197
Басқа бір хадисте айтылғаны бойынша, Алла Тағала Жәбірейіл,
Микаил және
Исрафилді (аләйһимус-сәләм) қайтадан тірілткенде олар дереу Бұрақ атын және бір
қабат пейіш киімін алып Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қабіріның жанына түседі. Сол
замат қабірдің топырағы жарылып ашылады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Жәбірейілге
қарап: «Бұл қай күн?» – деп сұрайды. Жәбірейіл (а.с.): «Бүгін қиямет күні», – дейді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Уа, Жәбірейіл, Алла Тағала үмбетімді не қылды?» – дегенде,
Жәбірейіл (а.с.): «Кейінірек айтайын, сен жерден бірінші болып шықтың», – деп жауап
береді.
Әбу Һурайраның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Алла Тағаланың: «Уа,
адамзат және жындар! Мен сендерге керекті насихатты айттым. Енді істерің
дәптерлеріңе жазылды. Жақсылыққа жеткендер Аллаға мақтау айтсын. Басқа нәрсеге
ұшыраған пенде өзінен басқаны айыптамасын» деген сөзін айтып кеткен.
Риуаятқа қарағанда бір күні Яхия ибн Муаз ар-Рази (рахматуллаһи аләйһи) қатысып
отырған бір мәжілісте: «Күндердің күнінде Алланы қадір тұтып, Оған асылық қылудан
қорыққан тақуа жандарды сыйлы да құрметті қонақ
ретінде Рахманның дәргейіне
қошеметтеп жинаймыз. Ал күнәға белшелерінен батқан күнәһарларды кенезесі кепкен
күйде жалынды жаһаннамға айдаймыз»
489
деген мағынадағы аят оқылғанда, ол: «Уа,
адамдар! Біразға көңіл бөліңдер! Ертең махшарда жиналасыңдар. Шартараптан топ-
топ болып келіп Алланың алдына тізілесіңдер. Жасаған істеріңнің әрбірі үшін жауап
бересіңдер. Аллаға жақын тақуалар көлікпен барады. Күнәһарлар Алланың азабына
жаяу және шөлдеген жағдайда алып барылып, топ-тобымен тозаққа түседі.
489
«Мариям» сүресі, 85-86.
Бауырларым! Алдарыңда сендердің есептеріңмен елу мың жылға тең бір күн бар. Ол
күн «теңселген күн», «жақындаған күн», «Ол күні адамзаттың бәрі Алланың алдына
тізіледі», «Ол күн уайым және өкініш күні», «Ол күні таласты және есептесу күні», «есеп
күні», «жәрдем сұрап сыздаған күн», «келері анық күн», «жүректер дірілдеген күн»,
«қайтадан тірілу күні», «әркім өз қолымен жасағандарын көретін күн», «кейбіреудің жүзі
ағарып, кейбіреуінікі қараятын күн», «Алланың алдына жүрегі таза келгендерден басқа
мал-мүлік, бала-шаға пайда бермеген күн», «залымдардың
сылтаулары қабыл
алынбайтын күн, олар үшін жаман жай дайындалған күн», – деп айтқан.
Муқатил ибн Сүлеймен (рахматуллаһи аләйһи): «Адамдар қиямет күні еш сөйлемей
жүз жыл күтеді, жүз жылды қараңғылықта қарманып өткізеді, жүз жыл толқын-толқын
болып Алланың алдында таласып-тартысады. Қиямет күні сендердің есептерің
бойынша елу мың жылға созылғанына қарамай ықыласты мүмин үшін ең қысқа
намаздың ұзындығындай-ақ болады», – деп айтқан.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Пенде төмендегі төрт
нәрседен есепке алынбайынша
құтылмайды. Олар:
1) Өмірін қайда өткізгені;
2) Денесін қайда жаралағаны;
3) Ілімімен қандай амал қылғаны;
4) Мал-мүлікті қайдан тауып, қайда жұмсағаны», – деп айтқан.
Алла Елшісі (с.а.с.): «Әр пайғамбардың сөзсіз қабыл болатын дұғасы бар, бәрі бұл
ақыларын сол дүниеде қолданды. Мен дұға қылу ақымды қиямет күні үмбетіме шапағат
үшін сақтадым», – деген.
Уа, Жаратқан Алла! Бізді Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Өзіңнің алдыңдағы
ұлылығының құрметі үшін оның шапағатына жеткізе көр!