Имам ғазали жүректің сырлары


Көр дүние  Алла Тағала былай дейді: « Уа, иман келтіргендер! Мал-мүліктерің мен бала-



Pdf көрінісі
бет91/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Көр дүние 
Алла Тағала былай дейді: «
Уа, иман келтіргендер! Мал-мүліктерің мен бала-
шағаларың (жүректерің мен ой-саналарыңды түгелдей жаулап) сендерге Алланы 
еске алуды ұмыттырмасын (яғни Аллаға лайықты түрде құлшылық етулеріңе 
кедергі келтірмесін). Біліп қойыңдар, кімде-кім солай істейтін болса, нағыз зиян 
шегетіндер – солар
».
304
 
304
 
«Мунафиқун» сүресі, 9. 
«
Дүние-мүліктерің де, бала-шағаларың да сендер үшін бірер сынақ (яғни 
сендерді хақ жолдан тайдыратын немесе адамдықтың кемеліне жеткізетін 
нәрселер), одан басқа түк те емес. Ал ең үлкен сый-сияпат, ең зор сауап Алланың 
құзырында
».
305
 
305
 
«Тағабун» сүресі, 15. 
Демек, мал-мүлкі мен бала-шағасын Алланың алдында табатын сауаптан артық 
көргендер соған алданады және ауыр зиян тартады. 
Алла Тағала былай дейді: «
Кімде-кім (істеген игі істері арқылы) осы дүние мен 
оның сән-салтанатын ғана қаласа, оларға дүниеде істеген игі істерінің қарымын 
толық қайтарамыз. Бұл дүниеде олардың еншісі кемітілмейді. Алайда ақиретте 
оларға тозақ отынан басқа еш нәрсе бұйырмайды. Олардың жалған дүниеде 
істеген бүкіл істері, тіпті жақсылықтарына дейін дүниеде қалып, ақирет 
тұрғысынан зая кетті, істеген барлық ісі түкке тұрғысыз болып қалды»
306
.
306
 
«Һуд» сүресі, 11/15-16. 
«Өзін (Аллаға) мұқтаж еместей көріп. Әйтсе де, шындығында, (өлгеннен соң) 
қайтар жол Раббыңа болмақ
».
307
 
307
 
«Алақ» сүресі, 7-8. 
Алла Елшісі (с.а.с.) былай деп айтқан: «
Байлық және атақ-даңққа қызығу – су буды 
өндіргендей, жүректе екі жүзділікті өндіріп, өсіреді
». 
«
Атақ-даңққа, байлық пен билікке қызығудың мұсылманның дініне келтірген 
зияны бір қора қойға шапқан қасқырдан да ауыр
»
308

308
 
Тирмизи, 2376; Нәсаи, Сунанул құбра. 
«
Алланың пенделері арасында пәленшеге осыншама, түгеншеге осыншама 
берілсін дегендерден басқа көптеген бай кісілер ақырет бақытсыздығына 
ұшырайды. Бірақ әлгіндей адамдар өте аз
»
309

309
 
Ибн Мажа, 4129; Ахмад ибн Ханбал. 
Алла Елшісі (с.а.с.) тағы бір хадисінде: «
Келешекте бір ел болады. Олар дүниенің 
ең әдемі және тәбет ашқан тамақтарынжеп, жақсы бағылған, мықты аттарға 


122 
мініп, ең сұлу және қылықты әйелдерге үйленіп, ең жақсы және ұнамды киімдерді 
киінгенімен қарындары азға, көздері көпке тоймайды. Күн-түн демей дүние үшін тер 
төгеді. Алланы тастап, дүниеге сиынады. Оның бұйрықтарына және нәпсінің жөнсіз 
қалауларына мойынсұнады
»
310

310
 
Табарани, Муғжамул кәбир. 
Алла Елшісі (с.а.с.): «
Дүниені оған қызыққандарға тастаңдар. Мұқтаждықтарынан 
шектен 
тыс дүние 
жинағандар 
өздері 
байқамай 
бастарына 
бәле 
дайындайды
»
311
 
деген. 
311
 
Жамиғус Сағир, 4220. 
Тағы бір хадисте: «
Адам баласы «Мал-мүлкім, мал-мүлкім!» дей береді. Шынында, 
сенің жеп тауысқаныңнан, киіп ескірткеніңнен және садақа қылып беріп, келешек 
үшін бөлгеніңнен басқа не дүниең бар еді?
»
312
 
деп айтылады. 
312
 
Мүслим, 5958; Тирмизи, 2342. 
Бір кісі Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Уа, Алланың Елшісі, неге өлімді жақсы 
көрмеймін?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мал-мүлкің бар ма?» – деді. 
Әлгі: «Бар», – деп жауап берді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет