Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет95/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Тозақтың жетпіс мың даласы, әр даланың 
жетпіс мыңнан жылғасы бар. Әр жылғада жетпіс мың жылан мен жетпіс мың шаян 
бар. Кәпірлер мен екі жүзділер бұл жылғалардың әрбірін басып өтпейінше 
баратын жеріне жете алмайды
»
318

318
 
Тарғиб уә Тархиб, 5383. 
Әзірет Алидің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «
Қайғы 
құдығынан не даласынан Аллаға сиыныңдар
». Естіп отырғандардың бірі: «Уа, Алланың 


127 
Елшісі, қайғы құдығы не даласы деген не?» – деп сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.): «
Ол – 
тозақтағы бір дала. Тозақтың өзі одан қорғауды күніне жетпіс мәрте Алладан 
сұрайды. Алла оныҚұранды жұртқа көрсету үшін оқығандарға дайындаған
»
319

319
 
Тарғиб уә Тархиб, 5379. 
Жеті қабат тозақ пен оның далалары және әр даладағы жылғалар солар. Бұл 
далалар мен жылғалардың саны жер жүзіндегі далалар мен жылғалардың және күнәға 
айтақтаған оңбаған нәпсінің қалауларының санына тең. Тозақтың есіктері күнә 
жасағанда қолданылған жеті мүшенің санындай (жеті мүше үшін жеті есік). 
Тозақтың есіктері және қабаттары бар. Ең үстіңгі қабат – «жаһаннам», содан соң 
«сақар», «лаза», «хутама», «саир», «жахим», «хауия». 
Тозақтың тереңдігі туралы ойлашы: дүние туралы қалауларыңның түбі жоқ һәм бұл 
дүниеде әрбір тілекке жеткен сайын басқа тілекке жетуге түрткендей, тозақтың 
шұңқырларының тереңдігі де шексіз. 
Әбу Һурайра (р.а.) айтады: «Бір күні Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге отырғанда, 
жаңырған дауыс естілді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Бұл дауыс не екенін білесіңдер ме?» – 
деп сұрады. Біз: «Алла және Оның Елшісі жақсы біледі», – деп жауап бердік. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сендерге естілген дауыс тозақтың түбіне жаңа ғана құлап 
түскен тастың үні. Бұл тас тозаққа жетпіс жыл бұрын лақтырылған»
320

– деді. 
320
 
Мүслим, 2844. 
Сондай-ақ тозақтағы қабаттардың айырмашылығына да көңіл бұр. Адамдардың 
дүниеге берілуі әртүрлі болғандай, тозақтың күнәһарларды тартуы да әрқалай. 
Өйткені Алла кішкентай да әділетсіздік жасамайды. Тозақыларға берілетін азаптар 
жай ғана қайталана бермейді. Әрбір азаптың күнәлардың дәрежесіне сай айырмасы 
бар. Бірақ тозақтың азабы баршасынан өте қатты. Ең жеңілі – азап тартқан тозақыға 
бұл дүние мен ондағы барлық байлық арналса да ол азаптан құтылу үшін соның бәрін 
бергенге разы болмақ. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтады: «
Қиямет күні тозақылардың арасында ең жеңіл 
азап тартқандар оттан жаратылған екі аяқкиім киіп жүреді. Олардың табанынан 
тиген оттың ыстығы миларын қайнатады
»
321

321
 
Мүслим, 211; Ахмад ибн Ханбал. 
Сен сол жеңіл азап тартқан кісінің қиыншылығына қарап, ауыр азап тартатындардың 
жағдайы қандай болатынын елестет. Тозақ азабының ауырлығы туралы күмәндансаң, 
саусағыңды отқа тосып, сол ауруды тозақпен салыстыр. 
Бұл салыстыруда жаңылып жатқаныңды да ұмытпа. Өйткені бұл дүниенің оты мен 
тозақтың оты бір-бірінен мүлдем басқа. Бірақ бұл дүниедегі ең жан ауыртқан нәрсе сол 
отқа күю болғандықтан, тозақ оты сонымен танытылады. 
Тозақтың ең үстіңгі қабатында азап тартқандар бұл дүниедегідей от болса, сонымен 
азапталуға разы болып, шыдамақ. 
Міне, сондықтан кейбір риуаяттарда: «Бұл дүниедегі от жандылар шыдай алатындай 
дәрежеге түскенге шейін жетпіс мәрте мейірім суына салынды», – деп айтылады. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) тозақты суреттегенде: «
Алла тозақтың мың жыл бойы 
жағылуын бұйырды, сонда ол қып-қызыл болды. Содан соң тағы мың жыл 
жақтырғанда аппақ болды, содан соң тағы мың жыл жағуға бұйырғанда қап-қара 
болды. Қазір тозақ оты қап-қара
»
322
 
деген. 
322
 
Тирмизи, 2591. 
Алла Елшісі (с.а.с.) айтады: «
Тозақ оты Жаратқан Иесіне «Уа, Жаратқан Ием, 
ішімдегі суық және ыстық бөлімдер бір-бірін жеп жатыр» деп арызданды. Сонда Алла 
Тағала тозаққажазында және қысында, жылына екі мәрте дем алуға рұқсат берді. 
Шілденің ми қайнатқан ыстығы тозақтың ыстығынан болғандай, қыстың сүйектен 
өткен суығы да тозақтың мұздай отынан
»
323



128 
323
 
Бұхари, 3660; Мүслим, 617. 
Әнәс ибн Мәлик (р.а.) айтады: «Фәни дүниенің ең рақат өмірінде тіршілік еткен кәпірді 
Алланың алдына алып келгенде: «Оны бір мәрте тозақ отына салып шығарыңдар», – 
дейді. Тозақтан шығарылған соң: «Дүниеден рақат көрдің бе?» – деп сұралғанда, кәпір 
«Жоқ, көрген емеспін», – деп жауап береді»
324

324
 
Ахмад ибн Ханбал. 
Ал енді бұл дүниеде материалдық жақтан көп қиыншылық тартқан пенде Алланың 
алдына әкелінгенде: «Оны бір мәрте пейішке кіргізіп шығарыңдар», – деп бұйырады. 
Пейіштен шығарылған мүмин «Дүние өмірінде еш қиыншылық тарттың ба?» деген 
сұраққа «Жоқ», – деп жауап береді. 
Әбу Һурайра (р.а.): «Мына біздің мешітте жүз мың не одан да көп кісі жиналса және 
олардың үстіне тозақтың лебі үрленсе, бәрі күйіп өлмек», – деп айтқан. 
Ғалымдардың бірі Құранның «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет