132
бермедік пе?! Онымен қоймай, сендерге ескертуші ретінде пайғамбар да келген
еді. Енді азаптың дәмін татыңдар! (Күпірлікте қасарысып өзіне һәм өзгелерге
зұлымдық жасаған) залымдардың медеткері болмайды
»
344
.
344
«Фатир» сүресі, 37.
Төртінші өтініште: «
Олар: «Уа, Раббымыз! Біз сорымызға (азғын нәпсімізге)
жеңіліп, тура жолдан адасқан қауым болған екенбіз
.
Уа, Раббымыз! Садағаң
кетейік, бізді мына тозақтан шығара көр! Егер (шыққаннан кейін) бұрынғы
күнәларымыз бен жат қылықтарымызға қайтатын болсақ, онда нағыз залым
болғанымыз (онда өзімізге де обал жоқ)», – деп жалбарынады
»
345
,
– дейді.
345
«Муминун» сүресі, 106-107.
Алла Тағала оларға: «
Сол тозақта қор болып қала беріңдер, үндеріңді өшіріңдер,
бұдан былай Маған тіл қатушы болмаңдар!
»
346
деп жауап береді.
346
«Муминун» сүресі, 108.
Міне, сонда тартқан азаптары шегіне жете күшейеді. Одан кейін мәңгілік сөйлей
алмай қалады.
«
Ал енді біз қанша жерден жылап-сықтасақ та, сабырлылық танытсақ та, бәрі
зая, енді бізге қашып құтылар һәм пана тұтар жер жоқ», – дейді
»
347
.
347
«Ибраһим» сүресі, 21.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «
Қиямет күні өлім семіз қошқар бейнесінде әкелініп,
пейіш пен тозақтың ортасында бауыздалады және пейіштегілер мен
тозақтағыларға «Мәңгілік жайларың сол, бұдан кейін сендерге өлім жоқ!» – деп
айтылады
»
348
.
348
Бұхари, 4730; Мүслим, 2849.
Бір күні Хасан Басридің жылап жатқанын көргендер: «Неге жылап жатырсың?» – деп
сұрады. Ол: «Оның (Алланың) мені тозаққа лақтырып, содан соң еш көңіл бөлмай
қоюынан қорқамын», – деді.
Жоғарыда айтқандарымыз,
негізінен, тозақтағы азаптардың айрықша түрлері. Ол
жердегі қиыншылықтарды, өкініштерді бүге-шүгесіне шейін санап біту мүмкін емес.
Тартқан азаппен бірге тозақыларға қатты тиетін нәрсе – пейіштегі бақыттан, Алланың
разылығына жетуден және Алланың жамалын көру мүмкіншілігінен айырылу. Сондай-
ақ біліп тұрып еш нәрсеге арзымаған нәрселердің артынан жүруінің нәтижесінде
сондай жоюлардың болуы. Өйткені бағалы нығметтерді уақытша дүниелік
қалаулардың жолында жойған.
Сондықтан ол күні істерінен: «Неге Алланың бұйрықтарына қарсы шығып өзімізді
жойдық. Неге нәпсімізді сабырлылыққа зорлай алмадық? Егер шыдағанда, ол күндер
артта қалып, бүгін Алланың разылығына жетіп, оған жақын болушы едік», – дейді.
Енді барлық мүмкіншіліктерден айырылып, бастарына түрлі бәле үйіліп келеді.
Дүниедегі бақыттылықтарының ешбірі қалмайды. Егерде пейіш бақытына куә болмаса
мұншалық қатты қайғырмас еді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «
Қиямет күні тозақтағы бірнеше кісіні пейішті
көруге алып келеді. Бұлар пейішке жақындап, оның ес тандырған иісін иіскеп,
Алланыңпейіштіктерге сыйлаған нығметтерін көрісімен, оларға: «Кетіңдер, ол
жерде сендердің еш үлестерің жоқ», – деп айтылады. Бұл үнді естігенде олар бұрын-
соңды болмаған қайғыға батып қайта қайтады. Сонда: «Уа, Жаратқан Иеміз! Егер
пейішің мен достарыңды, ол жердегі нығметтерді көргізбей, бізді тозаққа
кіргізгеніңде бізге тағы жеңіл болар еді», – дейді. Алла Тағала оларға: «Бұның солай
болуын Мен қаладым. Өйткені дүниедегі кездеріңде Маған қарсы шықтыңдар. Елдің
көзінше шынайы болмыстарыңды жасырып, басқаша көріндіңдер. Менен емес,
пенделерден ұялдыңдар. Маған емес, адамдарға құрмет көрсеттіңдер. Адамдарды
ойлап
кейбір
істерді
жасамағандарыңмен,
Менің
тыйым
133
салуларыма мойынсұнбадыңдар. Енді Мен сендерді шексіз сыйдан құр қалдырғандай
жан төзгісіз азапқа саламын», – дейді
».
Ахмад ибн Харб (р.а.): «Көлеңкені Күннің ыстығынан артық көреміз, бірақ пейішті
тозақтан артық көрмейміз», – деп айтқан.
Дәуіт Таи (р.а.): «Уа, Жаратқан Алла! Мен Сенің күніңнің ыстығына шыдай алмай
жатып, тозағыңның ыстығына қайтіп шыдайын? Мен Сенің мейіріміңнің үніне шыдай
алмай жатып, азабыңның күркірегеніне қайтіп төзе алам?» – деген.
Ей, бейшара пенде! Қияметтің біз баяндаған қорқыныштары туралы жақсы ойлан.
Алла Тағала барлық қорқынышты ақиқаттарымен тозақты
жаратқандай саны белгілі
жан-жануарларды да жаратқан. Олардың бәрінің үкімі белгіленген.
Алла Тағала былай дейді: «
Достарыңызбен бөлісу: