145
Ибн Аббас: «Жақсы нәрселер туралы ой жүгірту сол жақсылықты жасауға үндейді.
Жамандыққа өкіну осындай жамандықтан аулақтауға үндейді», – дейді.
Исхақ ибн Халаф баяндайды: «Дәуіт Таи айлы түнде тамның үстіне шығып алып
аспан-жер туралы ой жүгіртіп отырып аспанға қарап жылай бастады. Бір уақытта ол
көршісінің үйінің ішіне құлап кетті. Үй иесі оны ұры деп ойлап, қолына қылышын алып
жанына келді. Оның Дәуіт Таи екенін көріп, қылышын орнына қойып қайта келді де:
«Сені тамның үстінен бұл жерге кім лақтырды?» – деп сұрады. Дәуіт: «Білмеймін, кім
лақтырғанын сезбей қалдым», – деп жауап берді.
Өлім
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Мүмин пенде өлімнің қиыншылығының шарасын табады.
Оның буындары «Сәлем саған. Қазір бір-бірімізден ажырадық, қиямет күні қайтадан
жолығамыз» деп, бір-бірімен сәлемдеседі
»,
– деп айтқан.
Өлімді қоштаған үш бәле бар:
Біріншісі, жоғарыда баяндалғандай, жанның қиыншылықпен шығуы.
Екіншісі, өлім періштесін (Әзірейілді (а.с.) жалғыз көргендегі жүрек тітіреткен
қорқыныш. Өлім періштесінің күнәһар пенденің жанын алардағы бейнесін көргенде ең
шыдамды кісілер де төзе алмай қалады. Риуаяттарға қарағанда, Ибраһим (а.с.) бір күні
Әзірейілге (а.с.): «Күнәһар кісінің жанын алардағы бейнеңді маған көрсетесің бе?» –
деп сұрайды. Әзірейіл (а.с.): «Оған төзе алмайсың», – деп жауап береді. Ибраһим
(а.с.): «Сен көрсете бер, мен шыдаймын», – дегенде, Әзірейіл (а.с.) оған «Ары қара»,
– деп айтады. Біраз артына қарап, қайта бұрылған Ибраһим (а.с.) жүзі қара, шаштары
тікірейген, түрі өте суық, қара киімдерге оранған, аузынан және танауларынан от, түтін
шыққан бір кісіні көріп есінен танып жығылады.
Есіне келсе, Әзірейіл (а.с.) бұрынғы бейнесіне келіп қалған екен. Ибраһим (а.с.) оған:
«Уа, өлім періштесі, күнәһар кісі өлім сәтінде сенің сол бейнеңді көруден басқа бәлеге
душар болмаса да, оған сол-ақ жетпек», – дейді.
Әбу Һурайраның (р.а.) риуаят еткеніне қарағанда Пайғамбарымыз (с.а.с.) мынадай
оқиғаны айтып берген: «Дәуіт (а.с.) отбасын қызғанғандықтан үйден шығарда әйелін
ішке қалдырып, сыртынан құлыптап кетті. Бір күні есігін жауып кеткеннен кейін әйелі
іште бөтен біреу жүргенін байқайды. Әйел қызметшілерге: «Бұл кісіні кім кіргізді? Егер
Дәуіт келсе соған көресіні көрсетеді!» – дейді. Сол сәтте Дәуіт (а.с.) кіріп келіп, жат
кісіден: «Сен кімсің?» – деп сұрайды. Бейтаныс адам: «Мен патшалардан қорықпаған
және олардың тосқауылдарына қарамаған біреумін», – деп жауап береді. Бұл жауапты
естіген Дәуіт (а.с.): «Демек, сен өлім періштесі екенсің»
деп тұрған жерінен сұлқ
жығылады.
Риуаяттарға қарағанда, Иса (а.с.) бір күні жолда бара жатып кісінің бас сүйегін көреді.
Оған: «Алланың бұйрығымен сөйле», – дейді. Тілге келген бас сүйек: «Уа, Рухуллах,
мен пәленше дәуірде патша едім. Бір күні тәжімді киіп, тағыма мініп, айналамды
күзетшілеріме қоршатып алып мемлекет қызметкерлерімен
отырғанымда өлім
періштесі шыға келді. Сөйтіп, денемнен жаным шығып, онымен кетті. Әттең-ай,
осындай көпшіліктің арасында емес, жалғыз болсам қане!» – дейді.
Күнәһарлардың басына келетін бәле сондай. Бұл бәле Аллаға мойынсұнған
мүминдердің басына келмейді.
146
Пайғамбарлар өлім періштесін көрген кісінің қорыққанын емес, өлім қиыншылығын
ғана суреттеген. Егер пенде өлім періштесін түсінде көрсе,
өлер-өлгенше тамаққа
тәбеті жоғалады. Демек, өлім қорқынышын көру қандай екенін өзің елестет. Аллаға
құлшылық жасап жүргендер өлім періштесін ең жақсы келбетінде көреді.
Икрима ибн Аббастан (р.анһума) риуаят етілгені бойынша, Ибраһимнің (а.с.) үйінде
ғибадат жасауға арналған арнайы бөлмесі бар еді. Сыртқа шығарда бұл бөлмені
құлыптап қойды. Бір күні ішке кіріп, бөлмеден жат біреуді көреді. Одан: «Сені үйіме кім
кіргізді?» – деп сұрағанда, жат кісі: «Иесі кіргізді», – дейді. Ибраһим (а.с.): «Иесі
менмін», – десе, жат кісі: «Сенен және менен де бұрын үйге ие болған біреу мені ішке
кіргізді», – деп жауап береді.
Ибраһим (а.с.): «Маған мүминдердің рухын алардағы бейнеңде көрінші», – деп
сұранады. Өлім періштесі: «Мақұл, ары қарап тұр», – дейді. Ибраһим (а.с.) ары қарап
тұрып, қайта бұрылғанда бір жас жігітті көреді. Ибраһим (а.с.)
оның көрінісін
«Сымбатты, жарасымды киінген және жағымды әтір себінген» деп суреттеген. Бұл
көрініске куә болған Ибраһим (а.с.): «Мүмин пенде өлім сәтінде сенің сол жүзіңді көрсе-
ақ сый ретінде оған жетпек», – дейді.
Өлім сәтінде куә болатын тағы бір нәрсе – сауап-күнә жазушы екі періште. Бұл
туралы «Міне, сол сәтте өлім алдында жатқан кісінің көздері сол періштелерге ілігеді
және одан кейін бұл дүниені көре алмайды» деп жазылған.
Өлім сәтінде душар болатын бәлелердің үшіншісі – күнәһарлардың тозақтағы
орындарын көруі және бұл көруден бұрын қорқады. Өйткені олар өлім сәтінде бар
күшінен айырылып, өздерінің жандарының шығуына да куә болған.
Бірақ кісілер өлім періштесінің асқақ үнмен жар салғанын естімей өлмейді. Өлім
періштесі: «Уа, Алланың дұшпаны, саған тозақты сүйіншілеймін!» деп немесе «Уа,
Алланың досы, саған пейішті сүйіншілеймін» деп жар салады.
Сезімді кісілердің
өлімнен қорқуы сол себепке сүйенеді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Ешбір пенде өзінің соңын біліп, пейіш не тозақтағы
орнын көрмейінше бұл дүниеден шықпайды
»,
– деген.
Достарыңызбен бөлісу: