Имам ғазали жүректің сырлары


Болатыны анық Қиямет күні



Pdf көрінісі
бет114/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Болатыны анық Қиямет күні 
Алла Тағала Құранда: «
Жо-жоқ! Егер мұны ілімге сүйенетін нақтылықпен 
білгендеріңде, (мұндай жат қылыққа бармас едіңдер)
»
390
 
дейді. Бұл аятқа 
кейбіреулер: «Қияметтің қандай екенін анық білгендеріңде көпке сұқтанып, мақтанып 
жүре бермей, пайдалы істерді жасаушы едіңдер. Зиянды істерден аулақ болушы 
едіңдер және қиямет күні мал-мүліктеріңнің көптігімен мақтанудың ешбір пайдасы 
болмайтынын пайғамбарлар сияқты анық білгендеріңде мақтанбаушы едіңдер» деген 
түсіндірме берген. 
390
 
«Тәкәсур» сүресі, 5. 
«
(Алайда мұндай жат қылықтарыңды қоймасаңдар,) шүбәсіз, жалын атқан 
жаһаннамды көресіңдер
»
391
 
391
 
«Тәкәсур» сүресі, 6. 
Алла Тағала ант ішумен «
Ақырында, оны өз көздеріңмен көресіңдер
»
392
 
деп 
айтады. Яғни тозақты анық, өз көздеріңмен көресіңдер. 
392
 
«Тәкәсур» сүресі, 7. 
Әзірет Али (р.а.): «Дүние нығметі – бұл денсаулық. Бидай нан жеген, Евфраттың 
салқын суынан ішкен және бас сұғар үйі болған кісінің бұл байлықтары – есебі 
сұралатын нығметтер», – деген. 


150 
Әбу Килабаның (р.а.) риуаят еткені бойынша, «
Шүбәсіз, сол күні (өздеріңе 
берілген) бар нығметтің есебін бересіңдер
»
393
деген мағынадағы аят түскенде, 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Бұл аятта үмбетімнің арасынан май мен балды 
араластырып жегендер туралы айтылып жатыр
», 
– деген. 
393
 
«Тәкәсур» сүресі, 8. 
Икриманың (р.а.) риуаят еткеніне қарағанда «Жоғарыдағы аят түсірілгенде, 
сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, біздің қолымызда қайсы нығмет бар? Біз арпа нанды 
да тойып жеген емеспіз», – деді. 
Сонда Алла Тағала Пайғамбарына (с.а.с.): «Оларға айт: «Аяқтарыңа аяқкиім 
кимедіңдер ме, салқын су ішпедіңдер ме? Міне, солар да нығмет болып есептеледі», – 
деді. 
Тирмизи және басқа хадис қайнарбұлақтарында «Тәкәсур» сүресі түсіп, 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Шүбәсіз, сол күні (өздеріңе берілген) бар нығметтің есебін 
бересіңдер» деген мағынадағы ақырғы аятқа шейін оқығанда сахабалар: «Уа, Алланың 
Елшісі! Біз қайсы нығметтен сұраламыз? Қолымызда екі қара нәрсе – су мен құрма бар. 
Қылыштарымыз мойнымызда және дұшпан жанымызда. Солай бола тұра қайсы 
нығметтен сұраламыз?» – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларға: «Міне, содан да 
(сұрақ болады)», – деп жауап берді. 
Әбу Һурайраның (р.а.) риуаят еткені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Қиямет күні 
пендеден алғашқы болып «Біз саған денсаулық бермедік пе, сені салқын суға 
қандырмадық па?» деген сұрақ сұралады
», 
– деген. 
Мүслимнің және басқалардың риуаяты бойынша, Әбу Һурайра (р.а.) айтады: 
«Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні жолда бара жатып Әбу Бәкір (р.а.) мен Омарды (р.а.) 
жолықтырып, олардан «Бұл уақытта үйлеріңнен неге шықтыңдар?» – деп сұрайды. 
Олар: «Уа, Алланың Елшісі, аш болғанымыздан шықтық», – деп жауап береді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларға: «Нәпсім құдіретті қолында ұстаған Аллаға ант етейін, 
мен де сол себептен шықтым. Қане, жүріңдер», – дейді. Сөйтіп үшеуі ансарлардан бір 
сахабаның үйіне барса, ол үйінде емес екен. Оның жұбайы Пайғамбарымызды (с.а.с.) 
көріп: «Қош келіпсіз, кіріңіз», – дейді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Пәленше қайда?» – деп үй 
иесін сұрайды. Әйел: «Ішерге су іздеп кетіп еді», – деп жауап береді. Дәл сол сәтте 
әлгі сахаба келіп қалады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен жолдастарын көріп: «Құдайға 
шүкір, бүгін аса қадірлі қонақтар келіпті!» – деп қуанады. Дереу жүгіріп барып бір себет 
құрма көтеріп келеді. Өзі «Бұдан жей тұрыңдар», – деп қолына пышағын алады. Алла 
Елшісі (с.а.с.) оған: «Сан қойыңды соя көрме!» – дейді. Сахаба оларға қой сояды. Олар 
қойдың еті мен құрма жеді. Қарындары тойып, салқын суға шөлі қанғаннан кейін 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Әбу Бәкір мен Омарға: «
Нәпсім құдіретті қолында ұстаған 
Аллаға ант етейін, қиямет күні бұл нығметтен де сұраққа тартыласыңдар
», 
– 
дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет