Имам ғазали жүректің сырлары


Пейіштің сипаттары және пейіштегілердің дәрежелері



Pdf көрінісі
бет157/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Пейіштің сипаттары және пейіштегілердің дәрежелері 
Қиыншылықтары, азаптары жөнінде баяндалған тозаққа қарама-қарсы тағы бір жай 
бар. Енді сол жайдың нығметі мен рақатын ойла. Өйткені бұл жайлардың біреуінен 
алыс қалғандар сөзсіз екіншісіне жайғасады. 
Тозақтың азап, қиыншылықтары туралы көпке ойланып, жүрегіңді қорқу сезімі 
ұяласын. Пейіштегілерге дайындалған мәңгілік нығметтерді ойлап, көкірегіңде үміт 
пайда болсын. Сонда нәпсіңді қорқу қамшысымен қамшылап, үміт тізгінімен Тура 
Жолға бұрасың. Сөйтіп жан шыдағысыз азаптан құтылып, ұлы нығметке жетесің. 
Енді пейіштегілерді ойла. Жүздерінде қуаныш, мөрленген кеселерден пейіштің 
шарабын ішеді. Ақ інжуден жасалған шатырларда, қызыл жақұт кереуеттерде 
отырады. Жерге төселген кілемдері жасыл жібектен. Бал мен шарап аққан 
дариялардың жиегіне әсем орындықтар қойылған. Бұл дария жиектері хор қыздарға 
және қызметшілерге лық толған. 
Хор қыздар жақұт, ақықтай көрінеді. Оларға бұрын адам да, жын да тиген емес. Олар 
пейіште ары-бері саяхаттағанда көйлектерінің етектерін жетпіс ғылман
516
 
көтеріп 
жүреді. Олардың жібек киімдері көз жауын алады. Бастарында інжу, ақық тастар бар. 
Хор қыздар еш қартаймайды. 
516
 
Пейіштегі қызметшілер. 


212 
Пейіш бақшаларының ортасында құрылған жақут сарайлардың бөлмелерінде 
болады. Бал-бұл жайнаған көздерімен өз мырзаларынан басқаға қарамайды. 
Пейіштегілерге және хор қыздарға кеселермен дәмді, ақықтай тұнық сусындар 
ұсынылады. Оларға ақықтай болған жастар қызмет жасайды. Пейіштегілер бұл 
дүниеде жасаған істерінің сыйлығы ретінде қауіпсіз жайға жайғасады. Олар мөлдір 
бұлақтар аққан ұнамды бақшаларда сайрандайды. 
Мәңгілік қайғы-мұңсыз көңілді өмір сүреді. Өлім және ауру-сырқау деген 
қиыншылықтары да жоқ. Әртүрлі нығметтердің дәмін татады. Тамсандырған 
тамақтарын жеп, сүт, бал, шарап суларынан ішеді. Ол жайдың топырағы күміс, шағылы 
ақық, топырағы миск, өсімдігі шафран иісті. Жұпар иісті жаңбыр жауады. Бұл сулар 
түрлі-түсті кеселермен ұсынылады. Інжу, жақут және ақықпен әшекейленген кеселер 
шарап қосылған тәтті суға толып, жарқыраған кесе шағылысқанда шарапты жағымды 
көрсетіп, тәбетті ашып тұрады. 
Бұл кеселерді жүзі жарқыраған қызметшілер ұсынады. Олардың жарқыраған жүзінің 
жанында күн нұры байқалмай қалады. 
Сондай дүниенің бар екеніне және ол жайға кіргендер өлместікке жететініне және 
ешқандай бәлелерге душар болмайтынына сенген кісінің бұл жалғандағы тез 
бұзылуына, уақытша дүниеге беріліп кеткеніне таңғаласың. Аллаға ант етейін, 
ақыретте өлім, аштық, шөлдеу жоқ болуымен бірге, денсаулық қана болса, сол үшін 
бұл дүниенің орнына ақыретті таңдауға татиды. Пейіште сондай-ақ қайғы-мұң да жоқ. 
Бұл дүние пейіштен қайтіп артық болсын! Пейішке кіргендер қауіпсіздікте патшадай 
өмір сүреді! Әрқалай қуанышқа бөленеді, оларға қалаған нәрсесі беріледі. Әр күні 
Аршқа жақындап Алланың Нұр Жамалын көреді. Алланың жүзін көргенде, пейіштің 
басқа нығметтерінен асып түсетін рахатқа бөленеді. Олар пейіштің нығметтерінің 
құшағында сайрандайды және ол «рақат жоқ болады» деп қорықпайды. 
Әбу Һурайраның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Пейіште: «Уа, 
пейіштіктер! Сендерге мықты денсаулық беремін, бұдан кейін еш ауырмайсыңдар. 
Өлместікке жетесіңдер. Қартаймай жас күйі қаласыңдар. Үмітсіздік қосылмаған зор 
бақытқа жетесіңдер», – деп айтылады», – деген. 
Алла Тағаланың төмендегі аяты бұл ақиқатты баяндайды: «Сонда оларға: «Міне, 
пейіш бақтары! Сендер бұрын жасаған істерің үшін соның мирасқоры болдыңдар», – 
деп айтылады». 
Пейіштің қандай екенін білгің келсе, Құран Кәрімді оқы, өйткені ешкім Алладан жақсы 
суреттей алмайды. 
Мысалы, «Раббысының құзыры дегенде (яғни, Раббысының алдына баратын күнді 
ойлап) аза бойы қаза болатын мүмінге екі бірдей жаннат бар»
517
 
деген аяттан бастап 
«Рахман» сүресі, «Уақиға» сүресін және басқа соған байланысты аяттарды оқы. Егер 
пейіш туралы Пайғамбарымыз (с.а.с.) берген кеңірек мағлұматтарды білгің келсе әуелі 
пейіштің санынан баста. 
517
 
«Рахман» сүресі, 46 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) «мүмінге екі бірдей жаннат бар» деген аят туралы: «Екі 
пейіштің ыдыс-аяғы, бұйымдары күмістен, қалған екі пейіштегі нәрселер алтыннан. 
«Адн» пейішіндегілер Жаратқан Иесін көргенде олар мен Алланың ортасында 
«Ұлылық пердесі» болады», – деп айтқан. 
Әбу Һурайраның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім мал-мүлкінен 
екеуін Алла жолында садақа қылатын болса, пейіштің барлық есігінен шақырылады. 
Пейіштің сегіз есігі бар. Кім намазын толық оқып жүрсе, намаз есігінен шақырылады. 
Кім оразасын қалдырмай ұстаса, ораза есігінен шақырылады. Кім садақа беріп жүрсе, 


213 
садақа есігінен шақырылады. Кім Алла жолында күресіп жүрген болса, жиһад есігінен 
шақырылады», – деген. 
Сонда Әбу Бәкір (р.а.): «Бір пенде бұл есіктерінен бірінен шақырылуының зәрулігі 
жоқ. Бірақ бір пенде сол есіктердің бәрінен бірдей уақытта шақыру алуы мүмкін бе?» – 
деп сұрады. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ондайлар да бар. Сенің де солардан болуыңды 
тілеймін»
518
 
деп жауап берді. 
518
 
Бұхари, 2741, 3216; Мүслим, 1027. 
Асим ибн Дамра
519
 
(р.а.) әзірет Алидің айтқандары туралы баяндайды: «Әзірет Али 
тозақ туралы сөз қозғап, оның қорқыныштарын айтып берді. Содан соң пейіш және 
пейіштегілер туралы сөз қозғап былай деді: «Жаратқан Иесінен қорыққандар 
(тақуалар) топ-тобымен пейішке алынып барып, пейіш есіктерінің біріне жақындағанда 
түбінен екі су атқылап ағып жатқан ағашқа тап келеді. Бұйрық бойынша, әуелі біреуіне 
жақындап суынан ішеді. Сонда іштеріндегі әрқандай ауру, қайғы-қасіреттің бәрінен 
арылады. Содан соң екінші суға барып жуынады. Онда пейіш сұлулығына ие болады. 
Одан кейін шаштары өзгермейді, кірлеп, шаң болмайды. Майлап қойғандай 
құлпырады. Пейіш есігіне жетіп, кірерде күзетшілер оларды тосып алып: «Ассәләму 
аләйкум! О, қандай сымбаттысыңдар, бұл жерде мәңгілік қаласыңдар!» – дейді. Содан 
соң оларды ғылмандар күтіп алады. Бұл дүниеде сырттан кіргенде сүйікті балалары 
тосып алғандай, пейіште оларды ғылмандар тосып шығады. «Алла сендерге 
пәлендей-түгендей нығметтерді дайындап қойды», – дейді. Содан соң бірнеше 
ғылмандар барып ол еркектерге тиесілі хор қыздарға хабар беріп, «Дүниеден пәленше 
деген атпен аталған кісі келді», – дейді. Содан соң хор қыз: 
519
 
Төртінші халифа әзірет Алидің тәрбиесін алған тәпсір ғалымдарынан. 
– Сен оны көрдің бе? – деп сұрайды. 
– Көрдім. Міне, артымнан келе жатыр, – дейді. 
Хор қыздар қуанған бойы есіктің жанына жетіп келеді. Пейішке кірген кісі өзіне 
дайындалған сарайдың жанына барып, оған таңдана қарайды. Домалақ інжулердің 
үстіне салынған қызыл, жасыл және сары түстегі сарайды көреді. Оның төбесіне 
қарағанда көздері ұялады. Егер сонда Алла сақтамаса, бәлкім, көздері соқыр болып 
қалмақ. Содан соң айналасына қараса, алдарына құмыралар қойылған биік тақтар 
тұрады. Тақтардың жанында қабат-қабат жастықтар, оны айнала қызмет жасаған 
ғылмандар жүреді. Сонда пейіштік болған пенде сарайдың дуалына сүйеніп: 
– Бізді тура жолға салған Аллаға мақтаулар болсын! Егер Алла бағыттамаса, біз тура 
жолды таба алмаушы едік, – дейді. Сонда: 
– Сол жайда мәңгі өмір сүресің. Жайғаса бер, бұдан кейін ешкім сенің мазаңды 
алмайды. Денің сау, ешқашан ауырмайсың, – деген үн естіледі. 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мынадай хадисі бар: «Қиямет күні пейіштің есігіне келіп, 
есіктің ашылуын өтінем. Күзетші періште: «Сен кімсің?» – деп сұрайды. Мен: 
«Мұхаммедпін», – дегенімде, күзетші періште: «Маған сенен бұрын пейіштің есігін 
ешкімге ашпау бұйырылған», – деп жауап береді». 
Адамдар бұл дүниеде жасаған құлшылығы және әдеп-ахлағымен бір-бірінен қалай 
ерекшеленіп тұрған болса, сондай-ақ жасаған істеріне сай алған сауаптары және 
ақыреттегі дәрежелері де түрлі болады. Әй, пенде! Егер ақыреттегі дәрежелердің ең 
жоғарғысына талапкер болсаң, бұл дүниеде жасаған ғибадатың және жақсы әдеп-
ахлағыңмен алдыңа адам салдырма. Алла Тағала айтқан: 
«Раббыларыңнан болатын кешірімге және Аллаға һәм елшілеріне шынымен иман 
келтіргендер үшін әзірленген, ені жеті қат көк пен жердің еніндей болған жұмақтан орын 


214 
алу үшін жарысыңдар. Міне, бұл – Алланың қалаған пенделеріне нәсіп ететін 
шарапаты. Алла – шексіз шарапат иесі»
520

520
 
«Хадид» сүресі, 21. 
«Оларға (зиянды нәрселерден ада, таза екенін білдіретін) мөрі бар тап-таза мөлдір 
шарап ұсынылады. Ішілген соң түбінен хош иісі аңқиды».
521
 
521
 
«Мутаффифин» сүресі, 25-26. 
Істің қызығы, мысалы құрбы-құрдастарыңның не көршілеріңнің біреуі байып кетіп, 
сенікінен жақсы үй салып алса, бұл саған ауыр тиеді. Жүрегің қысылып, 
көреалмастықтың отына күйесің. Негізінде, сен үшін маңызды нәрсе Аллаға мойынсұну 
және жақсы әдеп-ахлаққа ие болу жағынан жарысу емес пе?! Әдеп-ахлағы сенікінен 
жақсы болып, сенен озып кететіндер болуы мүмкін. Бұл дүниенің барлық жақсы 
нәрселерін жисаң да ақыреттегі нығметтерге және дәрежелерге тең бола алмайды ғой! 
Әбу Сағид әл-Худри риуаят етеді: Алла Елшісі (с.а.с.): «Пейіштегілердің арасынан 
өте жоғары дәрежеге ие болғандар бар. Олар асыл қасиеттерімен өзгешеленіп 
тұрғандықтан, сендерге шығыстан батыстағы жұлдыздардай алыс, биік болып 
көрінеді», – деген. 
Жанындағылар: «Уа, Алланың Елшісі, бұлар пайғамбарлардың дәрежесі ме? Ол 
дәрежелерге басқа кісілер жете алмай ма?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«Жаным қолында болған Иемнің атымен ант ішемін, Аллаға иман келтіріп, 
пайғамбарларының пайғамбарлығын растағандар да ол дәрежелерге жете алады. Биік 
дәреже иелері сендер аспанның бір шетінен шыққан жұлдызды көріп тұрғандай, өз 
тақтарында отырып оларды көріп тұрады. Әбу Бәкір мен Омар да олардың арасында. 
Олар да осындай нығметке жеткен», – деп жауап береді. 
Жәбир (р.а.) баяндайды. Алла Елшісі (с.а.с.) бір күні: 
– Сендерге пейіштегі әсем сарайлар туралы айтып берейін бе? – деп сұрайды. 
– Уа, Алланың Елшісі! Ата-анамыз саған садақа болсын, айтып берші, – деді 
жанындағылар. Сонда Пайғамбарымыз мен естіп отырғандардың арасында 
төменгідей әңгіме өрбіді: 
– Пейіште таза гаухардан салынған зәулім үйлер бар. Сырты ішінен, іші сыртынан 
көрінеді. Ол жайда көз көрмеген, құлақ естімеген және ешкімнің қиялына да келмеген 
нығметтер, ләззаттар және қуаныштар бар. 
– Ол сарайлар кім үшін? 
– Ол сарайлар сәлемдесу жоралғысын жайған, біреудің қарнын тойдырған, үздіксіз 
ораза ұстаған және бәрі ұйықтап жатқанда намаз оқығандар үшін. 
– Бұларға кімнің күші жетеді? 
– Менің үмбетім мұны орындай алады. Бұл қалай болатынын сендерге айтып 
берейін: Кім мұсылман бауырымен жолыққанда сәлем берсе, сәлемдесу жоралғысын 
жайған болып есептеледі. Өзінің бала-шағасының қарнын тойдырса, «Басқаның 
қарнын тойдырғандардың» тобына қосылады. Рамазанмен қоса әр айда үш күннен 
ораза ұстаса, үздіксіз ораза ұстаған болады. Құптан және таң намаздарын жамағатпен 
оқығандар, басқалар (яғни яһудилер, христиандар және отқатабынушылар) ұйқыда 
жатқанда намаз оқыған болып есептеледі. 
Алла Елшісі (с.а.с.): «Сонда (Алла) күнәларыңды кешіріп, (жайқалған жасыл 
бауларының арасымен және зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағатын жаннат 
бақшаларына, түгесілмейтін нығмет пен мәңгілік шаттық мекені Адн жаннатындағы 
керемет үй-жайларға орналастырады. Ең үлкен жетістік, ең зор табыс деген – 
осы»
522
 
деген мағынадағы аят туралы сұраққа: «Інжуден сарайлар, әрбір сарайда қызыл 
жақуттан жетпіс үй бар. Әр үйдің жасыл изумрудтан жетпіс бөлмесі бар. Әрбір бөлмеде 
жетпістен жататын орын, әр орында әр түрден жетпіс төсек, әр төсекте ботагөз хор қыз 


215 
болады. Әр бөлмеде жетпіс дастархан, әр дастарханда жетпіс түрлі тамақ бар және әр 
бөлмеде жетпіс қызметші болады. Әр таңда бұлар жаңаланып тұрады», – деп жауап 
берді. 
522
 
«Саф» сүресі, 12. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет