Имам ғазали жүректің сырлары


Көр нәпсінің проблемалары



Pdf көрінісі
бет160/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Көр нәпсінің проблемалары 
Алла бір пендесіне жақсылық қаласа, оған өз кемшілігін көре алатындай көрегендік 
нәсіп қылады. Кім көреген болса кемшіліктері өзіне көрінбей қалмайды. Пенде өз 
кемшіліктерін білсе, оны жоя алады. Бірақ адамдардың көпшілігі өз кемшіліктері мен 
айыптарын көрмейді. Кейде өзінің басындағы түйені көрмей, біреудің басындағы шөпті 
көреді. Кім өзінің кемшіліктерін көргісі келсе, бұның төрт жолы бар: 


221 
Бірінші жолы: Нәпсінің кемшіліктерін көрген және құпия зияндарды жақсы білген 
біреуді пір тұтып, нәпсімен күресуде пірдің нұсқауларын орындау. Бұл жол муридтің 
шейхымен, шәкірттің ұстазымен болған байланысын көрсетеді. Бұл жолда ұстаз кісіге 
кемшіліктерін білдіріп, оны жоюдың шараларын көрсетеді. Қазіргі заманда мұндайлар 
өте аз қалды. 
Екінші жолы: тақуа, көсем және діндар кісімен дос болу. Мұндай дос оның іс-
әрекеттерін бақылап тұрсын, тура емес ісін көрсе, оны ескертсін. Көне заманда дін 
және мемлекет қызметкерлері солай жасады. 
Әзірет Омар (р.а.): «Менің кемшіліктерімді көрсетіп тұрған кісіге Алла жақсылығын 
берсін!» – деген. Көбінше ол Салман Фарисиден өз кемшіліктерін сұрады. Бір күні 
Салман келгенде: «Сенің ойыңша, менің қандай кемшіліктерім бар?» – деп сұрады. 
Салман Фариси әзірет Омардан кешірім сұрауменен: «Естуімше, дастарханыңа екі 
түрлі тамақ қойдырады екенсің. Бірі күндіз, бірі түнде киетін екі шалбарың бар екен!» – 
деп жауап берді. 
Әзірет Омар: «Бұлардан басқа ше?» – деп сұрады. Салман (р.а.) «Жоқ», – дегенде, 
ол: «Сол екеуі маған жетерлік!» – деді. 
Әзірет Омар да Хузайфадан (р.а.) жиі-жиі кемшіліктерін сұрап тұрды. Бір күні одан: 
«Сен мұнафықтар туралы мәселеде Алланың Елшісінің сырласы едің. Менде 
мұнафықтың белгілерінен бар ма?» – деп сұрады. 
Омар (р.а.) қадірлі, мәртебелі кісі болғанына қарамай, өз нәпсісінен сондай 
күмәнданып тұрды. Адам қаншалық ақылды және дәрежесі биік болса, тәкаппарлық 
жағынан соншалық кішік болады. Ол өз нәпсісінен әрдайым күмәнданып тұрады. Бірақ 
шынын айтқанда, мұндай қасиеттер жоғалып бара жатыр. Ондай адамдар өте сирек 
кездеседі. Дос-жар, туыс-туғандардың ортасында жамандық жасамағандар, біреудің 
кемшіліктерін жаймағандар, көреалмастық қылмағандар өте азайып бара жатыр. Міне, 
сондай себептерден Дәуіт Таи елден аулақтап тұрды. Одан «Неге елге 
араласпайсың?» – деп сұрағанда, «Менің кемшіліктерімді айтпайтын кісілерге 
араласып не қылам? Діндар адамдар үшін ең сүйікті нәрсе – басқалардың ескертуімен 
өз кемшілік, айыптарын білу», – деп жауап берген. 
Өткен ұлы тұлғаларымыз сондай болды! Біздің заманымызда болса керісінше болып 
қалды. Жағдайымыз өте аянышты! Адамдардың ең жаманы бізге насихат айтып, 
кемшіліктерімізді шұқылаушы болып қалды. Бұл – иманымыздың әлсіздегенінің белгісі. 
Өйткені жаман іс-әрекеттер, әдеттер – улы жыландар, улы шаяндар. Киімімізге 
жабысып алып шағайын деп тұрған шаянды біреу көрсетсе, әлбетте, оған рақмет 
айтамыз және шаянды жерге түсіріп, өлтіруге әрекет жасаймыз. 
Шаян денеге зиян келтіреді, шаққан жері бір күн, жарым күн ауыртады. Жаман 
мінездің жүрекке тигізген зияны одан да жаман. Өлімнен кейін мәңгілік не мыңдаған 
жылға созылған азапқа салу қорқынышы бар. Ал енді бізге біреу кемшіліктерімізді 
айтса, соған қуанбаймыз және кемшіліктерімізді жоюға әрекет жасамаймыз. Керісінше 
біз ол кісіге ашуланып, «Сен мені қойып өзіңе қарап алшы. Сен ғана әйдіксің бе?!» – 
дейміз. 
Сөйтіп оның насихатынан пайдаланғанның орнына, кек сақтаумен дұшпандыққа 
себепші боламыз. Мұндай жағдайға түсуіміз күнәларымыз көбейіп, жүрегіміз қатып 
қалғанынан келіп шығады. Негізінде, бұлардың бәрі иманның әлсіздігіне барып 
тіреледі. 
Алладан «Бізді тура жолға сала көр!» деп тілейміз. Алла бізге кемшіліктерімізді 
байқай алатын көрегендік нәсіп қылсын! Сол айыптарымызды емдеумен әлек болу 
бақытына жеткізсін! Бізге кемшіліктерімізді көрсеткен кісіге разылық білдіруді нәсіп 
қылсын! 


222 
Үшінші жолы: Нәпсінің кемшіліктерін, айыптарын дұшпандардың аузынан есту. 
Өйткені саған ашуланған кісі кемшіліктеріңді көреді. Кісі айыбын ашқан дұшпанынан 
пайдаланғандай, қошемет көрсетіп, көз алдында оны мақтаған және кемшіліктерін 
жасырған досынан пайдалана алмайды. Шынында, адам табиғаты дұшпанын 
өтірікшіге шығарып, оның айтқандарын дұшпандыққа жориды. Бірақ көреген кісі 
дұшпанының өзі туралы айтқан сынынан пайдаланудан қашпайды. Өйткені оның 
айыбы және кемшіліктері дұшпанның аузында болады. 
Төртінші жолы: Елге көбірек араласып, халық арасында бейәдеп саналған іс-
әрекеттермен өзінің іс-әрекеттерін салыстыру. Өйткені мүмин – мүминнің айнасы. 
Міне, сондай жолмен басқалардың айып, кемшіліктері арқылы өзінің кемшілік, 
айыптарын көреді және адамның табиғаты нәпсісінің қалауларын қалап тұрарын 
біледі. 
Егер басқа біреудің жаңылыс іс-әрекетін көрсе, өзіндегі осындай мінезді тастауы 
керек. Үгіт-насихат әсер қылатын кісіге соның өзі-ақ жеткілікті. Егер әрбір кісі 
басқаларда көрген және өзін ренжіткен жаман іс-әрекеттерді және мінездерді 
тастағанда, оған ешбір тәрбиеші және насихатшының керегі болмақ емес. 
Әзірет Исадан (а.с.): «Сізді кім тәрбиеледі?» – деп сұрағанда, ол: «Мені ешкім 
тәрбиелеген жоқ. Пенденің пенделігін, ақымақтың әдепсіздігін кемшілік және айып 
ретінде көріп, пенделіктен және әдепсіздіктен қаштым», – деді. 
Бұлардың бәрі Алланы таныған, ақылды, зерек, нәпсінің айып-кемшіліктерін көре 
алатын, мейірімді, діни үгіт-насихат істерін жүргізу қолынан келген, жаман іс-
әрекеттерден аулақ болған, Алланың пенделерінің әдеп-ахлағын оңдаумен әлек 
болған жол басшысы жоқ адамдарға қатысты. Егер кімде-кім сондай қасиеттерге ие 
жолбасшы таба алса, ол өз дәрігерін тапқан болады. Ол сол жолбасшысынан 
ажырамасын. Жолбасшы оны моральдық ауру болып саналған әдепсіздіктен 
құтқарады. Бәлелердің тұзағына түсірмейді. Егер бұл айтқандарымнан сабақ алғың 
келсе, сол туралы ойланып жатқан болсаң, көзің ашылады. 
Жүрегіңнің рухани ауруларын емдеу жолын ілімнің жарығымен табасың. Егер оған 
күшің жетпесе, жоқ дегенде, басқаларды құптап иман келтіруді кешіктірмеуің керек. 
Өйткені ілімнің дәрежесі болғандай, иманның да дәрежелері бар. Ілім иманнан кейін 
пайда болады. Ілім иманның артында. 
Алла Тағала: «Алла араларыңдағы шынайы иман келтіргендердің, әсіресе, өздеріне 
ілім берілген білімпаздардың дәрежесін еселеген үстіне еселей түседі»
539
деп айтқан. 
539
 
«Мужадала» сүресі, 11. 
«Аллаға алып баратын жол – нәпсінің қалауларымен күресу» екенін растап, бірақ 
оның себебін және сырларын біле алмаған пенде аятта айтылған «иман келтіргендер» 
тобына ғана кіреді. Ал енді нәпсісінің айла-амалдарын жақсы білген кісілер аятта 
баяндалған «Ілім берілген адамдардың» тобына кіреді. 
Алла екі топқа да пейішті уәде қылған. Құранда, хадисте және ғалымдардың 
сөздерінде сондай иман келтірудің зәрулігі туралы дәлелдер сансыз. Алла Тағала 
былай дейді: 
«Ал кімде-кім күндердің күнінде Раббысының дәргейіне баратынын ойлап, шынымен 
қорыққан һәм нәпсісін әуейіліктен тыйған болса, шүбәсіз, оның ақыр соңында барып 
паналайтын жері – жаннат болмақ»
540
 
540
 
«Назиғат» сүресі, 40-41. 
«Алла елшісінің құзырында даурықпай дауыстарын бәсеңдетіп сөйлейтіндерге 
келсек, Алла тақуалық (Өзіне, дініне шын жүректен тағзым етіп, мойынсұну) 
мәселесінде олардың жүрегін сынап бақты (олар бұл сынақтан сүрінбей өтті). Ендеше, 
оларға (Алланың құзырында) кешірім мен үлкен сый бар»
541
 


223 
541
 
«Хужурат» сүресі, 3. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: Мүмин бес нәрсенің шабуылына ұшырайды: 
1. Мүминдер оған көреалмастық қылады; 
2. Мұнафық оны жек көреді; 
3. Кәпір оның өміріне қол салады; 
4. Шайтан азғыруға әрекет жасайды; 
5. Нәпсі онымен тартысады
542

542
 
Итхафус сада, 7/351. 
Риуаятқа қарағанда Алла уахи арқылы Дәуітке (а.с.): «Уа, Дәуіт, сахабаларыңды 
нәпсісіне еріп кетуден сақта. Өйткені нәпсінің тұтқыны болған жүректер мені тани 
алмайды. Оларға перде түріп қоямын», – деген. 
Иса (а.с.): «Өзі көрмесе де барлығы ақиқат болған ақырет үшін бұл дүниеде нәпсінің 
қалауларынан бас тартқан кісілер қандай бақытты!» – деп айтқан. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) дұшпанмен соғысып қайтып келе жатқан сахабаларға қарап: 
«Кіші жиһадтан үлкен жиһадқа қош келдіңдер!» – деген. Сонда сахабалардан біреу: 
«Уа, Алланың Елшісі, үлкен жиһад деген не?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз: 
«Нәпсімен күресу», – деп жауап берді. 
Тағы бір хадисте Алла Елшісі (с.а.с.): «Мұжаһид – Алла жолында нәпсісімен күрескен 
кісі»
543
 
деген. 
543
 
Тирмизи, 1621. 
Аллаға қарсы шыққан нәпсіңе бойсұнба. Қиямет күні нәпсің саған дұшпандық жасаса, 
кейбір мүшелерің басқа мүшелеріңе қарғыс жаудырады. Бірақ Алла кешірсе және Өз 
қорғауына алса, ешбір бәле келмейді. 
Данышпандардың сөздерінен: 
Суфиян Саури: «Мен үшін басқа нәрселерімді емдеу нәпсімді емдегендей ауыр 
болмады. Өйткені ол кейде мені қолдаса, кейде маған қарсы шықты», – деген екен. 
Әбу Аббас Мусули өз нәпсісіне: «Ей, көр нәпсім, не бұл дүниеде патшалардың 
балаларындай дәурен сүрмедің, не ақырет үшін Аллаға берілген пенделерімен оның 
жолында күреспедің! Мұндай жағдайда сен екеуіміз тозақ пен пейіштің ортасында 
қамалып қаламыз ғой! Ұялмайсың ба, ей, нәпсім!...» – деген. 
Хасан Басри: «Нәпсіңді асау атты ауыздықтағаннан да бекем тізгінде», – деп айтқан. 
Яхия ибн Муаз Рази: «... Нәпсіні тәрбиелеудің төрт жолы бар: 1) Аз тамақтану, 2) Аз 
ұйықтау, 3) Керексіз сөздерден аулақ болу, 4) Адамдардың жамандығына шыдау 
(біреудің көңілін ауыртпау)», – дейді. 
Аз тамақтану нәпсінің қалауларын бәсеңдетеді. Аз ұйықтаудан ерік күшейтіледі. Аз 
сөйле, яғни мағынасыз әңгімелесулерге уақыт жоғалтпаумен бәлелерден сақтануға 
болады. Адамдардың жамандығына шыдаумен көздеген мақсаттарға жетуге болады. 
Адам үшін, қорлыққа тап болғанда сыпайы болу және қиыншылықтарға ұшырағанда 
сабыр қылудан өткен ауыр нәрсе жоқ. 
Жүзіңде, тұрыс-тұрпатыңда рухани әсер байқалады. Барлық жақсылықтар сен 
жасаған жерде болады. Дем алуға шыққан патша сияқты әсем бақшаларда сайран 
құрып, дәурен сүресің», – деген. 
Яхия ибн Муаз тағы бір сөзінде: «Адам баласының дұшпаны үшеу: 1. Дүниесі; 2. 
Шайтаны; 3. Нәпсісі. Нәпсіңді тыйып дүниеден, күресіп шайтаннан, рақатыңнан бас 
тартып нәпсіден сақтан», – деген. 
Бір данышпан: «Нәпсі кімді жеңіп алcа, ол нәпсісінің тұтқыны болады. Тізгіні нәпсінің 
қолында болып құриды. Нәпсі жетелеген жаққа барады. Жүрегіндегі жақсылықтарға 
бойсұнуға тосқауыл болады», – деп айтқан. 


224 
Жағфар ибн Хамид айтады: «Барлық ғалымдар мен данышпандар Нағим пейішіне 
нәпсіні жеңумен ғана жетуге болатыны туралы бірдей көзқараста». 
Әбу Яхия Уаррақ: «Кім нәпсіге мойынсұнып, дене құмарын қандырған болса, жүрегіне 
өкініштің ағашын отырғызады», – деген. 
Ухайб ибн Уард: «Наннан артығы – нәпсінің қалауы. Бұл дүниеде нәпсісінің 
қалауларына қызыққан кісі қор болуға дайындалсын», – деген. 
Риуаяттарға қарағанда, Жүсіп (а.с.) Мысыр өлкесімен қазыналарына ие болып, 
патшалық таққа отыру салтанаты болып жатқанда патшаның жұбайы Жүсіпке: «Алла 
Тағала күнәһар патшаларды құл, Өзіне мойынсұнған құлдарды патша қылады. 
Сұғанақтық және нәпсінің қалаулары патшаларды құлдың жағдайына түсіреді. Бұл – 
күнәһарлардың жазасы. Сабырлылық және тақуалық болса құлдарды патша қылады», 
– деп айтты. 
Жүсіп (а.с.) Құранда айтылғандай оған: «Кімде-кім (Жаратқанға) асылық қылудан 
сақтанса әрі басына түскен тауқыметке сабырлылық танытса, Алла ондай ізгі 
жандардың сауабын әсте зая етпейді»
544
 
деп жауап берді. 
544
 
«Юсуф» сүресі, 90. 
Жунайд Бағдади баяндайды: «Бір күні түнде ұйықтай алмай орнымнан тұрып, 
Алланы зікір қылмақшы болдым. Бірақ әдеттегідей зікірден ләззат ала алмадым. 
Ұйықтайын деп қайта жаттым. Тағы ұйықтай алғаным жоқ. Тұрып отырдым. Тыншым 
кетіп сыртқа шықтым. Бір кезде қарасам, жолда тонына оранып алған бір кісі тұр. Ол 
мені танып: «Уа, Әбул-Қасим, менімен біраз басуға уақытың бар ма?» – деді. Мен: 
«Уәделеспей ме?» – деп сұрадым. Ол: «Алладан саған жолығуды және көңіліңді маған 
бұрдыруды қалаған едім», – деді. 
«Не қалайсың?» – десем, «Нәпсінің ауруы қашан нәпсінің еміне айналады?» – деп 
сұрады. «Нәпсі өз қалауларына қарсы тұрғанда», – деп жауап бердім. Сонда ол 
нәпсісіне «Тыңдап ал! Мен саған сол сөзді жеті мәрте қайталап айтқам. Ал сен оны 
қабыл алмай «Жунайдтың ғана аузынан естідім!» – деп тұрып алғансың», – деді де 
кетіп қалды. Сол бойы оның кім екенін біле алғаным жоқ». 
Язид Раққаши: «Маған салқын су бермеңдер. Ақыретте одан құр қалмаудан үміт 
етейін», – деді. 
Бір кісі Омар ибн Абдулазизден: 
– Қашан сөйлесеміз? – деп сұрады. 
– Үнсіздікті қалаған кезіңде. 
– Қашан үндемей қалайын? 
– Әбден сөйлегің келгенде. 
Әзірет Али: «Пейішті қалаған адам бұл дүниеде нәпсісінің қалауларынан тыйылсын!» 
– деді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет