Имам ғазали жүректің сырлары


Көршілік ақылары және жарлыларға жақсылық жасау



Pdf көрінісі
бет175/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Көршілік ақылары және жарлыларға жақсылық жасау 
Мұсылмандық туыстықта көршілік ақылары өзгеше орынды иеленеді. 
Мұсылман көршінің Исламдағы туыстық ақысынан тысқары бірнеше көршілік 
ақылары да бар. Сондықтан Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Көршілер үш түрге 
бөлінеді: 


250 
1. Бір ақысы бар қоңсы. 
2. Екі ақысы бар қоңсы. 
3. Үш ақысы бар қоңсы. 
Үш ақысы бар көрші мұсылман және туыстығы бар қоңсы. Бір – көршілік ақысы, екі – 
мұсылман бауырлық ақысы, үш – туыстық ақысы. 
Екі ақысы бар көрші – туыстығы жоқ мұсылман қоңсы. Оның көршілік және мұсылман 
бауырлық ақысы бар. 
Бір ақысы бар көрші – бір Құдайға сенбеген мүшрік қоңсы. Оның көршілік ақысы ғана 
бар»
609

609
 
Әл-хилия, 5/207. 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көршілік туралы бірнеше хадисі бар: «Көршіңе жақсы 
көршілік жасасаң шынайы мұсылман боласың». 
«Жәбірейіл періште маған көршілермен жақсы қатынаста болу керектігі жөнінде өте 
көп айтқандықтан, ақыры көршіні көршіге мирасқор қылып қоя ма деп ойлап қалдым»
610

610
 
Бұхари, Адаб 28; Мүслим, бирр 140. 
«Кім Аллаға және қиямет күніне иман келтірсе, көршісіне жақсы мәміле жасасын». 
«Көршісі зиянынан қауіпсіз болмайынша, пенде мүмин бола алмайды». 
«Қиямет күні бірінші болып қастасып қалған көршілер жауапқа тартылады». 
«Итін ұрсаң, көршіңді ашуландырасың». 
Ибн Масғудқа бір кісі келіп: «Менің бір көршім бар. Мені қинайды, сөгеді, тіл тигізеді, 
қысым көрсетеді», – деді. 
Ибн Масғуд оған: «Бар. Егер ол сен үшін Аллаға қарсы шығып жатқан болса, сен ол 
үшін Аллаға мойынсұн», – деп жауап берді. 
Пайғамбарымызға (с.а.с.) «Пәленше әйел күндіз ораза ұстайды, түнде намаз оқиды. 
Бірақ сонымен қатар көршілеріне жаман мәміле жасайды», – деді. Пайғамбарымыз 
(с.а.с.): «Ол тозаққа түседі», – деп айтты». 
Алла Елшісіне (с.а.с.) бір әйел келіп көршісі туралы шағымданды. Пайғамбарымыз: 
«Сабыр қыл!» – деді. Сөйтіп үшінші, төртінші мәрте келгенде: «Бұйымдарыңды жолға 
шығарып таста!» – деді. Шағымданған әйел солай жасады. Өткен-кеткендер: «Саған 
не болды?» – деп сұрағанда, ол: «Көршім көп қысым көрсетіп жатыр», – деп жауап 
беріп жатты. Сонда олар: «Көршің Алланың қарғысына қалсын!» – деп кетіп жатты. 
Сонда жасағанына пұшайман болған көршісі келіп: «Бұйымдарыңды жина, Аллаға ант 
берем, бұдан кейін сенің тынышыңды алмаймын», – деді. 
Захари риуаят етеді: «Пайғамбарымызға (с.а.с.) бір кісі келіп көршісі туралы 
шағымданды. Алланың Елшісі жаршы шақырып, мешіттің дарбазасының жанында 
«Қырық үй көрші! Қырық үй көрші!» деп жар салуға бұйырды. Жаршылар «Қырық үй 
көрші, қырық үй көрші, қырық үй көрші, қырық үй көрші!» деп шартарапқа жар салды». 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Береке және берекесіздік әйелде, үйде және атта болады. 
Әйелдің берекесі – халіңнің жеңілдігі, некенің жеңілдігі және мінез-құлқының 
жақсылығы. Әйелдің берекесіздігі халіңнің ауырлығы, некенің қиындығы және мінез-
құлықтың жамандығына байланысты. 
Үйдің берекесі – тұрақ-жайдың кеңдігі және көршілердің жақсы кісілерден болуы. 
Берекесіздігі тұрақ-жайдың тарлығы және көршілердің жаман болуына байланысты. 
Аттың берекесі – оның мүминдығы. Асау ат істің берекесін қашырады», – дейді. 
Көршілік міндеттер көршіге зиян келтіру ғана емес, көрші үшін қандай да бір 
қиыншылықты көтеруде де жатады. Өйткені көршіге зиян келтірмей қоюмен ғана 
көршілік міндет орындалған болып саналмайды. Сондықтан тіпті кейбір қиыншылыққа 
шыдау да аздық қылады. Сонымен бірге көршіге жақсы мәміле жаса, оған моральдық 
және материалдық жақтан жәрдем беру де керек. 


251 
Риуаятқа қарағанда қиямет күні кедей көрші бай көршісін жағадан алып: «Уа, 
Жаратқан Ием, бұдан Өзің сұра! Неге шариғатқа лайық маған беретін нәрсені бермеді, 
маған есігін ашпады?» – дейді. 
Бір кісі үйінде тышқан көбейіп кеткенін айтып кейиді. Оған: «Бір мысық тап», – десе, 
ол: «Мысықты сезген тышқандар көршінің үйіне қашса, өзім қаламаған нәрсені көршіме 
қалағандай жағдайға түсіп қаламын деп қорқам», – деп жауап береді. 
Төмендегі нәрселер негізгі көршілік міндеттер болып саналады: Көршіге жолыққанда 
сыпайы сәлемдесу, сөйлескенде сөзді ұзатпау, көп сұрақ сұрамау, ауырып қалса 
зиярат қылу, қайғы-қуанышын бөлісу, қателіктерін көрмегенсу, үйін аңдымау, оның 
дуалына бір нәрселерді жайып не іліп ашуын келтірмеу, оған тиісті жерден су алмау, 
үйінің алдына тастанды, сыпырындыларды төкпеу, өтпек жолдарын тарылтпау, естіліп 
қалған отбасылық сырларын жаймау, оның абыройына сөз тигізіп жатқандардың сөзін 
бөлу, ол жоғында үйін бақылап, қарап тұру, баласына жақсы сөздерді айту, діни және 
дүниелік мәселелерде білмегендерін үйрету. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Көршінің ақылары не екенін білесіңдер ме? Егер жәрдем 
сұраса, жәрдем беріңдер. Қарыз сұраса, қарыз беріңдер. Қолы жұқарып қалса, қолдап, 
жәрдем беріп тұрыңдар. Ауырып қалса, жағдайын сұраңдар. Көзі өтсе, жаназасына 
қатысыңдар. Игілікке жетсе, құттықтаңдар. Басына мүшкіл түссе, көңіл айтыңдар. Одан 
рұқсатсыз үйлеріңді оның үйінен биік салмаңдар. Өйткені үйіңіз биік болса, оған келетін 
самал желді тосып қоясыңдар. Оны ашуландырмаңдар. Жеміс-жидек алатын 
болсаңдар, оған да беріңдер. Егер бере алмасаңдар, үйлеріңе алып келгендеріңді 
көрмесін. Балаларыңның қолына жеміс беріп сыртқа шығармаңдар. Өйткені көршінің 
баласы оны көріп жыламасын. Қазандарыңда қайнаған еттің иісімен олардың мазасын 
алмаңдар. Егер алып келген еттеріңнен көршілеріңе берген болсаңдар, онда еттің иісі 
шыға берсе болады», – деп айтты. Одан: «Көршінің ақысы не екенін білесіңдер ме? 
Жаным қолында болған Аллаға ант етейін, көршінің ақысын Алланың мейіріміне ие 
болған кісілер ғана өтей алады» деп қосты. 
Мужаһид баяндайды: «Бір күні әзірет Омар ұлы Абдулланың жанында отырғам. Ұлы 
жанымызда қой сойып, терісін сиырып жатқан. Әкесі оған: «Сойып біткеннен кейін 
еттен көршілерге бергеніңде жанымыздағы яһуди көршіден баста», – деді. 
Абдулла бұл сөзді ұлына бірнеше мәрте қайталап айтты. Ақырында ұлы: «Әке, қанша 
мәрте қайталайсыз?» – деді. Абдулла оған: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) көршілік туралы 
өте көп айтқандықтан біз көрші көршінің мирасқоры болады ғой деп ойладық», – деп 
жауап берді. 
Атақты табиғиндердің бірі Хишам: «Хасан Басри құрбандық етінен яһуди мен 
христиандарға берілуін жаңылыс деген емес», – деген. 
Әбу Зәрр (р.а.) айтады: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) маған: «Қазан қайнатқаныңда суын 
көбірек құй, содан соң көрші үйлеріңнің санына қарап, оларға да бер», – деген». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет