Шүбәсіз, ақыр соңында сен де өлесің, олар да өледі. Содан кейін қиямет күні
Раббыларыңның құзырында бір-біріңмен дауласатын боласыңдар
»
300
деген
мағынадағы аят түсірілгенде, Зубайр (р.а.): «Уа, Алланың Елшісі, бір-бірімізге тиесілі
күнәлар қайтадан тергеле ме?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған:
«
Әлбетте, әрбіреуге ақысы қайтарылып берілуі үшін қайтадан тергеуге
алынады
»,
– деп жауап берді. Мұны естіген Зубайр (р.а.): «Құдай-ай, іс қиын екен!»
301
–
деді.
300
«Зумәр» сүресі, 30-31.
301
Ахмад ибн Ханбал, Тирмизи.
Сондай-ақ қателіктер немқұрайды қалдырылмаған, күнәсіз кісіні бір нұқыған не
айтылған бір ауыз сөз де есепсіз қалмаған, жабырқаған кісінің ақысы әділетсіздік
жасаған кісіден алынған күнді қазірден жақсы ойлан.
Әнәс (р.а.) айтады: Бір күні Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегенін естідім: «Алла
жалпы адамзатты тыр жалаңаш және шаң-топыраққа араласқан жағдайда қайтадан
тірілтіп, Махшарда жинайды. Содан соң жақыннан да, алыстан да естілген үнмен
былай дейді: «Мен Патшамын және Сұлтанмын! Пейішке кіретін пенде мойнында бір
тозақының ақысы бар болса, бұл ақы тозақыға берілмей тұрып пейішке кіре алмайды.
Сондай-ақ бір тозақының мойнында пейішке кіретін пенденің ақысы бар болса, Мен ол
ақыны тозақыдан алып пейішке кіретін кісіге бермейінше тозақы тозаққа кірмейді. Бұл
ақы бір-ақ нұқу болса да солай».
Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Бұл қалай іске асады? Себебі біз Махшар алаңына тыр
жалаңаш, шаң-топыраққа оранып, яғни басқа еш нәрсеміз жоқ күйде барамыз ғой?» –
деп сұрадық. Алла Елшісі (с.а.с.): «
Ақының алашақ-берешегі сауап және күнәлармен
іске асады
»,
– деп жауап берді»
302
.
302
Ахмад ибн Ханбал, 3495.
Уа, Алланың пенделері! Басқалардың мал-мүлкін тартып алғаннан, намысына қол
салғаннан, көңілін қалдырғаннан, жаман мәміле жасағаннан сақтаныңдар. Өйткені
Алла мен пенденің ортасындағы күнәлар ғана тез кешіріледі.
Мойнында басқа біреудің ақысы бар пенде тәубе келтіргенімен ақы иелерінен
кешірім сұрау мүмкіншілігін таба алмаса, онда ақылар иелеріне қайтарылатын күнге
дайындалумен қатар жақсы істерді көп жасауы керек. Алла мен пенденің ортасындағы
жасырын орындалған істерді ықыласпен жалғастыруға тиіс.
Әнәс (р.а.) айтады: «Бір күні Пайғамбарымызбен (с.а.с.) отырғанымызда, оның
тістері анық көрінетіндей күлгенін көрдік. Әзірет Омар (р.а.): «Уа, Алланың Елшісі, ата-
анам саған садақа болсын, неге күлдіңіз?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.):
120
«Үмбетімнен екі кісі Алланың алдында тізе бүгіп тұрған. Біреуі: «Уа, Жаратқан Ием, бұл
бауырымнан ақымды алып бер», – деп айтты. Алла арғы кісіге: «Бауырыңның ақысын
бер», – деп бұйырды. Берешегі бар кісі: «Ешбір жақсы ісім қалған жоқ», – деді. Алашағы
бар кісіге Алла Тағала: «Қалай қыласың, бауырыңның саған берер сауапты ісі
қалмапты», – дегенде, ол: «Олай болса менің ақыма сай күнәмді мойнына алсын», –
деді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл сөздерін айтып жатып, көздерінен жас төгіліп: «Ол күн
өте қатал күн, әрбір күнәһар ептеп күнәсін жүктейтін біреуді іздейді», – деді. Содан соң
одан ары сөздерін былай жалғастырды: «Сонда Алла Тағала алашағы бар кісіге:
«Басыңды көтеріп, пейіш бақшасына қара», – деп айтты. Адам басын көтеріп: «Уа,
Жаратқан Ием, алтыннан тұрғызылған бірнеше хансарайларды және інжулермен
әшекейленген қалаларды көріп тұрмын. Бұлар қай пайғамбарға не қай сыддыққа не қай
шейітке дайындалды?» – деп сұрайды. Алла Тағала: «Сен көріп тұрған бұл үй мен
хансарайлар маған ақысын төлегендерге беріледі», – деп айтады. Алашағы бар кісі:
«Уа, Жаратқан Ием, олардың ақысын саған кім төлей алады?» – дегенде, Алла Тағала:
«Сен бере аласың», – дейді. Адам: «Оның ақысы не?» – деп сұрағанда, Алла Тағала:
«Жолдасыңдағы ақыңды кешіп жіберуің», – дейді. Сонда алашағы бар кісі: «Уа,
Жаратқан Ием, ондағы ақымды кештім», – дейді. Алла Тағала сонда: «Олай болса
бауырыңды қолынан жетектеп алып пейішке кір», – деп бұйырады.
Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) бізге: «Алладан қорқыңдар, орталарыңда болып
кеткен келіспестіктерді тыныш жолымен шешіңдер. Алланың мүминдерді жарастырып
жатқанына куә болудасыңдар»
303
,
– деді.
303
Хаким, Мустадрак.
Өзіңше ойланып көрші. Егер қиямет күні дәптерің күнәдан таза болса не Алланың
кешірімімен бақытқа жетеріңді білсең, сұрақ алынған жерден пейішке жол тартып,
шексіз қуанышқа жетесің.
Міне, сонда қуаныштан жүрегің қабынан шығып кеткендей болады. Жүзің айдың он
төртіндей жарқылдайды. Мойныңдағы барлық жүкті алып тастағандай жеңілдеп,
басқалардың алдында абыроймен басып, Жаратқанға разы болғаныңды елестет.
Дүние түгел сенің сұлулығыңа және бақытыңа сұқтана қарайды. Періштелер сені шыр
айналып: «Бұл пәленше ұлы түгенше. Алла одан разы болды және оны разы қылды.
Ол енді шексіз бақытқа жетті!» – дейді.
Міне, сондай дәрежені бұл дүниедегі екі жүзділіктен, жалтақтау және жасандылық
пен кісілерге жағымпазданудан артық көрмейсің бе? Егерде бұл мәртебенің тағы
пайдалырақ екенін білсең, нақтылап айтқанда, екеуін бір-бірімен салыстыруға да
болмастығын қабыл алсаң, Аллаға шын ықыласыңмен беріліп, ақ ниетіңмен сол
дәрежеге жетуге әрекеттен. Бұл мәртебеге жетудің бұдан басқа жолы жоқ екендігі де
айдан анық.
Сен мән бермеген, бірақ Алланың алдында ауыр деп саналған күнәң бар болса, міне,
сол күнә себепті Алланың қаһарына ұшырап, Ол саған: «Ей, жаман адам, саған мың
лағынет, сенің ғибадатыңды қабыл алмаймын», – десе, бұл сөзді естісімен жүзің
қарайып, Алланың қаһарына қалғаның үшін періштелер де саған қаһарын төгіп, «Біздің
және бүкіл жандылардың лағынеті болсын!» – дейді. Сонда азап беруші періштелер де
айбатты, өте қорқынышты көріністе саған шап беріп, төбе шашынан ұстап, елдің
көзінше сені жер сүздіріп сүйрейді. Топырлаған көпшілік сенің жүзіңнің қарайғанына
және жаман жағдайыңа қарап тұрады.
Сонда сен «Содан гөрі өліп жоқ болсамшы!» – деп налып айқайлап-өкіресің.
Забанилер (азап беруші періштелер): «Бір мәрте өліп жоқ болуын емес, көп мәртелік
өлімді жәрдемге шақыр!» – дейді.
121
Періштелер сені: «Бұл адам пәленше ұлы түгенше. Алла бұның жамандықтарын
және күнәларын әшкере қылып, қарғады. Ол мәңгілік бақытсыздыққа ұшыраған», – деп
бәріне естірте жар салады.
Бұл жаман нәтиже бұл дүниеде елден жасырын не елкөрсіндік үшін әдейі көріну не
ел арасындағы абыройыңнан айырылып қалудан қорқып жасаған бір ғана күнәң үшін
басыңа келуі мүмкін. Бұл дүниедегі уақытша және ақыреттегіге қарағанда өте аз кісінің
алдында ұятқа қалудан қорқып, ақыреттегі сансыз көпшіліктің алдында ұятқа қалудан
қорықпағаның қандай надандық! Сондай-ақ ақыр аяғында Алланың қаһарына ұшырап,
жан қинаған азапқа қалып, забанилердің қолында тозаққа түсу де бар. Ақыретте душар
болатын сондай қиын жағдайлар бар, бірақ сен қорқынышты сезгендей емессің!
Достарыңызбен бөлісу: |