131
Алла – Азиз (ұлы, бәрінен үстем), Хаким (әр ісі мен әрбір үкімінде талай хикмет
болған асқан даналық иесі)
»
337
деген мағынадағы аяты туралы Хасан Басри
(рахимаһуллаһу) былай дейді: «Тозақыларды от күніне жетпіс мәрте күйдіреді. Бірақ
әр мәртесінде оларға «Бұрынғы жағдайларыңа қайтыңдар» деп бұйрық берілгенде
дереу бұрынғы жағдайына келеді».
337
«Ниса» сүресі, 56.
Енді тозақылардың зарлап жылауын, өкіріп-бақыруын, «Әттең-ай, бұдан гөрі өліп жоқ
болып, құтылсақ қой!» – деп боздағанын елестетіп көр. Олар тозаққа кірісімен сол
жағдай басталады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «
Қиямет күні тозақ әрбірін жетпіс мың
періште сүйреген жетпіс арқанмен тартылып келіп, орнына құрылады
»
338
.
338
Мүслим, 2842.
Әнәс ибн Мәликтің риуаяты бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «
Тозақылар ойға
шомылып, көз жастары құрғағанша жылайды. Көздерінде жас қалмай суалып
қалғанда қан ағады және олардың көзінен аққан қан кеме жүзетіндей көлге
айналады
»
339
деген.
339
Ибн Мажа; Әбу Йағла.
Жылағанда, «Әттең-ай, бұдан гөрі өліп құтылсамшы!» деп айқайлап-өкіріп тұрғанда,
біраз көңілдері тыншиды. Бірақ бірнеше уақыттан кейін соған да тыйым салынады.
Мұхаммед ибн Кәғбтың айтуы бойынша, тозақылардың төрт сұрағына Алла Тағала
жауап береді. Содан соң бесінші сұрақты сұрай алмайды. Тозақылардың осы
өтініштері мен Алла Тағаланың оларға беретін жауаптары Құранда төменгіше
баяндалады:
Алғашқы өтініште: «
Достарыңызбен бөлісу: