Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет173/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Намаз және зекет 
Алла Тағала зекетті Исламның тіректерінің бірі деп есептеген және оны ең ұлы 
ғибадат болған намаздан кейін сөз етеді. 
«Намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқыңдар, зекетті толық беріңдер 
және иіліп рукуғ жасаушылармен бірге рукуғ жасаңдар»
601

601
 
«Бақара» сүресі, 43. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Ислам діні бес негізге құрылған: 
1. Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед (с.а.с.) оның елшісі деп куәлік беру. 
2. Намаз оқу. 
3. Зекет беру. 
4. Рамазан оразасын ұстау. 
5. Мүмкіншілігі жетсе қажылыққа бару». 
Намаз оқымаған және зекет бермеген күнәһар кісілерге қатты жаза беріледі. Алла 
Тағала былай дейді: 
«(Ақиретке тиісінше сенбей) ықылассыз намаз оқитындардың жағдайы қандай 
өкінішті! Олар намаздарында ғапыл, сондай-ақ құлшылықтарын ел-жұртқа көз қылып, 
көрсету ниетімен орындайды. Олар (қоғамдағы садақа, зекет және өзге де әлеуметтік 
жәрдем түрлерін қамтитын) қайырымдылық істеріне теріс қарайды»
602

602
 
«Мағун» сүресі, 4-7. 
Намаз туралы жоғарыда жеткілікті деңгейде айтылған. Бұл жерде кеңірек баяндап 
отырмастан, төменгі аяттарды естеріңе сала кетпекшіміз: 
«Ендеше, (ашкөздікке салынып) алтын мен күмісті үсті-үстіне жиып, оны Алла 
жолында жұмсамайтындарды жан төзгісіз азаппен «сүйіншіле». 
Қиямет күні дүниеде (ашкөздікке салынып) үсті-үстіне жиылған алтын мен күміс тозақ 
отына қыздырылып, онымен иелерінің маңдайлары, бүйірлері және арқалары 
күйдіріледі һәм оларға: «Міне, мыналар – қара бастарың үшін жиғандарың. Ал енді сол 
(ашкөздікпен) жиған дүниелеріңнің (ащы) дәмін татыңдар», – делінеді»
603

603
 
«Тәубе» сүресі, 34-35. 
Зекет берерде тақуа кісілер жарлыларды іздеуі керек. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сен 
тақуалардың ғана тамағын же. Сенің тамағыңды да тақуалар жесін», – деген. 


247 
Бұның себебі төмендегіше: 
Тақуа кісі жеген тамағы, алған зекеті және садақасымен тақуалығын жалғастырады. 
Сол жолмен сен де оның ғибадатының сауабына серік боласың. 
Ибн Мүбәрак зекетінің ілімді кісілерге берілуін қалады. Одан бұның себебін 
сұрағанда: «Мен пайғамбардан кейінгі дәрежеде ғалымдар тұратынын білем, бірақ 
ғалымдардың дәрежесінен жоғары дәрежені білмеймін. Егер олардың кейбірлерінің 
жүрегі тіршілікпен әлек болса, ілімін жетілдіруге уақыт таба алмайды, мұғалімдік 
қызметін де толық орындай алмайды. Олар уақыттарын ілімге ғана бөлуі үшін жағдай 
жасау – ұлы іс», – деді. 
Кесел-кесапатқа ұшырағандар, әсіресе, туған-туыс және жақын таныстар егер зекет 
алатындай мұқтаж болса, зекет берушілердің тізімінің басында тұрады. Өйткені 
ағайын-туған, дос-жаранға берілген зекет әрі садақа, әрі туыстық байланыс болып 
саналады. Жоғарыда баяндағанымыздай, туыстық қарым-қатынаста көп сауаптар бар. 
Сондай-ақ істерге елкөрсіндік араласса, бұның өзі бақытсыздық болып саналады. 
Міне, сол себептен зекетті жасырын беру керек. Алла Елшісі (с.а.с.): «Жасырын 
берілген садақа (зекет) Алланың қаһарын басады»
604
 
деп айтқан. 
604
 
Әл-муғжам ас-сағир, 2/96; Сахихул Жамиғ, 3759. 
Алланың Аршының көлеңкесінен басқа ешбір көлеңке болмаған қиямет күні Алла сол 
көлеңкеге алатын кісілер туралы баяндаған хадисте «оң қолының бергенін сол қолы 
сезбейтіндей жасырын садақа берген кісі», – деп айтылған. 
Егер садақаны (зекетті) жария беру басқаларға үлгі болу сияқты ниетте болса, онда 
жасырмай беру де кемшілік болып саналмайды. Бұл жерде сөз елкөрсіндік аурудан 
сақтануы жөнінде болып жатыр. 
Берілген садақаны міндетсіну де жақсы емес. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Уа, иман 
келтіргендер! Мал-пұлын ел-жұрт көрсін деген ниетпен жұмсайтын, Аллаға һәм ақирет 
күніне сенбейтін адамға ұқсап, берген садақаларыңды міндетсіну немесе (садақа алған 
жандарды) ренжітетін сөздермен әрекеттерге бару арқылы зая қылмаңдар»
605
 
деген. 
605
 
«Бақара» сүресі, 264. 
Міндетсіну – жасалған жақсылықты жоққа шығарған үлкен апат. Жақсы іс жасаған 
пенде ол жақсылығын жасыруы және ұмытуы керек. Біреулердің оған жасаған 
жақсылығын ұмытпай айтып жүруге тиіс. Сондықтан хадисте: «Адамдарға рақмет 
айтпаған Аллаға шүкіршілік етпейді», – деп айтылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет