Биология-3топ Серік Бақытгүл Биологияға кіріспе пәнінен практикалық емтихан сұрақтары


Филогенез – түрдің тарихи дамуы.  Онтогенез



Pdf көрінісі
бет4/16
Дата23.12.2023
өлшемі454,46 Kb.
#198810
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Серік Бақытгүл 2

Филогенез
– түрдің тарихи дамуы. 
Онтогенез
– филогенездің қысқа және 
жылдам қайталануы. Барлық организмдер ұрықтанған жұмыртқа клеткасы 
– зиготадан дамып жетіледі. Бұл тарихи дамудың бір клеткалы 
организмдерден басталғандығын көрсетеді. Онтогенезде организмнің 
тарихи дамуының кезеңдері өсімдіктерде нашар, жануарларда айқын 
байқалады. Дамуының бастапқы кезінде омыртқалылардың ұрықтары 
ұқсас болады. К.Бэрдің ұрықтың ұқсастығы заңдылығы: бір типке жататын 
даралардың ұрықтары эмбрионалды кезеңінде басынан бастап ұқсас 
болады. Бір типтің әр түрлі жүйелік топтарына жататын ұрықтардың ұқсас 
болуы олардың шығу тегінің бір екендігін көрсетеді. Біртіндеп ұрықтың 
құрылысында класқа, туысқа, түрге, соңында сол дараға тән белгілер 
пайда болады. Ұрықтың даму барысында белгілерінің ажырауын 


эмбрионалды дивергенция деп атайды. Ол белгілі бір жүйелік топқа 
жататын жануарлардың эволюциясын, түрдің тарихи дамуын көрсетеді. 
Сөйтіп, организмдердің жеке дамуы мен тарихи дамуының арасында терең 
байланыс бар. Бұл байланыс XIX ғасырда Ф.Мюллер мен Э.Геккельдің 
биогенетикалық заңында дараның онтогенезі (жеке дамуы) сол дара 
жататын түрдің филогенезінің (тарихи даму) қысқаша қайталануы деген 
анықтама алды. 
4)А.И.Опариннің химиялық эволюция туралы теориясының негізгі 
идеясын сипаттаңыз 
 
1924 жылы орыс ғалымы Александр Иванович Опарин алғаш рет 
пребиологиялық эволюция концепциясының негізгі принциптерін 
тұжырымдады. Тіршіліктің пайда болуын ол бірте-бірте сапалы жаңа 
деңгейге – биохимиялық эволюцияға көшкен ерте Жер жағдайында болған 
бастапқы химиялық эволюциядан тұратын біртұтас табиғи процесс ретінде 
қарастырды. Гипотезаның мәні мынадай болды: Жердегі тіршіліктің пайда 
болуы – жансыз материяның тереңдігінде тірі материяның пайда 
болуының ұзақ эволюциялық процесі. Ал бұл химиялық эволюция арқылы 
болды, нәтижесінде күшті физика-химиялық факторлардың әсерінен 
бейорганикалық заттардан қарапайым органикалық заттар түзілді. 
Биохимиялық эволюция арқылы тіршіліктің пайда болуы мәселесін 
қарастыра отырып, Опарин жансыздан тірі материяға өтудің үш кезеңін 
анықтайды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет