Бидғат және нәпсіге бас ию Алла Елшісі (с.а.с.): «Дінге кейін қосылған әдеттерден сақтаныңдар. Әлбетте, кейін
ойдан шығарылған ережелер – бидғат. Барлық бидғат – адасу. Әр адасудың аяғы –
тозақ», – деген.
«Кім дінімізге жаңа нәрсе қосса, ол қабыл алынбайды».
«Менің сүннеттеріме және менен кейінгі халифаларға (яғни төрт халифаны – әзірет
Әбу Бәкір, әзірет Омар, әзірет Осман және әзірет Алиге) еріңдер».
Бұл хадистерден төменгідей мағына келіп шығады:
Құранға, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әдеп-ахлағына және әзірет Мұхаммедтің (а.с.)
үмбетінен шыққан басшылардың және ұлы ғалымдардың әдеп-ахлағына тура
келмеген әрқандай нәрсе – бидғат, діннен тысқары.
«Кімде-кім Исламда жақсы жол салып, қандай да бір жақсы іске бастаушы болса,
өзінен кейін сол істі жасағандардың сауабындай сауапқа ие болады. Сондай-ақ ол
жақсы істі жасағандардың сауабынан да еш нәрсе кемімейді. Ал енді кімде-кім
Исламда жаман жол салып, қандай да бір жаман іске бастаушы болса, оның күнәсін
және өзінен кейін сол істі жасағандардың күнәларын мойнына алады. Кейінгілердің
күнәлары бұдан кемімейді».
631
631
Мүслим, Зәкәт 69; Ахмад, 4/361.
Қатада «Менің тура жолым, міне, осы. Ендеше, менің жолыммен жүріңдер. Өзге
соқпақ-сүрлеулерге түсіп кетпеңдер, ондай теріс жолдар сендерді жік-жікке бөліп,
Алланың тура жолынан тайдырып жібермесін. Күнә атаулыдан сақтанып, тақуалық
аясында өмір сүрсін деп, Алла сендерге осыларды бұйырады»
632
деген мазмұндағы
аятты оқып, «Біліп қойыңдар, жол біреу. Тура жол, ол пейішке алып барады. Ібіліс
болса бірнеше жолдарды тауып алған. Бұл адастырушы жолдар тозаққа алып
барады», – деген.
632
«Әнғам» сүресі, 153.
Ибн Масғуд (р.а.) баяндайды: «Бір күні Алла Елшісі (с.а.с.) бір сызық сызып «Бұл –
Алланың жолы», – деді. Содан соң сол сызықтың оң жақ, сол жағына тағы бірнеше
сызық сызып «Бұлар да жол. Бұл жолдардың екі жағында жолаушыларды шақырып
отырған шайтандар бар» деп содан соң «Әнғам» сүресінің жоғарыдағы 153-аятын
оқыды.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім менің сүннетімнен бет бұрса, менің үмбетімнен емес»,
– деген.
Тағы бір хадисте: «Пайғамбарлардың көзі өткеннен кейін дінге (дінге тура келмеген)
жаңа нәрселерді кіргізбеген ешбір үмбет жоқ. Бірақ олар қанша бидғат ойлап шығарған
болса, діннің сонша негіздерін жоғалтып қойған»
633
.
633
Табарани, 18/99.
«Сөздің ең жақсысы – Алланың кітабы Құран. Тура жолдың ең жақсысы –
Мұхаммедтің (а.с.) тура жолы. Күнә істердің ең жаманы – кейін ойдан шығарылған
(діннен болмаған және дін негіздеріне қарама-қарсы) нәрселер – бидғат. Әр бидғат
адасудан басқа нәрсе емес. Мен сендердің дене құмарына, қарынның және
нәпсілеріңнің қалауларына бас иіп, жолдан адасуларыңнан қорқам. Бидғаттардан
сақтаныңдар. Әлбетте, әр бидғат – діннен адасу».
«Алла бидғатшыға тәубе есігін жабады. Бидғатты тастамайынша, ол есікті
ашпайды»
634
.
634
Әл-илалул мутанахия, 1/138.
«Алла бидғатшының оразасын, қажылығын, ұмрасын, жиһадын, тәубесін қабыл
алмайды. Ол Ислам шегінен қамырдан суырылған қыл сияқты оп-оңай шығып кетеді».
265
«Мен сендерді түні күндізгідей жарық болған жолға қалдырдым. Бұл жолдан адасуға
ұшырайтындар ғана бұрылып кетеді».
«Әр өмірдің бір мақсаты, әр мақсаттың бір әлсіз жағы бар. Менің сүннетімді
көздегендер тура жолды табады. Басқа нәрсені көздегендер адасуға ұшырайды».
«Үмбетім үшін төменгі үш нәрседен қорқам:
1) Ғалымның адасуы.
2) Нәпсінің қалауларына еруі.
3) Залым басшы».