254
көрдім. Жәбірейіл: «Бұл – Жүсіп, оған сәлем бер!» – деді. Сәлем бердім. Ол қабыл
алып: «Қош келіпсің, уа, жақсы пайғамбар!» – деп айтты.
Жәбірейілмен төртінші аспанның дарбазасына келдік. Күзетші: «Кім бұл?» – деп
сұрады. Жәбірейіл: «Менмін», – деді. Күзетші: «Жаныңдағы кім?» – дегенде,
Жәбірейіл: «Жанымдағы Мұхаммед», – деді. «Миғражға шыққалы келдіңдер ме?» – деп
сұрады күзетші. Жәбірейіл: «Иә», – деді. Күзетші: «Қош келіпсің, құрметті қонақ! Қош
келіпсіңдер, басқан қадамдарыңа сауап жазылсын!» – деп дарбазаны ашты.
Іштен
біреуді жолықтырдық. Жәбірейіл: «Бұл – Ыдырыс, оған сәлем бер!» – деді. Ыдырыс
қабыл алып: «Қош келіпсің, бауырым, қош келіпсің, жақсы пайғамбар!» – деді.
Сонда Жәбірейіл мені аспанның бесінші қабатына алып шықты. Қақпаны қақты.
Күзетші: «Кім бұл?» – деп сұрады. Жәбірейіл: «Менмін», – деді. Күзетші: «Жаныңдағы
кім?» – дегенде, Жәбірейіл: «Жанымдағы Мұхаммед», – деді. «Миғражға шыққалы
келдіңдер ме?» – деп сұрады күзетші. Жәбірейіл: «Иә», – деді. Күзетші: «Қош келіпсің,
құрметті қонақ! Қош келіпсіңдер, басқан қадамдарыңа сауап жазылсын!» – деп
дарбазаны ашты. Ол жерде Харунға жолықтық. Жәбірейіл: «Бұл – Харун! Сәлем бер!»
– деді. Сәлем бердім. Харун қабыл алып: «Қош келіпсің, бауырым! Қош келіпсің, асыл
пайғамбар!» – деді.
Аспанның алтыншы қабатына көтерілдік. Дарбазадан кіріп Мұсаны жолықтырдық.
Жәбірейіл: «Бұл – Мұса, оған сәлем бер!» – деді. Сәлем бердім. Қабыл алып: «Қош
келіпсің, бауырым! Қош келіпсің, уа, асыл пайғамбар!» – деді. Мен кетіп бара жатқанда,
Мұса жылай бастады. «Неге жылап жатырсың?» – деп сұрасам, «Менен кейін келген
пайғамбардың үмбетінен
пейішке көбірек кісі кіреді, мен өз үмбетіме жаным ашып
жатыр», – деп жауап берді.
Жәбірейіл мені аспанның жетінші қабатына алып шығып, дарбазасын қақты.
Күзетшінің: «Кім бұл?» – деген сұрағына «Жәбірейілмін», – деп жауап берді. Содан соң
менің Мұхаммед екенімді және миғражға шығу үшін маған бұйрық болғанын айтты.
Күзетші: «Қош келіпсіңдер!» – деді. Ішке кірдік. Жәбірейіл: «Бұл – Ибраһим, оған сәлем
бер!» – деп бір кісіні маған көрсетті. Мен сәлем бердім. Ол қабыл алып: «Қош келіпсің,
жақсы ұл, асыл пайғамбар», – деді.
Одан соң Алла Тағаладан басқа ешкім
білмеген аспанға көтеріліп, Сидратул-
Мунтаһа деген жерге бардық. Ол жерлер маған көрсетілді. Сидра деген ағаштың Набик
деген жемісі Хажар елінің құмыраларына ұқсап тұрды. Оның жапырақтары пілдің
құлақтарындай еді. Жәбірейіл: «Бұл жер – Сидра!» – деді.
Сидрада екеуі жасырын,
екеуі ашық көрінген төрт дария ағып жатады. Жәбірейілден: «Бұлар қай дариялар?» –
деп сұрадым. «Жасырулы, яғни, жер астымен ағып жатқан екі дария пейішке тиесілі.
Сыртта ағып жатқан екі дария – Ніл мен Евфрат дарияларының басы», – деді.
Сонда маған Байтул-Мағмур көрсетілді. Әр күні жетпіс мың періште бұл жайды
қыдырады екен. Міне, сол сәтте шәрбат, сүт, бал кеселері әкелінді. Мен дереу сүтті
алдым. Жәбірейіл: «Дұрыс жасадың», – деді. «Сүт сенімен үмбетіңнің таза табиғатын
білдіреді. Егер шәрбатты алсаң, үмбетің жолдан адасушы еді», – деп түсіндірді.
Алла маған және үмбетіме бір күнде толық елу уақыт намаз оқуды парыз қылды.
Қайтып келе жатып Мұсаның (а.с.) жанына бардым. «Жаратқан Иең қандай міндет
жүктеді?» – деп сұрады. «Бір күнде елу уақыт намаз оқуды тапсырды», – дедім.
«Үмбетің соған шыдай алмайды. Мен адамзатты жақсы білем. Яһудилердің
әдепсіздіктерін жою үшін көп әрекет жасадым. Адамзат шыдамсыз. Жаратқан Иеңнен
бұл міндетті азайтуын сұра», – деді. Алла Тағаладан парыз намазды азайтуды сұранып
дұға қылдым. Алла он уақыт намазды кемітті.
Мұсаға келіп, болған оқиғаны айтып
бердім. «Парызды тағы кемітуді сұра», – деді. Алладан сұранған сайын он уақыттан
кемітіп отырып, он-ақ уақыт намаз қалды. Мұсаға (а.с.) айтсам, он да ауырлық
255
қылатынын және оны да кемітуді өтінуімді айтты. Қайта сұрансам, бес уақытын тағы
қысқартты. Мұсаға келіп айтсам, «Мен яһудилерден жақсы білем, адамдар бес уақыт
намазға да шыдамайды. Тағы кемітуін сұра», – деді. Мен: «Жаратқан Иемнен ұялам.
Бес уақыт намазға разымын. Қабыл алдым!» – дедім.
Жолға түсерімде «Уа, Мұхаммед, бес уақыт намазды парыз қылдым. Пенделерімнің
жүгін жеңілдеттім. Сол бес уақыт намаз үшін елу уақыт намаздың сауабын берем»
деген үн естілді.
Достарыңызбен бөлісу: