Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс Сабақтың мақсаты



Дата05.02.2022
өлшемі33,43 Kb.
#22358
түріСабақ

БАЙЖАНОВА ҒАЛИЯ ТӘТТІБАЙҚЫЗЫ
ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Қазақстан тарихы 11 "Б" сынып
Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: .1916 жылғы көтерілістің мақсаты,сипаты мен тарихи маңызын баяндау,патшаның отаршылдық саясатына қарсы бағытталған қарсылықтары туралы баяндай келе,оқушылардың өз халқының меңгеруге ықпал ету.
Дамытушылық: Дайындалған дерек көздерін,кесте сызбаларды пайдалана отырып,сабақтың мазмұнын аша білу дағдысын қалыптастыру. Жастардың еліміздің саяси өмірін дұрыс бағалай білуге бағыт беру.
Тәрбиелік: Жастардың Отан тарихын сүю, ұлтжандылық сезімдерін ояту.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі: Интерактивті тақта ,баяндау, сұрақ жауап, салыстыру, картамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, слайд суреттер, хронологиялық кесте, Амангелді туралы деректі фильмі, тапсырмалар, кесте.
Сабақтың барысы :
І.Ұйымдастыру бөлімі
ІІ.Үй тапсырмасымен жұмыс
ІІІ.Жаңа сабақ
ІV.Тапсырмалармен жұмыс
V. Жаңа сабақты бекіту
VІ. Қорытындылау.
VІІ. Оқушыларды бағалау
VІІІ. Үйге тапсырма беру


ІІІ. Үй тапсырмасымен қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ:


Жаңа сабақтың жоспары:
1. Қозғалыстың себептері.
2. Қозғалыстың мақсаты ,сипаты және қозғаушы күштер.
3. Қозғалыс туралы қазақ қоғамындағы көзқарастар.
4. Жетісу-қозғалыстың орталығы.
5. Қозғалыстың Торғай ошағы.
6. Қозғалыстың жеңілу себептері, жеңілістің зардаптары, тарихи маңызы.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
Алғышарттары:

  • Қоныстандыру саясаты;

  • Жер мәселесі;

  • Соғыс салығы;

  • 1917-1912 жылдары 2 млн. 400 мың адам қоныстандырылды;

  • 1916 жылы қазақтардың 40 млн. га жер алынды;

  • 1917 жылы “Қоныстандыру қоры” 45,147765 десятина жер тартып алды;

  • Әрбір қоныстанушыға – 3,17 десятина жер берілді;

  • Әрбір жергілікті тұрғынға – 0,21 десятина жер бөлінді;



Басталу себебі:

  • 1916 жылғы 25 маусымда патша үкіметінің “Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы” жарлығы шықты;



Көтеріліс аумағы:

  • Жетісу – Б.Әшекеев, Т.Бокин, Т.Рысқұлов, Ұ.Саурықов, Ж.Мәмбетов, А.Қосанов;

  • Торғай - Ә.Жанбосынов, Ә.Жангелдин, А.Иманов;

  • Орал облысы мен Бөкей Ордасы – С.Мендешев, Ә.Әйтиев;

  • Маңғыстау – Ж.Мыңбаев;

  • Ақтөбе - Ә.Майкөтов;



Сипаты:

  • Ұлт-азаттық;

  • Отаршылдыққа қарсы;

  • Антифеодалдық;



V. Жаңа тақырыпты бекіту. «Ойашар» сәйкестендіру


Сөйлемді толықтыр.
1. _________ жылдардағы қозғалыс.
2. Ә.Жанбосынов____ ханы болды.
3. ________ - Патша жарлығы шықты.
4. Жетісу облысынан _________ десятина жер тартып алынды.
V. Жаңа сабақты бекіту:


Қашан? Қандай оқиға болды
1916ж ______________________________________________
Жетісу______________________________________________
Торғай ______________________________________________
Мақсаты______________________________________________


қозғаушы күші_____________________________________________
VІ. Қорытындылау.
Тарих сахнасында 74 жыл өмір сүрген Кеңес Одағының жарқын кезеңдері баршылық. Бірақ.... дей тұрсақ та қазақ халқы үшін қаралы беттер де айтарлықтай. .Болашақ ұрпақ ата-бабаларының қандай қасіреттерді бастан өткергенін біліп жүруіне қажет . Сабағымыздың соңында ұзаттық үшін құрбан болған ата-бабаларымызды еске алып, бір минут үнсіздік жариялайық.

ҮІІ. Бағалау.


Сабаққа белсене араласқан жекелеген оқушыларды бағалаймын.
ҮІІ. Үйге тапсырма: 1916ж ұлт-азаттық қозғалыс мазмұндау,тест, ребус дайындау
«Аманкелді» тақырыбында реферат жазу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет