Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет185/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Ойын туралы 
Бұхари риуаят етеді: «Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кімде-кім жолдасына «Кел, құмар 
ойнайық», – десе, садақа беріп, тәубе жасасын», – деді». 
Мүслим, Әбу Дәуіт және ибн Мажалар риуаят етеді: «Кім нард ойнаса, қолын 
шошқаның еті мен қанына батырғандай болады»
635

635
 
Мүслим, 22/60. 
Имам Ахмад және басқалардың риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Құмар ойнап 
отырып содан соң тұрып намаз оқыған кісі бейне бір ірің және шошқаның қанымен 
дәрет алып намаз оқыған кісіге ұқсайды», – деген. 
Дайламидің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бал ашатын тас, шахмат, нардыға 
ұқсаған арам ойындарды ойнап жатқан кісілерді жолықтырып қалсаңдар, оларға сәлем 
бермеңдер. Егер сендерге сәлем берсе, қабыл алмаңдар», – деп айтады. 
Ережеп айының қасиеті 
«Ережеп» деген сөз «таржиб» деген сөзден келіп шыққан. «Ережеп – пейіштегі суы 
сүттен ақ, балдан тәтті, сап-салқын дарияның да аты. Оның суынан ережеп айында 
ораза ұстап, жаман істерден және ниеттерден арылғандар ғана іше алады» деп те 
айтылады. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ережеп – Алланың айы, шағбан – менің айым, рамазан – 
үмбетімнің айы», – деп айтады. 
Әріптердің мағынасын түсіндіруші кейбір кісілер: «Рәжәб үш әріптен тұратын арабша 
сөз. 
1) Р – (Рахмат) Алланың рақымы. 
2) Ж – (Журм) пенденің күнәсі. 
3) Б – (Бирр) Алланың берген жақсылығы. Алла Тағала «Пендемнің күнәсін рақымым 
мен жақсылығымның ортасында жоям», – дейді» деп түсіндірген. 
Әбу Һурайрадан риуаят етіледі: «Алла Елшісі (с.а.с.): «Кім ережеп айының жиырма 
жетінші күні ораза ұстаса, оған алпыс айлық ораза ұстағанның сауабы жазылады», – 
деп айтқан». 
Ережептің жиырма жетінші күні Жәбірейіл (а.с.) Пайғамбарымызға бірінші мәрте аян 
алып келген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) миғражға да сол күні шыққан. 


266 
Әнәс (р.а.) риуаят етеді: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтты: «Кім харам айларында 
(зулқағда, зулхижжа, мухаррам, ережеп) үш күн ораза ұстаса, оған тоғыз жүз жылдық 
оразаның сауабы жазылады. Сол хадисті Пайғамбарымыздан (с.а.с.) естімеген болсам 
керең болайын. Бұрыннан былай айтылады: «Харам айлары төртеу – зулқағда, 
зулхижжа, мухаррам, ережеп. Періштелердің ұлығы төртеу – Жәбірейіл, Әзірейіл, 
Микаил, Исрафил (аләйһим сәлам). Дәретте жуу парыз болған мүшелер төртеу. 
Аллаға тасбихтер төртеу: «Субханалла», «Әлхамду лиллаһ», «Лә илаһа иллаллаһ», 
«Аллаһу әкбар». Есеп ілімінің негізгі бірліктері төртеу: бірлік, ондық, жүздік, мыңдық. 
Уақыт бірліктері төртеу: сағат, күн, ай, жыл. Жыл мезгілдері төртеу: көктем, жаз, күз, 
қыс. Табиғат жағдайлары төртеу: «Жылу, суық, құрғақ, ылғал. Халифалар төртеу: Әбу 
Бәкір, Омар, Осман, Али (р.анһум). 
Дайлами әзірет Айшадан риуаят етеді: «Алла Елшісі (с.а.с.) айтады: «Алла төрт 
түнде жақсылықты төгіп шашады. Олар: Құрбан айт түні, Ораза айт түні, шағбан 
айының он бесінші Бараәт түні және ережеп айының бірінші түні». 
Дайлами Әбу Умамадан риуаят етеді: Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бес түн бар. Алла 
Тағала бұл түндерде қылынған дұғаларды бос қайтармайды. Олар: ережеп айының 
бірінші түні, шағбан айының он бесінші түні, жұманың түні және екі айт түндері», – деп 
айтқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет