Хх ғасырдың басындағы патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты



бет2/2
Дата31.01.2022
өлшемі26,17 Kb.
#130269
1   2
Байланысты:
4,5,6,7
ПрактикумКаз, Zadaniya s rech kMod1(18.02.13), 6035344306a28 3, альдегидтер мен кетондар, орг.хим. жктелу, 0005c324-0423cfa3, Сапарова Гулшат 308А кунделик 1 кун, Философия конспектілер, Филос 1 Тақырып, Адамзаттың асыл тәжі, Аманқос Г. Арал теңізі, КТЖ АКТ 1 сынып, ТЖБ талдауы ІІ тоқсан, 1 А,Ә, Е кл. 05.05.Русский язык
Петицияны даёындағандар: Ж.Ақбаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, К.Тоғысов, А.Аяғанов болған Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, Ресей патшалығының атына жіберілген петиция тарихта «Қарқаралы петициясы» деген атпен қалды. Петиция қазақ шаруаларының ұлттық және әлеуметтік езгіге қарсы күрес формасына айналды.


  1. Ресейдің I-II мемлекеттік Думаларының қызметіне қазақтардың қатысуы

Ресей Мемлекеттік Думасының құрылуы қазақ зиялыларының да саяси өсуіне ерекше ықпал етті. 1905 жылдың тамызында ІІ Николай патша заң шығарушы өкілетті орган ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифестке қол қойғанымен, манифест бойынша, қазақ халқының сайлауға және сайлануға құқығы жоқ болатын. Осы сәтте Әлихан Бөкейханов бастаған зиялылар саяси өмірге белсене кіріседі. Орта Азия мен Қазақстан аймағын қамтып өткен қуатты толқу патша үкіметінің халықтың талабына құлақ асуға мәжбүр етті.
І Мемлекеттік Думаға қазақтардан өкілдер сайланған. І Мемлекеттік Думаға депутат болып Әлихан Бөкейхановтан басқа қазақ халқының тағы да бес өкілі сайланған. Олар: 1. Сәлімгерей Сейтханұлы Жантөрин – Уфа губерниясынан сайланған; 2. Алпысбай Қалменұлы Қалменов – Хан ордасының қазақтарынан сайланған; 3. Дәуіт Санжынұлы Ноян – Тұндұтов – Астрахан мен Ставрополь көшпелі тайпаларының атынан сайланған; 4. Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов – Торғай облысын мекендеген қазақтардың өкілі;5. Шаймерден Қосшығұлов – Ақмола облысы қазақтарының өкілі.
1907 жылғы ІІ Мемлекеттік Думасының құрамына бұл жолы Қазақстаннан 14 депутат, олардың 6-ы қазақ ұлтының өкілдері болды. Олар: Шәймерден Қосшығұлұлы – Ақмола облысынан; Ахмет Бірімжанов – Торғай облысынан; Темірғали Нүрекенов – Семей облысынан; Тілеулі Алдабергенұлы – Сырдария облысынан; Мұхамеджан Тынышбаев – Жетісу облысынан; Бақытжан Қаратаев – Орал облысынан; Бақтыгерей Құлманов – Астрахан губерниясынан.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет