143
Абдулла ибн Омар (р.а.) бір күні киімін жерге сүйрелтіп жүрген біреуді көріп, екі не
үш қайталап: «Шайтанның көптеген туыстары бар екені анық!» – дейді.
Мутарриф ибн Абдулла ибн Шиххир бір күні Мухаллабты көріп қалды. Ол жібек
шапанымен мақтанып жүріпті. Мутарриф оған: «Уа, Алланың құлы, бұл жүрісің
Алланың және Оның Елшісінің азабына себеп болатын жүріс», – деді. Мухаллаб одан:
«Мені танымайсың ба?» – деп сұрайды. Мутарриф: «Әлбетте, танимын. Басталуың –
бір тамшы су, соңың – сасыған мәйіт. Сен сол екі нәрсенің ортасында лас нәрсе
тасыған біреусің», – деп жауап берді.
Бұл жауапқа жеңілген Мухаллаб «ләм» дей алмай, содан бастап тәкаппарланбайтын
болды.
Жаратылыс туралы ой жүгірту
Алла Тағала Құран Кәрімнің бірнеше жерінде ой жүгіртуге үндейді:
«
Достарыңызбен бөлісу: