере қалуы тіптен оңай. Біз Қостөбеден өткен-
де күн ашық болатын. Кемерге жеткенде аспан бұлттана бастады.
Үкірші жақтан жентек-жентек қара бұлттар жел айдап ойнап 
шықты».
«Таулы жер, шіркін, малдың жері ғой. Сай-саладағы көгал 
шөпке жаздыгүні шөккен түйе жасырынады. Жайлауында ызың 
еткен шыбын болмайды».
Жанды қозғалыстағы таулы өңірдің табиғаты бар сән-сал-
танатымен көз алдыңа келеді. Тұнықтылығынан нәр алғандай 
бо ласың! Жазушы пейзаждық көріністерді үйіп-төгіп бере сал-
майды, оның әсемдігін талғаммен қабылдайды. Сонымен қа тар 
қаламгердің табиғат көріністерін жеткізудегі өзіндік шебер лігі де 
танылады.
Автор пейзажға көбінесе, кейіпкер хал-ахуалын көрсету 
үшін немесе оның іс-әрекеті алдында назар аударады. Повестің 
көптеген тұстарында табиғат суреті баяндалатын оқиғамен қа-
бысып жатады да, кейіпкердің ішкі дүниесімен тығыз байла-
ныс ты рылады. Мысалы, «Үйге қашу» деп аталатын тарауда тұ-
лықтастың атына міну Бектасты әбден қажытады. Бұл азаптан 
құтылудың бір ғана жолы барына көзі жетеді. Ол – үйге қашу. Бір 
күні түн жамылып бұл ойын іске асырады... Баланың бұл әрекеті 
төмендегідей суреттеледі.
«Жауыртоғандағы қырман мен ауыл арасы 4-5 шақырымдай. 
Жер жазық, шилеуіт. Қалың шидің арасындағы соқпақ жолмен 


101
безіп келем. Ай қараңғы... Менің бойымнан да биік қалың шидің 
арасы бір түрлі қорқынышты» /229 б./.
Бұл жерде негізгі кейіпкер Бектастың іс-әрекетіне пейзаждың 
араласуы оқиғаның өзекті желісі болып тұр. Сонымен бірге 
жағдайдың мезгілінен, яғни болатынынан хабардар боламыз. Ал, 
мына жолдарды оқып көрейік: «Бұл, сірә, октябрьдің іші болу 
керек. Аспан сол күні құбылыңқы. Жентек-жентек түсі суық сұр 
бұлттар шығысқа қарай ауыр сырғып көшуде. Бұлт қарасы біртін-
біртін қалыңдай түсетін тәрізді...».
Осы бір көңілсіз табиғат суреті жауыз Жанбосынның жол 
үстіндегі Бектасқа көрсететін қорлығының хабаршысындай. Ал 
«Сарыбастау сапарындағы» табиғат алдын ала алда болатын 
қиыншылыққа эмоционалдық тұрғыдан дайындық тәрізді. 
«Шытқыл күн. бет қарыған ызғар, меңіреу дала» балалар бастан 
кешетін ауыртпалықпен тамырластыққа суретелген.
Кейіпкердің анасынан айырылып, қайырымдылықты, жан-
ашыр лықты ерке Текес өзенінен іздейтін сәтті еске алып көріңіз. 
Табиғат аясында өскен кейіпкердің жылылықты адамнан емес, 
табиғаттан іздеуінің өзінде символикалық шешім бар. Адам мен 
табиғат бір-бірінің тілін түсініп, бір-бірімен ұғынысып, сөйлеседі. 
Кейіпкер мен табиғаттың бір-бірімен түсініскен, сырласқан 
сәттері жазушының ақындық үлкен сезімталдығын танытқандай. 
Қасіретті кезеңдегі Бектастың торығу сәтіне табиғаттың да кейпі 
сайма-сай келіп, психологиялық жарыспа лылық (параллелизм) 
түзілген.
«Ноябрьдің іші. Қақаған қара суық. Жыртылған қағаз тәрізді 
далада болар-болмас ағараңдап жатқан қар бар... Өзіммен-өзім 
боп, міне, енді мәңгіріп, балалардан бір оқшау келе жатырмын...». 
Кейіпкер жандүниесі табиғат аясымен бірлікте алынады.
Бердібек басынан өтетін көптеген қиыншылықтар сұрқай 
күзде өтеді. Сондықтан да күзгі уақыт мезгілі ауыр күндерге 
сілтеме іспетті.
Шығарманың «Қайран, менің Әлиман жеңгем» тарауында жаз-
дың әсем әсерлі көріністері адам жанын толқытады. Роман ти ка ға 
толы сәт! Қаһарман іштей түлеу, серпілу сәтін бастан кешіреді.
«Күн бүгін әсем. Аспанда ине шаншым бұлт жоқ, лүп еткен 
жел жоқ... Бозторғай биікке шығып алып, әсем жазды жыр етіп 


102
шертеді... Желіндеген биедей балбыраған бала төсінде бұдан да 
бас қа құлаққа келер ғажайып үндер көп. Тіршіліктің мың бір ұры-
ғы оянған, мың сан тамырға жан бітіп, нәр жүгірген кез. Төңірек 
толы қыт-қыт еткен тоқтаусыз, толассыз нәзік сырлы күй, өмір 
күйі. Қаулаған жас өмірдің сезімтал көңілмен ұғар сыршыл күйі.
...Сонау алыс-алыс болашағым да тамылжыған жаз болып 
елестейді. Мынау төбемдегі көк аспандай тап-таза, мөлдір, 
шетсіз, шексіз».
Тек әсем сурет жасалған жоқ, сонымен қатар психологиялық 
штрихтер кестеленіп, жазғы дала көркі кейіпкер толғанысымен 
астасып психологиялық параллелизм жасалды. Сол арқылы 
Бектас бейнесі ашыла түсті. Тамылжыған жаз жас өмірдің, 
болашақтың символындай көрінеді.
Осындай тамаша сәтте өзгере қалған ауа райы, жауынның 
зып кетуі Бектасқа аяулы жеңгесі Әлиманды кездестіреді. Бұл 
жазушының табиғат құбылыстарын оқиғамен орайластырып 
беру шеберлігін танытады. Және бір айта кететін жайт – Бектас 
өміріндегі көп кезеңдер жауынды күнмен соншалық үйлесім 
тапқан. Бұл жайлардың барлығы қаламгердің табиғат суретте-
рін оқиғамен, адамның жан дүниесімен байланыстыруы. Яғни 
пейзаждың психологиялық мәнде берілуі. Пейзаж бас қаһарман-
ның іс-әрекетін, қуаныш-қайғысын жеткізу үшін қолданылған.
Повесте пейзаж кейіпкерлер мінезін, портретін жасау үшін 
де айрықша мәнге ие екенін көреміз. Салдырлаған ақ көңіл, 
еңбекқор сүйікті әжесін бас кейіпкер: «Бөпке әжем жомарт 
табиғаттың аузынан жаз күніндей жайраңдап түсе қалған», – 
деп әдемі бейнелейді. Осы бір ғана сөйлемнен Бөпке әженің 
бар болмысы көрініп тұрған жоқ па? Ал Көпекбай баласы 
Жүнісбайдың өжеттігі былай сипатталады: «Қырау баскан бурыл 
қабақтың астынан екі көзі мынадай қиындыққа қайта егескендей 
от болып жайнайды». Елге аты шыққан батыр, атақты барымташы 
«жартастың шоқысына» теңеледі.
Негізгі оқиғалар Текес өзенінің бойында өтетіндіктен, 
суреткердің өзеннің сан қырлы келбетін ерекше сүйіспеншілік, 
ілтипатпен бейнеленгенін көреміз.
«Менің Текесім. Әне бір көкшіл жіптей тартылған жіңішке 
өзенді көрдіңіз бе? Текес сол. Белгілі Іле өзенінің басы.»


103
«Жағасына жырым-жырым мұз тұра бастаған Текес менің 
Басымдағы ауыр халді түсінетін тәрізді. Менімен кәдімгідей 
тілдескісі келгендей мұз қабаққа жөңкіп келіп, ышқына соғылады. 
Мұздың үстіне асып шығып, құлдыр-құлдыр етеді де, қайта 
шегініп кетеді».
Өзіндік ерекшелігі бар соны суреттеу. Қозғалыстағы жанды 
бейне! Б.Соқпақбаевтың табиғат құбылыстары адамша әрекет 
етеді. Баланың табиғатпен сырласып, ой бөлісуі ғана емес, тағ-
дырдың табиғатпен тілдесуіне айналған психологиялық сурет-
теме. «Сарыбастау» сапарында» тентек жел Бектастың көкі-
регінен кері итеріп, одан бетер шаршатса, «қара сұр бұлттары әрі 
түнеріп, әрі төмендеп келеді» немесе «жел айдап ойнап шығады». 
Ал, бұршақтың бейнеленуінің өзі адамның қимыл-әрекетімен 
ұштастырылған.
Шығарманың өн бойындағы табиғат суреттерінің симво-
ликалық мәнде және кереғар мағынада берілетін тұстары да 
кездеседі. Мысалы, «Здрәсти, нәшәндік» тарауында ашыққан 
ауыл ды барымташы батырлар Жантай мен Боқшабай бір-ақ күн-
де қарық қылып тастайды. Бір үйір жылқы айдап әкеліп қан жоса 
етіп сояды да түгін қалдырмай елге таратып береді. Текес тің жар-
қабағына қонған ауылдың сол кездегі тіршілігіне көз жібе рейік.
«Аспан жарқырап, күн маужырап тұрса да, үйлердің бәрі 
дерлік есіктерін түсіріп, түндіктерін қымтап жауып алған». 
Табиғат көрінісі мен ауыл тіршілігі кереғар сипатталады.
Повесте Б.Соқпақбаев қаламына ғана тән дара әдемі суреттер 
соны теңеу, эпитеттер арқылы жасалады. Жазушы оларды 
қолдана отырып, табиғат құбылыстарының әр қырын көрсетеді. 
Біздің талдауға негіз еткеніміз – жазушының бір ғана повесіндегі 
адам мен табиғаттың арақатынасының суреттеулері.
Шығарма алғаш жарық көрген тұстан бастап, қазақ әде-
биетінде С.Бегалин, М.Иманжанов, А.Нұрқатов, Ә.Тәжібаев, 
Р.Бердібаев, С.Қирабаев, т.б. ғалым, ақын, жазушылардың по-
весть жөнінде арнайы мақалалары жарияланды. Әртүрлі сын-
пікірлер де айтылды. Мәселен, Ә.Тәжібаев «Жас ұрпаққа жақсы 
әдебиет жасайық» /1961/ деп аталатын мақаласында Б.Соқпақ-
баевтың бұл шығармасында 1931-1932 жылдардағы колхоз-
дастыру қиыншылықтарын, 1937 жылғы совет заңын бұзушылық 


104
тұстарындағы бірсыпыра шындықтарды қамтуға тырысқанын, 
өмір детальдары мен адам мінездерінің алуан сипаттарын аң-
ғартуға келгенде Соқпақбаевтың балалар прозасындағы ең күшті 
жазушылардың бірі екендігін айта келіп, шығарманың мынандай 
кемшін тұстарын көрсетеді.
«...Үп-үлкен повесть бойында барлық болмысқа бір баланың 
көзімен қарау, бір баланың нәуетек те, көркемдік ой қорабынан 
шықпау шығарманың көркемдік дәрежесін едәуір әлсіздендіріп 
жібереді екен... Автор бір жерінде де баланы сілкіндірмейді, 
қыр басына шығармайды. Реализмнен гөрі натурализмі, қоры-
тудан қобыратуы басым. Мен өз басым ауыр жылдардың ауыр 
шындықтарын айтуды қостаймын. Тарихты әдемілеуге де, әрін 
кетіруге болмайды. Мәселе жазушының қазіргі партиялық пози-
циясында. Кешегі аштың күйін бүгінгі тоқтың айтуы бір бөлек 
те, үнемі тоймаған ашқарақтың айтуы екінші нәрсе. Шекспир 
сан алуан трагедияларды жазғанда қан сіңген жерге оптимизм 
жемісін көгертуді ұмытпаған. Қап-қара түнді суреттеп отырғанда, 
ертең күн шығатынын да оқушыға сездіріп отырған жөн. Онсыз 
дұрыстық бұрмаланған болар еді. Б.Соқпақбаев жолдастың 
кітабына осылар жетіспейді»/10,133/. Әрине, бұл пікірді «артта 
қалған оқиғаны баяндағанның өзінде көзің алда болу керек» 
деген принципке құрылған социалистік реализм әдісінің дәуірлеп 
тұрған кезінде айтылған сын деп білеміз.
Кейін жазушының мерейтойына байланысты, әдеби процеске 
орай әр кезең әр уақытта көптеген ақын, жазушы, әдебиетші, 
ғалымдар да «Балалық шаққа саяхат» хақында әртүрлі пікірлер 
айтты. Көтерген тақырыбының ауқымы, суреттелетін қат-
қабат өмір қатпарының тереңдігі кейіпкерлердің түгелдей 
дерлік образдық деңгейде алынуы тұрғысынан бұл шығарма 
қазақ әдебиетіне жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында 
қосылған әдеби туындылардың арасындағы ең тартымдыларының 
бірі болғандығы белгілі.
Қорыта келгенде, повесте кейіпкерлер бейнесі, сюжет және 
эпизод, кейіпкерлер шиеленісі бір-біріне әдеби заңдылықпен 
байланысып, шығарманың шарықтау шегіне жетуіне мүмкіндік 
берген. Повесть, сонымен бірге балалар әдебиетінің ең үздік үлгісі 
болып табылады. Шығарма шым-шытырық оқиғалар желісіне 


105
толы. Оқиғасы да қызықты, тілі де тартымды. Жазушының 
суреткерлік тұлғасы Марк Твен, Виктор Гюго, Жюль Верн сынды, 
т.б. әдебиет майталмандарының қатарынан орын алуға лайық. 
Жазушының осы еңбегі әр кезеңдегі, әр жылдардағы жас ұрпаққа 
рухани тәрбие беріп, эстетикалық сезім ұялататынына дау жоқ.
Повесть бала атынан баяндалғандықтан, мұнда балалар 
өмірінің қыр-сырына да көп орын берілген. Сонымен, «Балалық 
шаққа саяхат»/1960/ шығармасын үлкен гуманистік, әр жолынан 
уақыт тынысы, балдырғанның күлкісі көрініп тұратын жоғары 
идеялы көркем шығарма деп бағалап келеміз, бағалай береміз де.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет