138
болмақ. Барлық дұға-мінәжаттары «Әлхамду лилләһи раббил-аләмин (күллі
мадақ, шексіз шүкіршілік күллі әлемнің Раббысына ғана арналады)» деген сөзбен
тамамдалады
»
359
.
359
«Юнус» сүресі, 10.
Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «
Жегеніне шүкір келтірген кісі
аштыққа шыдап ораза ұстаған кісі сияқты
»
360
. (Алла Елшісі (с.а.с.) бұл жерде нәпіл
ораза туралы айтып жатыр).
360
Ахмад ибн Ханбал.
Ата (р.а.) айтады: «Бір күні Айшаны (р.а.) зиярат қылғалы бардым. Одан: «Алла
Елшісінің (с.а.с.) сен куә болған ең таңғаларлық ісі туралы айтып берші», – деп
сұрадым. Әзірет Айша (р.а.) көздері жасаурап тұрып: «Оның, тегі, қайсы әрекеті
таңғаларлық емес еді? Бір күні түнде үйге келді, төсекке жаттық. Сонда ол маған: «Уа,
Әбу Бәкірдің қызы, маған рұқсат берсең, Жаратқан Иеме ғибадат жасайын», – деді.
Мен: «Сенің жанымда болуыңды қалаймын, бірақ сенің қалағаныңды одан да артық
көрем», – деп оған рұқсат бердім. Дереу орнынан тұрып, аз-аздан су құйып дәрет алып,
намазға тұрды.
Ол жылағанда аққан жастары көкірегіне тамшылап түсіп жатты. Содан соң жылаған
бойы рүкуғке, сәждеге барды. Көзінен жасын төгіп сәждеден басын көтерді. Біләл таңғы
намаздың азанын айтқанға шейін бір жағынан жылап, бір жағынан намаз оқыды.
Сонда мен одан: «Алла Тағала өткен және келешектегі барлық күнәларыңды алдын-
ала кешірген ғой, неге мұнша жылап жатырсың?» – деп сұрадым. Ол маған: «Мен шүкір
келтірген құл болмайын ба? Алла Тағала маған: «Шүбәсіз, күллі аспан әлемі мен
жердің жаратылуында, түн мен күннің алма-кезек ауысып, ұзарып-қысқаруында ақыл
иелері үшін (Алланың шексіз құдіреті мен шексіз билігін көрсететін) ғибратқа толы
талай айқын белгілер (анық дәлелдер) бар.
Олар тікесінен тік тұрып та, отырып та, бір бүйірлеп жантайып жатып та үнемі Алланы
еске алады һәм күллі аспан әлемі мен жердің жаратылысына терең ой жүгіртіп: «Уа,
Раббымыз! Сен мұны бекерге, мақсатсыз жаратпадың. Сен мақсатсыз, мәнсіз іс
істеуден аулақсың! Бізді тозақ отынан сақтай көр!»
361
деген аят түсірмеп пе еді», – деп
жауап берді.
361
«Әли Имран» сүресі, 190-191.
Бір риуаятта былай деп айтылады:
Пайғамбарлардың біреуі жолда бара жатып кішкентай тас көреді. Ол тастан сызылып
су шығып жатады. Пайғамбар соған таңғалады. Сол сәтте Құдайдың құдіретімен тасқа
тіл бітіп: «
Достарыңызбен бөлісу: