Имам ғазали жүректің сырлары


Алайда іс мұнымен бітпейді, артынша (әлгі



Pdf көрінісі
бет98/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Алайда іс мұнымен бітпейді, артынша (әлгі 
тоңмойын, озбыр) жаһаннамға тасталады және онда оған қан мен ірің аралас 
сусын ішкізіледі. Ол әлгі (жиіркенішті) сусынды амалсыздан аз-аздан ұрттап 
ішуге тырысады, алайда тамағынан өткізе алмайды. Өлім оған жан-жағынан 
келіп құрсау салады, бірақ ол сонда да өлмейді. Артынша оған басқа да адам 
айтқысыз ауыр азап бар
»
332
 
деген аят туралы Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: 
«
Іріңді қайнаған су жақындатылғанда тозақтағы кісі одан жиіркенеді. Алдына 
қойылғанда жүзі күйіп, басының терісі сылынып түседі. Одан ішкенде ішектері 
майдаланып, арт жағынан шығады
». 
332
 
«Ибраһим» сүресі, 16-17. 
Алла Тағала айтады: «
Тақуа жандарға уәде етілген жаннаттың мысалы: онда 
суы әсте лайланбайтын һәм борсымайтын тұп-тұнық өзендер, дәмі еш 
өзгермейтін (ашымайтын) сүттен өзендер, ішкен жанды ерекше ләззатқа 
бөлейтін шараптан өзендер және қоспасыз таза балдан өзендер бар. Сондай-ақ 
олар үшін онда сан алуан жемістер мен Раббыларының шексіз кеңшілігі де 
болады. (Ендеше, осынау әсте түгесілмейтін нығметтерге бөленген тақуа 


130 
жандар) мәңгі-бақи тозақта қалатын һәм қайнаған сумен суарылғандарында 
ішек-қарындарының парша-паршасы шығатын бейбақтармен тең бе?
»
333
 
333
 
«Мұхаммед» сүресі, 15. 
«
(Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Ақиқат – Раббыларыңнан келген (осынау Құран). Ал 
енді қалаған жан иман келтірсін, қалағаны – күпірлік қылсын», – деп айт. Шүбәсіз, 
Біз (күпірлік қылу арқылы) өзіне де, өзгеге де қиянат жасаған залымдар үшін 
өткел бермес дуалдай созылып әрі ұзарып оларға жан-жақтан құрсау салатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет