концепцияға
сәйкес жерде тіршілік қашан да болған; панспермия
концепциясы; тіршіліктің жерден тыс ортада пайда болу концепциясы;
өткен тарихта химиялық және
физикалық зандардың нәтижесінде
Жерде тіршіліктің пайда болу концепциясы.
XX ғасырдың бас кезінде
ғылымда соңғы екі концепция үстемдік құрды. Панспермия
тұғырнамасына сәйкес жерге тіршілік сырттан әкелінген, ол
метеориттерді, кометаларды зерттеу кезінде табылған органикалық
қоспаларға сүйенеді, бұлар "тұқым" рөлін атқаруы мүмкін. Соңғы бесінші
тұғырнаманың екі варианты бар: оның біріне сәйкес тіршіліктің пайда
болуы жеке, "тірі молекуланың кездейсоқ түзілуінің
нәтижесі, оның
құрылымына тірі нәрсенің одан әрі дамуы- ның күллі жоспары енген.
Француз биологы Ж.Моно "тіршілік физика заңдарынан пайда болмайды,
алайда олармен қабысады. Тіршілік - оқиға, оның ерекше екенін тани білу
керек" - деп атап көрсетеді. Басқа көзқарасқа сәйкес, тіршіліктің пайда
болуы -бұл материяның заңды эволюциясының
нәтижесі болып
табылады.Ф. Реди және Л. Пастер тәжірибелері. «Панспермия» теориясы
(зерттеу бөлімі).Франческо Редидің жүргізген зерттеу жұмыстары, тірі
организм өзінен-өзі кенеттен пайда болады деген ұғымды жоққа шығарды.
Ол жас етті алып, оны стаканға салып, бетін дәкемен жауып қойды. Ешбір
тірі заттың пайда болғаны байқалмады. Сонымен шыбын личинкаларының
шіріген еттен пайда болмайтынын дәлелдеп шықты. Л.
Пастер
бактериялардың өршитін тұқымынан микроорганизмдер дамитынын
бірден білді. Сонымен тірі организм ешқашан да өзінен-өзі дамымайтыны
белгілі болды .Tipi организм басқа космостық денелерден даяр күйінде
келді деген болжам бар. Оны космозой теориясы деп атайды. Мұны алғаш
рет айтқан неміс дәрігері Г.Рихтер еді. Космозой теориясы бойынша тірі
организм басқа космостық денелерден метеориттермен келді деп көрсетті.
Бұл дұрыс емес еді. Өйткені метеориттер ауаның тығыз қабаттарында
қатты қызады да балқып кетеді. Оның сыртына жабысқан
тірі организмнің
бірі де қалмай жанып кететіні анықталады. Кейіннен панспермия
концепциясы шықты. Мұның маңызы мынада: ауада тірі организмнің
ұрықтары қалай болса солай өз бетінше жүзіп жүреді. Ол метеориттермен
бірге жерге түседі де өсіп-өнеді деп түсіндіреді. Бірақ швед ғалымы Сванте
Аррениус ұрық метеориттермен бірге жерге түсе алмайтынын айтты.
Өйткені метеорит жерге түскенше қатты қызатыны соншалық, оның
температурасына іс жүзінде бірде-бір
тірі организм шыдай алмайды,
қырылып қалады деді.
Достарыңызбен бөлісу: