Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет161/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Иман және екі жүзділік 
Алланың бірлігін және пайғамбарлардың Алла Тағала тарапынан жіберілгенін растау 
болып саналған иманның толық болуы жасалған жақсы істерді көбейтуге байланысты 
екенін біле жүр! 
Алла Құран Кәрімде былай дейді: «Нағыз мүміндер – Аллаға және Расулына шын 
көңілден иман келтірген һәм содан кейін (иман мәселесінде) әсте күмәнға бой 


225 
алдырмаған және мал-дүниелері әрі жан-тәндерімен Алла жолында күрескен жандар 
ғана. (Иманда және дін жолындағы қызметте) шынайы болған шыншылдар, міне, 
солар»
545
 
545
 
«Хужурат» сүресі, 15. 
«Шынайы ізгілік һәм нағыз кемелдік жүздеріңді шығысқа немесе батысқа қаратуда 
емес. Шынайы ізгілік һәм нағыз кемелдік – Аллаға, ақирет күніне, періштелерге, иләһи 
Кітапқа және пайғамбарларға сенген жандардың, сондай-ақ (адал жолмен тапқан) мал-
мүлкінен – оны қанша жерден жақсы көрсе де – (Алла разылығы үшін) жақын 
туыстарына, жетімдерге, міскіндерге, елінен жырақта жүрген яки жолда қалған ғаріп 
жолаушыға, тарыққаннан (қарыз немесе қайыр-садақа) сұрағандарға және азаттыққа 
қауышқысы келген құлдар мен тұтқындарға берген, намазды кемеліне жеткізіп, үзбей 
әрі уақытылы оқыған, зекетті толық берген, уәделескенде уәдеде тұратын, сондай-ақ 
таршылық көргенде, дертке шалдыққанда әрі соғыс жағдайында (шариғат жүктеген 
міндеттерді мейлінше толық орындауға тырысып) сабырлылық һәм табандылық 
танытқан 
жандардың 
ісі. 
Туралықтан 
айнымай 
(сөздерінде, 
істерінде, 
құлшылықтарында һәм сенімдерінде) шынайылық танытқан жандар, міне, солар. Олар 
– Аллаға тиісінше тағзым ететін һәм күнә атаулыдан барынша сақтанатын нағыз 
тақуалар»
546
 
546
 
«Бақара» сүресі, 177. 
Тағы мынадай аяттар бар: 
«Алла араларыңдағы шынайы иман келтіргендердің, әсіресе, өздеріне ілім берілген 
білімпаздардың дәрежесін еселеген үстіне еселей түседі»
547

547
 
«Мужадала» сүресі, 11. 
«Күллі аспан әлемі мен жердің бар мұрасы бір Аллаға тиесілі болып, ондағы барлық 
нәрсе түбінде Аллаға қалатынын біле тұра, неліктен Алла жолында зекет, садақа 
бермейсіңдер? Араларыңдағы (алдағы барлық жеңістердің басы болған) ұлы жеңістен 
бұрын дүние-мүлкін дін жолында жұмсаған әрі соғысқан жандар өзгелермен тең 
болмайды. Олар ұлы жеңістен кейін дүние-мүлкін дін жолында жұмсаған әрі 
соғысқандардан дәреже жағынан әлдеқайда биік тұрады. Дегенмен Алла олардың 
барлығына да ең керемет сый (жұмақ пен кешірімін) уәде етеді. Алла сендердің не 
істеп, не қойып жүргендеріңнен толық хабардар»
548

548
 
«Хадид» сүресі, 10. 
«Олардың (яғни адамдардың) Алла алдындағы дәрежелері әр қилы»
549

549
 
«Әли Имран» сүресі, 163. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтқан: «Иман жалаңаш. Оның киімі – тақуалық». 
«Иманның жетпістен аса бұтағы бар. Ең кішкентайы – жолда мұсылмандарға 
тосқауыл болатын нәрселерді алып тастау», – деген. 
Бұл хадистер иманның толық болу жақсы істермен тығыз байланыста екенін көрсетіп 
тұрады. Иманның толық болуы үшін пенде екі жүзділіктен және ел көрсіндіктен аулақ 
болу керек. Бұл туралы Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Төрт нәрсе кімде болса ол 
шынайы мұнафық (екі жүзді). Тіпті ол ораза ұстап, намаз оқып, өзін мүмин деп санаған 
болса да ол шынайы екі жүзді. 
1. Сөзіне жалған араластырса; 
2. Берген уәдесінде тұрмаса; 
3. Аманатқа қиянат жасаса; 
4. Біреумен ұрыса кеткенде шектен шықса. 
Мұнафық (екі жүзділер) туралы Алла Елшісінің (с.а.с.) басқа да көптеген хадистері 
бар: 
«Бұл үмбеттің екі жүзділерінің көпшілігі – Құран оқушылар». 


226 
«Менің үмбетімдегі ширк Сафа тауындағы құмырсқаның басқанынан да 
байқалмайды». 
Хузайфа (р.а.): «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) уақытында пенде бір сөз айтқаны үшін 
өлгенше мұнафық болып саналды. Мен ол сөзді сендердің әрбірлеріңнің 
ауыздарыңнан күніне он мәрте естимін», – деген. 
Бір ғалым: «Екі жүзділікке ең жақын кісі өзін екі жүзділіктен алыспын деп жүрген кісі», 
– деп айтқан. 
Хузайфа айтады: «Бүгінгі күнімізде мұнафықтар Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
заманындағыдан да көп. Бұрынғылар екі жүзділігін ішінде сақтады. Бүгінгі күні 
ашықтан-ашық екі жүзділік жасайды. Жасырын мұнафықтық иманның тазалығына және 
бекемдігіне тосқауыл болады. Мұнафықтықтан қорыққан кісі одан аулақ болады. Өзінің 
екі жүзділіктен алыс екенін айтып жүрген кісі екі жүзділікке жақын. 
Хасан Басриге: «Қазір мұнафықтық қалмай қалды деп айтады», – деді. Хасан Басри 
оған: «Құрметті бауырым! Егер мұнафықтар жоқ болса, жолдар бос қалып, жалғыз 
жүруден қорқушы едің», – деді. 
Хасан Басри не басқа біреу былай дейді: «Мұнафықтарға құйрық шыққанда жер 
бетінде аяқ қоярға орын қалмас еді». 
Абдулла ибн Омар біреудің Хажжажды сынаған сөзін естіп, «Егер Хажжаж сол жерде 
сені естіп тұрса сол сөздеріңді айта алатын ба едің?» – деп сұрады. Ол: «Жоқ», – деп 
жауап берді. Сонда Абдулла: «Біз мынадай нәрсені Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл 
дүниедегі кезінде екі жүзділік деп санаушы едік», – деді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бұл дүниеде екі сөйлеген кісіні Алла қиямет күні екі тілді 
қылып қояды», – деп айтқан. 
Алла Елшісінің (с.а.с.) тағы бір хадисінде: «Адамдардың ең жамандары – біреуге 
басқа, екіншіге басқа сөз сөйлеген екі жүзділер», – деген. 
Хасан Басриден: «Кейбіреу «Біз екі жүзділіктен қорықпаймыз», – дейді. Сіз соған 
қалай қарайсыз?» – деп сұрағанда, ол: «Аллаға ант етейін, екі жүзділіктен аулақ 
екенімді білуім мен үшін жер бетінің алтынға толып-тасқанынан да жақсырақ» – деп 
жауап берді. 
Хасан Басридің тағы бір сөзінде: «Тілдің жүрекпен, ішкі дүниеңнің сыртқы 
көрінісіңмен дәл келмеуі – екі жүзділіктің белгілерінен», – деп айтылады. Бір кісі 
Хузайфаға: «Мен мұнафық болғаннан қорқып жатырмын», – дегенде, Хузайфа (р.а.) 
«Егер сен мұнафық болсаң, мұнафықтықтан қорықпаушы едің. Өйткені мұнафық «екі 
жүзді болып қалдым ба», – деп қорықпайды», – деп жауап берді. 
Ибн Әбу Мулайқа: «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жүз отыз (басқа риуаятта жүз елу) 
сахабасын жолықтырдым. Олардың бәрі де мұнафықтықтан қорқушы еді», – деген. 
Риуаятқа қарағанда, бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларымен отырғанда 
біреу туралы сөз болып қалып, сахабалар оны қатты мақтады. Міне, сол сәтте әлгі кісі 
де шыға келді. Ол жаңа ғана дәрет алған екен, жүзінен су тамшылап, аяқкиімдерін 
қолына ұстап алыпты. Маңдайында сәжденің ізі бар еді. 
Сахабалар Алла Елшісіне (с.а.с.) «Саған айтқан кісіміз сол», – деді. Пайғамбарымыз 
(с.а.с.): «Мен оның жүзінен шайтанның белгісін көріп тұрмын», – деді. 
Әлгі кісі келіп сәлем беріп, сахабалардың жанынан орын алды. Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) «Алла үшін сенен сұрап жатырмын, шындықты айт, бұл жерге келе жатқанда 
ішіңнен «Бұлардың арасында менен жақсысы жоқ» деп ойладың ба?» – деп сұрады. 
Ол «Иә», – деп жауап берді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Уа, Жаратқан Алла, білген 
және білмеген нәрселерім үшін сенің кешіріміңді тілеймін», – деп дұға қылды. 


227 
Сахабалар «Қорқып жатырсың ба?» – деп Алла Елшісінен (с.а.с.) сұрағанда, ол: 
«Қайтіп қорықпайын? Жүректер Алланың қолында емес пе, оларды қалаған жаққа 
бұрады», – деді. 
Алла Тағала: «Сол күні оларға Алла тарапынан ойларына да кіріп шықпаған 
нәрселер (яғни, азап түрлері) көлденең тартылатын болады!»
550
 
деген. 
550
 
«Зумәр» сүресі, 47-аят. 
Бұл аяттың түсіндірмесі бойынша, олардың жақсы деп ойлаған кейбір істері ақыретте 
таразыға қойылғанда жамандық болып шығады. 
Сирри Сақати: «Біреу бізге белгілі болған барлық құстардың түрі қонған бақшаға 
кіргенде әрбір құс әртүрлі тілмен «Ассәләму аләйкум, ей, Алланың досы!» деп оған тіл 
қатса және ол кісі соны жақсы көрсе, онда ол құстардың тұтқыны болады», – деген. 
Жоғарыдағы хадис және данышпан сөздерден екі жүзділіктің қандай жаман нәрсе 
екенін жақсы түсіндің. Қарашы, әзірет Омардай ұлы адам да Хузайфадан өзінің 
мұнафық болып-болмағанын сұрап жатыр. 
Әбу Сүлеймен Дарани: «Бір патшаның бір сөзіне қарсы шығайын деп, бірақ мені өлім 
жазасына тартып жіберерінен қорықтым. Өлімнен емес, жаным шығып жатқанда 
басқалардың алдында менменсініп кетем бе деп қорқып, патшаның сөзіне қарсы 
шығудан бас тарттым», – деген. 
Мұнафықтық екі түрлі. Біріншісі кісіні діннен шығарып, кәпірлердің арасына қосады 
және мәңгілік тозақылардан қылады. Екіншісі – пенденің тозаққа түсуіне не ұлылардың 
дәрежесінің төмендеуіне және сыддықтардың дәрежесінен төмен болып қалуына жол 
ашады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет