Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет92/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Мал-мүлкіңді алдыңа жөнелт 
(жақсылық жолда жұмса). Өйткені мүминнің жүрегі мал-мүлкіне байланып тұрады. 
Демек, оны өзінен бұрын (ақыретке) жіберсе ғана оған өлімнен соң жеткісі келеді. Ал 
енді оны артында қалдырса, өзі де қалып, онымен бірге болуын қалайды
», 
– дейді. 
Алла Елшісі (с.а.с.): «
Адам баласының үш досы бар. Бірі жаншыққанша оған ереді, 
екіншісі қабірге кіргенге шейін жанында болады, үшіншісі қайтадан тірілтіліп, 
Алланың алдына барғанша жанынан ажырамайды. Өлгенше жанында жүрген –мал-
мүлкі. Қабірге кіргенге шейін серік болған досы – дос-жары. Қайтадан тірілтіліп, 
Алланың алдына барғанға шейін жанынан ажырамаған досы – жасаған істері
»
313
 
деген. 
313
 
Тарғиб уә Тархиб, 4728. 
Хауарилер (апостолдар) Исадан (а.с.): «Неге сен судың үстінде батпай жүре аласың-
дағы, біз жүре алмаймыз?» – деп сұрағанда, Иса (а.с.) қайта өздеріне: «Дүние мен 
ақшаны қалай көресіңдер?» – деп сұрақ береді. Хауарилер: «Олар біз үшін жақсы 
нәрселер», – дейді. Иса (а.с.): «Ал енді мен үшін олардың лайдан айырмасы жоқ», – 
деп айтқан. 
Салман Фариси Әбу Дардаға (р.анһума) мынадай хат жазады: «Уа, бауырым, бұл 
дүниеде шүкір келтіре алмайтындай мүлік жинай көрме! Өйткені мен 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Бұл дүниеде Алланың бұйрықтарына мойынсұнған кісі 
мал-мүлкі алдына салынған жағдайда Сырат көпіріне әкелінеді. Мал-мүлкін алдына 
салып Сырат көпіріне шығайын дегенде, мал-мүлкі: «Өте бер, өйткені сен мойныңдағы 
Алланың ақысын бердің (шүкіршілігін қылдың)», – дейді. 
Оның артынан бұл дүниеде Алланың бұйрықтарын орындамаған біреу Сырат 
көпірінің басына әкелінеді. Оның мал-мүлкі үстіне артулы болады. Сол жүкпен Сырат 
көпірге шықпақшы болғанда үстіндегі мал-мүлкі кісіге: «Қарашы басыңа келген бәлені! 
Бұрын Алланың мендегі ақысын бермейтін едің!? (Шүкіршілік қылмайтын едің!)», – 
дейді. Мал-мүлік пендеге бұл сөздерді тоқтаусыз қайталап айта бергендіктен, кісі 
аяғында «Басыма келгендерді қарашы, (бұдан гөрі) жоқ болып, құтылсам ғой, әттең!» 
– деп айқайлайды». 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Біреу өлгенде, періштелер: «Ақыреті үшін бұрын не 
жіберді екен!» – десе, кісілер: «Артында не қалдырды екен?» – дейді
», 
– деп айтқан. 
Алла Елшісі (с.а.с.): «
Екі шырпыға ие болмаңдар, дүниені сүйіп қаласыңдар
», 
– деп 
айтқан. 
Риуаяттарға қарағанда, Әбу Дарданы (р.а.) бір кісі сөгіп, жамандық жасағанда ол: 
«Уа, Жаратқан Алла! Маған жамандық жасаған кісіге денсаулық, ұзын өмір және көп 
байлық бер», – деп жауап айтады екен. 


123 
Біз куә болғандай, Әбу Дарда (р.а.) байлықтың қоштауындағы денсаулық пен ұзын 
өмірді бәлелердің ең үлкені деп есептеген. Өйткені мынадай кісіні мал-мүлкі шектен 
шығаруы анық. 
Әзірет Али (р.а.) алақанына бір дирхамды қойып тұрып: «Сен менің қолымнан 
шықпай тұрып маған еш пайда келтірмейсің», – деп айтқан. 
Риуаят бойынша, халифа Омар (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұбайы Зейнеп 
бинт Жахшқа (р.а.) қазынадан бірнеше өлшемде ақша жібереді. Зейнеп: «Бұл не?» – 
деп сұрағанда, ақшаны алып келгендер: «Мұны саған әзірет Омар жіберді», – деп 
жауап береді. Әзірет Зейнеп: «Алла оның күнәларын кешірсін», – деп Омарға (р.а.) 
дұға қылады. Содан соң ескі жаулығын ортадан екіге айырып, келген ақшаны 
туғандарына, жақындарына және олардан қалған жетімдерге бөлістіріп, шүберектерге 
салады да, алақан жайып: «Уа, Жаратқан Алла, осыдан кейін Омардың сый-тартуы 
маған келмесін», – деп дұға қылады. Әзірет Зейнеп Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
артынан жұбайларының арасынан бірінші болып дүниеден қайтқан. 
Хасан Басри (рахимаһуллаһу): «Аллаға ант етейін, қолында бар кісі Алланың 
алдындағы қадірін жоғалтады», – деген. 
Риуаяттарға қарағанда, ақша басылғанда шайтан оны алдына қойып сүйеді. Сосын: 
«Саған қызыққан кісі – менің шынайы құлым», – деп айтады. 
Сумат ибн Ажлан (рахимаһуллаһу): «Ақша – мұнафықтардың (екі жүзділердің) жүгені, 
тозаққа сонымен жетеленіп барады», – деп айтқан. 
Яхия ибн Муаз (рахимаһуллаһу) былай дейді: «Ақша ұлы шаян сияқты. Егер оны 
жөнге сала алмасаң, онда мүлдем қолыңа алма. Өйткені ол сені шағатын болса, уы 
сені өлтіреді». 
Яхия ибн Муаздан «Ол қайтіп жөнге салынады?» – деп сұрағанда, «Адал жолмен 
тауып, орынды пайдаланумен», – деп жауап берген. 
Ала ибн Зияд (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Дүние барша әсемдігімен маңайыма 
келді. Оны көргенде: «Алла сенің жамандығыңнан сақтасын», – дедім. Оған тіл бітіп: 
«Егер Алла сені менен сақтауын қаласаң, ақшаны сүйме», – деп айтты. 
Дүниенің бұл жауабы өте дұрыс. Өйткені ақша – дүниенің өзегі. Өйткені ақшамен 
дүниедегі барлық нәрсені сатып алуға болады. Демек, ақшадан аулақ болғандар 
дүниеден аулақ болады». 
Риуаят бойынша, әмәуи басшыларының бірі Мусаллама ибн Абдулмалик өлім 
төсегінде жатқан халифа Омар ибн Абдулазиздің жанына келіп: «Уа, мүминдердің 
басшысы, сен бұрынғы әмәуи халифаларының ешбірі жасамаған істі жасап, бала-
шағаңды мал-мүліксіз қалдырдың», – деді. Халифаның он үш баласы бар еді. 
Омар ибн Абдулазиз бұл сынды естігенде: «Мені отырғызыңдар», – деді. Оны 
отырғызғанда, Мусалламаның сынына жауап қайтарып былай деп айтты: «Бала-
шағама мал-мүлік тастамағаным туралы айтатын болсам, мен олардың ешбір ақысын 
жегенім жоқ және оларға басқалардың ақысын да жегізбедім. Менің балаларым екі 
түрлі кісінің бірі болады. Не Алланың бұйрығына лайық өмір сүреді. Олай жасаса 
оларға Алла жеткілікті. Өйткені ол жақсы кісілерді сақтайды. Не Алланың бұйрығына 
қарсы шығады. Егер сондай болса, олардың маған қатысы жоқ». 
Риуаятқа қарағанда, Мухаммад ибн Кәғбул Қаразидің (р.а.) қолына үлкен байлық 
тигенде, оған: «Қолыңа тиген мұнша мүлікті балаларыңа мирас үшін сақтап қоймайсың 
ба», – дейді. Ол бұл сөзді айтқандарға: «Одан гөрі бұл байлықты өзім үшін Алланың 
алдында жинаймын. Балаларымның ризығын болса Алла Өзі береді», – деп жауап 
береді. 


124 
Біреу Әбу Абдуррабқа (р.а.) келіп: «Бауырым, жамандықты өзіңмен қоса ала кетіп, 
бала-шағаңа байлық тастама», – дейді. Сонда Абдурраб байлығының жүз мың 
дирхамын садақа қылып таратады. 
Яхия ибн Муаз (рахимаһуллаһу): «Өлім сәтінде мал-байлыққа байланысты екі 
бәленің теңдесі жоқ», – деп айтады. Оның сөзін естіп отырғандар «Ол қайсы бәлелер?» 
– деп сұрайды. Яхия: «Мал-мүлкің түгел қолыңнан алынғанымен оның бәріне жауап 
бересің», – дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет