191
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Әрбір берілген қарыз – садақа болып саналады», – деп
айтқан.
Садақа туралы тағы көптеген хадистер бар: «Миғраж түні пейіштің есігінде «Әр
садақаның сауабы он есе. Берілген қарыздың сауабы он сегіз есе» деп жазылғанын
көрдім».
«Қиыншылықта қалған пенденің ісін жеңілдеткен кісіге Алла Тағала бұл дүние және
ақыретте жеңілдік көрсетеді».
Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Ислам дінінде ең жақсы істер қайсылары?» – деп
сұрағанда, «Тамақ беруің және танығаныңа да, танымағаныңа да сәлем беруің», –
деді.
Сахабалардың бірі Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Барлық нәрсенің басы, бұлағы не
екенін айт», – дейді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Барлық нәрсе судан жаратылған», – деп
жауап береді. Сұрақты сұраған сахаба: «Пайғамбарымыздан «мен орындасам пейішке
кіре алатын істі айтсаңыз», – десем, ол маған «Мұқтаждарға тамақ жегіз, сәлем бер.
Жақындарыңа жақсылық жаса. Түнде басқалар ұйқыда жатқанда намаз оқысаң, сау-
сәлемет пейішке кіресің», – деді», – деп айтқан.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алланың рақымын алып келетін нәрселердің бірі –
мұсылман жарлының қарнын тойдыру», – деп айтқан.
Басқа бір хадисте: «Мұсылман бауырының қарнын тойдырған және шөлі қанғандай
су берген кісіні Алла тозақтың жетпіс шұңқырынан алыстатады, әрбір екі шұңқырдың
ортасы бес жүз жылдық қашықтық», – деп айтылады.
Алла Елшісі (с.а.с.) төменгідей хадисті де айтып кеткен: «Қиямет күні Алла Тағала:
«Уа, адам баласы! Ауырдым, жағдайымды сұрап келмедің», – десе, пенде: «Сен
әлемдердың Иесісің. Мен Сені қайтіп зиярат қыла алмақпын?» – дейді. Ұлы Жаратқан:
«Білмедің бе? Пәленше пендем ауырғанда жағдайын сұрап бармадың. Оның жағдайын
сұрап барсаң, Мені оның жанынан табатын едің», – дейді.
Одан: «Уа, адам баласы! Сенен тамақ-ас сұрасам, маған тамақ-ас бермедің?» –
дейді. Пенде: «Уа, Жаратқан Ием. Сен әлемдердың Иесі болсаң, мен Саған қайтіп
тамақ бере алмақпын?» – деп сұрайды. Алла Тағала: «Пәленше пендем сенен тамақ-
ас сұраса, бермедің. Егер оған тамақ-ас берсең, оның сыйын Менің алдымда
көретініңді білмедің бе?» – деді.
Одан: «Уа, адам баласы, Сенен су сұрасам, бермедің», – дегенде, пенде: «Уа,
Жаратқан Ием, сен әлемдердың Иесі болсаң, мен Саған қайтіп су бермекпін?» – деп
сұрайды. Алла Тағала: «Сенен пәленше пендем су сұраса, бермедің. Егер оған су
берсең, сыйлығын Менен аларыңды білмедің бе?» – дейді.
Достарыңызбен бөлісу: