125
Екіншісі, сауап-күнә дәптерлері таратылып жатқанда. Бәрі дәптері оңнан берілерін
не солдан берілерін көргенге шейін басқаны ойлана алмайды.
Үшіншісі, Сыраттан өтерде де әркім өзін ғана ойлайды»
314
.
314
Әбу Дәуіт, 4755.
Әнәс ибн Мәлик (р.а.) айтады: «Қиямет күні адам баласы Алланың алдына әкелініп,
таразының екі
табағының ортасына тұрғызылып, жанына бір періште қойылады.
Таразыда сауаптары ауыр басқанда басындағы періште жалпыға естілетіндей қатты
дауыспен: «Пәленше мәңгілік бақытқа жетті!» – дейді. Ал енді таразыда жақсы істері
жеңіл басқанда, сол сәтте періште: «Пәленше нәтижесі жаман бақытсыздыққа
ұшырады!» – деп дауыстайды. Сауап жағы жеңіл болғанда қолдарына темір күрсі
алған, оттан киім киген
азап беруші періштелер келіп, тозаққа баратын кісіні алып
кетеді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Қиямет күні туралы былай деген: «
Қиямет күні келгенде
Алла Тағала Адамға (а.с.): «Уа, Адам, орныңнан тұрып, тозақ керуенін тозаққа
жібер», – деп айтады. Адам «Тозақ керуені қаншалық?» – дегенде, Алла Тағала: «Әр
мың кісінің тоқсан тоғызы», – деп жауап береді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
ақырғы сөзі сахабаларды терең ойға салып, үнсіз отырып қалды. Алла Елшісі (с.а.с.)
олардың қайғырғанын байқағанда: «Сендер жақсы істеріңді жалғастырыңдар
және Мұхаммедтің жанын қолында ұстаған Аллаға ант етейін, сендермен бірге екі
тайпа ел бар. Олар қайсы үмбеттің дәуірінде жасаса, сол үмбеттің санын
бүтіндейадамзат және шайтандардың өліктерінің санындай көбейтеді. Соған
қуаныңдар
»,
– деді. Сахабалар: «Бұл екі тайпа кім?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз
(с.а.с.): «Яжуж және Мажуж», – деді. Сонда сахабалардың көңілі біраз жайланды. Алла
Елшісі (с.а.с.) сөзін одан ары жалғастырып: «
Жақсы істерді жалғастырыңдар.
Сендерге сүйінішті хабар бар! Мұхаммедтің жанын қолында ұстаған Аллаға ант
етейін: «Қиямет күні сендер адамдардың арасында түйенің қарнындағы дақ не
аттың аяғындағы жараның ізіндей аз санда болып қаласыңдар
»
315
деді.
315
Бұхари, 3348; Мүслим, 222.
Ей, уақытша дүниенің азғыруына алданған пенде!
Көшіп кететін жерің жайлы
басыңды ауыртудың орнына көшіп баратын жайың туралы ойлан! Өйткені тозаққа
барлық пенде баруы мүмкін екені саған білдірілген.
Алла Тағала былай дейді: «
Достарыңызбен бөлісу: