246
Бір данышпан былай дейді: «Кім басшы болу үшін ілім алса игілікке жету
мүмкіншілігін және елге болған әсерін жоғалтады».
Алла Тағала: «Жер бетінде орынсыз көкірек керіп, дандайсығандарды аяттарымнан
сырт айналдырамын (яғни,
оларды аяттарымды, ақиқатты лайықты түрде түсіне
алмайтындай етемін)»
600
деген.
600
«Ағраф» сүресі, 146.
Имам Шафиғи: «Кім Құран Кәрімді үйренсе, қадірі көтеріледі. Кім фиқыһ үйренсе,
абыройы өседі және кім хадис үйренсе, сендіру қабілеті күшейеді. Кім математика
үйренсе, зейіні артады. Кім аз
білінген ақиқаттарды білсе, мінезі жұмсарады. Кім
намысты болмаса, ілімі оған пайда бермейді», – деп айтқан.
Хасан ибн Али айтады: «Кім ғалымдармен бірге көп жүрсе, шешендігі артады.
Зейініндегі кемістік жоғалады. Жан дүниесінің байығаны көңілін көтереді. Білгендеріне
сенімі артады және үйренгендерін айтуға батылданады».
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Надандықтан өткен кедейлік болмайды», – деген.
Достарыңызбен бөлісу: