жалынды от әзірледік. Қатты шөл қысып жан дауыстары шығып су сұрағанда, оларға бетті қарып күйдіріп жіберетін балқыған темір іспетті су беріледі. Ол қандай жаман сусын еді! Сондай-ақ жаһаннам қандай жаман тұрақ (орын) еді! »
334
334
«Кәһф» сүресі, 29.
Қарны ашып, шөлдеген тозақылардың жеп-ішкені солар. Енді тозақтағы жыландарға,
шаяндарға, олардың уына, үлкендігіне, көріністерінің қорқыныштылығына келсек.
Ол жылан-шаяндар тозақыларға жіберіледі де, олар үздіксіз шағып тұрады.
Әбу Һурайраның айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Алла берген мал- мүліктің зекетін бермегендердің байлығықиямет күні жыланға айналып, мойындарына оралады және жақтарынан ұстап «мен сенің мал-мүлкіңмін, мен сенің байлығыңмын», – дейді »
335
деп айтқан.
335
Бұхари, 1403.
Бұл сөздерден кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.) «
Алланың шексіз шарапатымен үйіп- төгіп берген (мал-дүние, ілім, күш-қуат сынды) нығметтерін игі жолда жұмсамай сараңдық қылғандар бұл қылықтары өздері үшін қайырлы болады деп ойламасын. Керісінше, бұл өздері үшін жаман болады. Қиямет күні сараңдық қылып, жинаған дүние-мүліктері өз мойындарына оралады. Күллі аспан әлемі мен жердің бар мұрасы бір Аллаға тиесілі (яғни ондағы барлық нәрсе түбінде Аллаға қалады). Алла олардың не істеп, не қойып жүргенінен толық хабардар »
336
деген аятты оқыды.
336
«Әли Имран» сүресі, 180.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «
Тозақта түйенің мойынындай жуан жыландар бар. Олар шақса, уы қырық жылға шейін кетпейді ».
Ал жылан-шаяндар дүниедегі сараңдарға, әдепсіздерге және басқаларға зиян
келтіргендерге жіберіледі. Ал жамандықтан аулақ болғандар ақыреттегі жылан-
шаяндардан аулақ болады.
Сондай-ақ тозақылардың денелерінің үлкеюін де ойлап көр. Алла тозақыларды көп
азап тартуы үшін денелерін ебедейсіз үлкен, бойларын ұзын қылып қояды. Тозақтың
жалындарының күйдіруін, жылан мен шаяндардың шағуын ірі денелерімен қаттырақ
сезеді.
Әбу Һурайраның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:
«
Тозақта кәпірдің азу тісі Ухуд тауындай, терісінің қалыңдығы үш күндік қашықтықтай ».
«
Тозақта кәпірдің алдыңғы ерні көкірегін жабатындай жалпайған, үстіңгі ерні жүзін жабатындай түрілген болады ».
Пайғамбарымыз (с.а.с.) тағы бір хадисінде: «
Қиямет күні кәпірдің тілі қатты ұзарғандықтан, жерде сүйретіліп, елдің аяғының астында тапталады »,
– деген.
Тозақылардың денелері осындай ірі болғанымен отта күйіп, сылынады. Бірақ әр
мәртесінде терілері мен еттері жаңаланып тұрады.
Алла Тағаланың: «