Биология-3топ Серік Бақытгүл Биологияға кіріспе пәнінен практикалық емтихан сұрақтары



Pdf көрінісі
бет15/16
Дата23.12.2023
өлшемі454,46 Kb.
#198810
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Серік Бақытгүл 2

14)Экожүйелер, оның сипаттамасы 
Экологиялық жүйе, экожүйе — тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу 
және ұрпақ беру мақсатында, белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе 
пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына 
организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі 
функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымын 
энергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, 
продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы 
құрайды. Экологиялық жүйелер туралы ұғымға алғаш рет 30-ы жылдары 
А. Тенсли (1935) түсініктеме жазды. Ресейде осыған жақын биогеоценоз 
туралы ұғымға 1944 жылы Н. Сукачев (1880-1967) түсініктеме берді. 
Қазіргі кезде экологиялық жүйелер туралы үғымға белгілі бір аумақтағы 
тірі және өлі элементтердің жиынтығы жатады. Экологиялық жүйелер тірі 
организмдерден (биоценоздардан) және тіршілік ортасы — жанама 
(атмосфера) және биожанамадан (топырақ, су айдыны және т.б.) құралады. 
Экологиялық жүйелер кейде бір-бірінен жеке болса, кейде екі экологиялық 
жүйенің арасы бір-бірімен байланысып жатады. Экологиялық жүйенің 
мысалына көлдер, орман алқаптары және т.б. жатады. Экожүйелерден 
биомаларды ажырата білу керек, биомалар жоғарыда айтып кеткендей, 
белгілі бір географиялық аудандарындағы ауа райы және топырақ 
белдемдерінде кездесетін организмдердің едеуір ауқымды бірлестігі. 
Экожүйенің қасиеттері: оның құрамына кіретін өсімдіктер мен 
жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктің 
күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі 
мөлшерде жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын 
кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын 
экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын 
экожүйелерді қанықпаған деп атайды. 
Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе экожүйе. 
Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса да қарым-қатынаста 
болатын құрауыштары бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. 
Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологі 
Артур Тенсли. А. Тенсли экожүйенің құрамына организмдерде 
абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғатынтың негізгі 


функциясының бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншіне әсер 
ететіндігіне назар аударады. Былайша айтқанда экожүйе – зат айналымы 
мен энергия тасмалдануы жүретін табиғи бірлік . Экожүйеде зат 
айналымының жүруіне органикалық молекулалардың сінімділік түрде 
белгілі қоры және орагнизмнің үш функцияоналды әр түрлі экологиялық 
топтары: продуценттер, консументтер, редуценттер болуы керек. 
Экожүйе түрлері: 
- микроэкожүйе (мысалы, шіріп жатқан ағаш діңі); 
- мезоэкожүйе (орман, көл, батпақ); 
- макроэкожуйе (континент, мұхит); 
- ғаламдық экожүйе (Жер биосферасы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет