Хх ғасырдың басындағы патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты



бет1/2
Дата31.01.2022
өлшемі26,17 Kb.
#130269
  1   2
Байланысты:
4,5,6,7


  1. ХХ ғасырдың басындағы патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты

XIX ғасырдың 60-90-жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалар қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялады. Жетісу облысының әскери губернаторы Колпаковскийдің бастамасымен 1868 жылы 1883 жылға дейін қоныс аударушыларға бірқатар жеңілдіктер берілді: жан басына шаққанда 30 десятина мөлшерінде жер бөлу, салықтан босату және әр түрлі міндеттерді 15 жыл мерзімге атқару, 100 рубльге дейін несие беру.

Патшалықтың қоныс аудару саясатының нәтижесінде негізгі құнарлы жерлер орыс шаруаларына берілді, ал қазақтар сусыз, жарамдылығы аз жерлерге айдалды.



  • 1903 жылы «Сырдария, Фергана және Самарқанд облыстарындағы қазыналық жерлерге шаруалардың өз еркімен қоныс аударуы туралы Ереже» бекітілді. Ол ереже бойынша жергілікті халықтың «басы артық» жерлерін, ондағы суару жүйесі мен су көздерін қоса жаппай тартып алу көзделді.


  • 1904 жылы патша үкіметі «Егін егумен айналысатын село тұрғындары мен мещандардың қоныс аударуы туралы уақытша Ереже» шығарды. Бұл ереже бойынша жергілікті отаршыл өкімет билігіне шаруалардың Ресей империясының азиялық бөлігіне қоныс аударуына ешқандай кедергі келтірмей, рұқсат етуіне құқық берілді.

  • 1904-1905 жылдары патша үкіметі Қазақстан аумағын қоныс аударушылардың бес аймағына бөлді. Олар Торғай-Жайық, Ақмола, Семей, Сырдария және Жетісу аймақтары еді.

  • 1870-1914 жылдар аралығында Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, Торғай және Орал облыстарының аумағына 1,4 миллионға жуық шаруа қоныстандырылды. Олардың тең жартысына жуығы Ақмола облысына жайғастырылды. Өйткені бұл облыстың жері өте құнарлы болатын. Қоныс аударып келген шаруалар өз алдарына жеке болыстарға біріктірілді. Алғашқы кезде олар уезд бастығына бағындырылды. 1902 жылдан бастап шаруалар бастығы деген лауазымды қызмет пайда болды.



  1. ХХ ғасырдың басындағы аграрлық мәселе

XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметпк қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорына» қуру үшін Қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды.Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға  құқылы деген ереже енгізіп , ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды.Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу казак әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасыр-дың басына қарай казактардың саны 1 миллион 11000 мың адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті Ресейдегі аграрлық саладағы езгерістердің жаңа кезеңі «Столыпин реформаларымен» тығыз байланысты болды. 1906 жылы Ресейдің премьер-министрі болып тағайындалған П.Столыпин елде аграрлық реформа жүргізуді қолға алды. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды қоныстандыру мен кулак шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру жүйесі енгізілді. Столыпин реформасы бойынша шаруаларға өзіне тиесілі жер ұлесімен қауым құрамынан шығып ,жеке хутор құруға рұқсат етілді. Осындай шаралар арқылы Столыпин орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аудару қозғалысына күшті серпін берді.

XX ғасыр басында Ресейде болсын, Қазақ өлкесінде болсын жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы өте ауыр еді. Әсіресе қазақ жүмысшыларының әлеуметпк жағдайы ешбір сын көтермейтін дәрежеде болды. Өйткені  қазақ жұмысшыларының  кәсіби мамандықтары болмады, көпшілігі маусымдық жүмыстарға жалданды.


  1. ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси қозғалыс. Қарқаралы петициясы

Патшалық Ресейдегі 1905-1907 жылдары өткен Бірінші орыс буржуазиялық-демократиялық революциясының ықпалы зор болды: Отарлық ұлт аудандарының «ұйқыдан оянуына» негіз болған бұл оқиға 1905 жылғы «Қанды жексенбі» (9 қаңтар, Петербург оқиғасы). Революцияның басында және 1905 ж. күзіне дейін Қазақстанда ірі бой көрсетулер болған жоқ. 17 қазанда патша манифесі жарияланды, Қазақстанның көптеген қалаларында митингілер орын алды. Оларды Омбыдағы 19 қазанда өткен митингі, т.б. оқиғалар бастап берді, оларды ұйымдастырушылардың бірі ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшысы Әлихан Бөкейханов (1870 – 1937) болатын. Оның бастамасымен манифест қазақ тіліне аударылды.

Қазақстанның барлық қалаларында 17 қазандағы манифестке арналған саяси шерулер, митингілер мен жиналыстар толқыны жайылды. Бұл күндерде Оралда Б.Қаратаев пен Ж.Сейдалин, Қарқаралыда А.Байтұрсынов, Бекметовтер және Ж.Ақбаев т.б. ерекше белсенділік көрсетті. 1905 ж. 15 қарашада әйгілі Қарқаралы оқиғалары басталды. Қазақ, татар, орыс т.б. 400-дей адам қатысқан митингіде Ж.Ақбаев, бітістіруші судья Вайсерт, сот тергеушісі Михалевич, т.б. сөз сөйледі.



Бой көрсетулер толқынында 1905 ж. 25 шілдеде Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Қоянды жәрмеңкесінде (Қарқаралы қаласы маңында) басталған «петициялық» науқан бел алды.
14,5 мың (екінші деректе 16 мың) адам қол қойған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет