Имам ғазали жүректің сырлары


Дүниеқор ғалымдардың жазасы



Pdf көрінісі
бет169/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Дүниеқор ғалымдардың жазасы 
«Дүниеқор ғалымдар» деп – ілімдерін бұл дүние үшін және ел алдында атақ-даңққа 
жету үшін пайдаланған ғалымдар туралы сөз болуда. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қиямет күні ең ауыр азапталатын кісі – Алланың ілімінен 
пайда ала алмаған ғалым», – деген. 
Сол мәселеге байланысты тағы көптеген хадистер бар: «Адам іліміне лайық іс 
жасамайынша ғалым бола алмайды». 


240 
«Ілім екі түрлі: бірі – ауыздағы ілім. Бұл – Алланың адамдарға қатысты ашық-айқын 
дәлелі. Екіншісі – жүректегі ілім, пайда берген ілім, міне, сол». 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ақыр заманда діндар надандар мен күнәһар ғалымдар 
көбейеді», – деген. 
«Ғалымдарды сөзге жығу, ақымақтармен таласып-тартысу және елдің көңілін 
өздеріңе бұру үшін ілім үйренбеңдер. Олай жасағандардың орны тозақта». 
«Кім білгенін басқаларға үйретпей жасырса, Алла оның аузына оттан ауыздық 
салады». 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мен үшін сендерге дажжалдан да қорқынышты нәрсе 
білем», – дегенде, сахабалар: «Ол не?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Елді 
адастырған дін басшылары», – деп жауап берді. 
Тағы бір хадисте: «Кімнің білімі жоғарылаған сайын дүние азғыруынан алыстамаса, 
күннен-күнге Алладан алыстайды», – деп айтылады. 
Әзірет Иса (а.с.): «Қашанға шейін өздерің адасып жол таппағандармен жүріп, қайта 
адасқандарға жол көрсетесіңдер!» – деген. 
Осыған шейін айтылған дәлелдер ілімнің маңызы зор екенін, ғалымның мәңгілік 
жоғалту не мәңгілік бақыттылық арасында екенін, ілімге сүңгіп кірген ғалым 
бақыттылыққа жете алмаса оның тозақтан құтылуы қиын екенін көрсетеді. 
Әзірет Омар (р.а.) айтады: «Бұл үмбет үшін ең көп қорқынышты нәрсе – екі жүзді 
ғалым». Оның сөзін естіп отырғандар: «Екі жүзді ғалым қандай болады?» – деп 
сұрайды. Омар оларға: «Сөзімен ғалым көрінген, бірақ жүрегі және жасаған істері 
наданша болған кісі», – деп жауап берген. 
Хасан Басри (рахматуллаһи аләйһи): «Ғалымдардың ілімін, данышпандық інжулерін 
жинасаң да, орындауда ақымақтардың жолымен жүрме», – деп айтқан. 
Бір кісі Әбу Һурайраға: «Ілім үйренгім келеді, бірақ оны қайта жоғалтудан қорқамын», 
– дейді. Әбу Һурайра: «Ілімнен аулақ болғаның – оны жоғалтқаның сол», – деп айтады. 
Ибраһим ибн Уйайнадан «Ең көп өкінетіндер кімдер?» – деп сұрағанда, ол: «Бұл 
дүниеде жақсылықты білмейтін надандарға жақсылық жасағандар, өлерде жолдан 
адасқан ғалымдар», – деп жауап береді. 
Халил ибн Ахмад айтады: «Адамдар төрт түрлі: 
1) Түсінеді және түсінгенін өзі біледі. Міне, сондайлар ғалымдар. Оларға еріңдер. 
2) Түсінеді, бірақ түсінгенін білмейді. Олар ұйқыдағы кісілер, оларды оятыңдар. 
3) Түсінбейді, бірақ түсінбегенін біледі. Олар жол көрсетуге мұқтаж кісілер. Оларға 
жол көрсетіңдер. 
4) Түсінбейді бірақ түсінбегенін де білмейді. Олар надандар. Олардан аулақ 
болыңдар». 
Ибн Мүбәрак айтқан: «Өмір бойы үйренген кісі ғалым болады. Бәрін білем деп 
ойлаған адам ең надан» 
Фудайл ибн Ияз айтады: «Үш түрлі кісіге жаным ашиды: 
1) Бір елдің қор болған басшысына. 
2) Бір елдің жарлы болып қалған байына. 
3) Дүниенің қуыршағы болып қалған ғалымға». 
Хасан Басри: «Ғалымдардың ең үлкен жазасы – жүрегінің өлуі. Жүректердің өлуі – 
ақыреттің істерімен дүние табуға әрекет жасау», – деген. 
Алла Елшісі (с.а.с.): «Ғалым өте қатты азапқа ұшырағандықтан, оның тартқан 
азабына тозақылар да таңғалады», – деп айтқан. 
Бұл хадисте дүниеқор, күнәһар ғалым туралы айтылып жатыр. 
Усама ибн Зайд (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегенін естіген: «Қиямет күні 
бір ғалым тозаққа лақтырылады. Оның жуан ішектері сыртқа шығып, өзі 


241 
шығырдың
583
 
тірегіне байланған есектей оның (ішектерінің) айналасында айналып 
жүреді. Оның бұл жағдайын көргелі келген басқа тозақылар «Саған не болды?» – деп 
сұрайды. Ғалым оларға: «Фәни дүниеде жасап жатқанда басқаларды жақсылыққа 
шақырып, бірақ өзім жасамаушы едім. Жамандықтан тыйғаныммен оны өзім жасаушы 
едім», – деп жауап береді». 
583
 
Шығыр – 
су сүзгіштері бар дөңгелек. 
Ғалымның жасаған күнәсі үшін басқалардан да ауыр азапқа тап болуы, оның күнәні 
біліп тұрып жасағандығында еді. Міне, сол себептен Алла Тағала: «Шүбәсіз, 
екіжүзділер тозақтың ең төменгі қабатында. Оларға (қол ұшын беріп тозақтан 
құтқаратын) бірде-бір медеткер таба алмайсың»
584
деп айтқан. 
584
 
«Ниса» сүресі, 145. 
«Біз кітап түсірген қауым (дін басылары мен ғұламалары) ақырғы пайғамбарды 
(құбыласы һәм бүкіл ерекшеліктерімен қоса) өз балаларын танығандай таниды. Сөйте 
тұра олардың бір бөлігі осынау ақиқатты біліп тұрып жасырады»
585

585
 
«Бақара» сүресі, 146. 
«Оларға Алладан қолдарындағы Тәуратты растайтын Кітап келді. Бұдан бұрын олар 
кәпірлерді жеңу үшін (Алладан медет тілегенде, «Тәуратта айтылған ақырғы 
пайғамбардың құрметіне бізге медет бере көр», деп) дұға ететін. Ал енді өздері бес 
саусағындай білетін сол пайғамбар келгенде, оны мойындамай күпірлік қылды. Оларға 
Алланың лағынеті жаусын»
586
 
586
 
«Бақара» сүресі, 89. 
Алла Тағала Балам ибн Баура оқиғасы туралы былай дейді: 
«(Уа, Мұхаммед!) Сондай-ақ оларға өз тарапымыздан аяттарымызға қатысты ілім 
нәсіп еткен кісінің оқиғасын айтып бер. Иә, ол (өзіне берілген осынау ілімге қарамастан 
бейне бір сыпырылған терідей) аяттарымыздан іргесін ашып сыпырылып шықты. 
Ақыры, шайтан оны соңынан ілестіріп әкетті, сөйтіп ол азғындардың біріне айналды. 
Егер қаласақ, оны аяттарымыз арқылы (кемел адам деңгейіне көтеріп, 
адамгершіліктің шыңына шығарып), мерейін үстем қылар едік. Алайда ол жерге (яғни, 
фәни дүниеге) жабысып қалды да, өзінің әуейіліктеріне еріп кетті. Оның мысалы құдды 
итпен тең. Зекіп қусаң да, тілін салақтатып (қу сүйек болса да беріп қалар ма екен деген 
дәмемен ұзап кетпей айналшықтап жүреді), тимей жайына қоя берсең де, (тіске басар 
бір нәрсе беріп қалар ма екен деп) тілін салақтатып, айналшықтап қасыңнан кетпейді. 
Аяттарымызды жалғанға шығаратын қауымның жағдайы, міне, осындай. (Уа, 
Мұхаммед!) Ендеше, ғибратқа толы осы мысалды оларға айтып бер, бәлкім, ойланып 
сабақ алар»
587

587
 
«Ағраф» сүресі, 175-176. 
Күнәға батқан ғалымның жағдайы сондай болады. Өйткені ол Алланың Кітабын білді. 
Бірақ оған қарамай бейбас құмарлыққа беріліп, итке ұқсап қалды. Аяттың мағынасы 
төмендегіше: «Ол аяттың мағынасын білсе де, білмесе де айырмасы жоқ. Нәпсінің 
бейбас құмарына мойынсұна береді». 
Иса (а.с.): «Жаман ғалым дарияны бөгеп қалған алып тасқа ұқсайды. Ол суды өзі де 
ішпейді, өсімдіктерге де жібермейді», – деп айтқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет