Қадір түні
Әнәс ибн Мәлик (р.а.) риуаят етеді: Алла Елшісі (с.а.с.): «Қадір түні Жәбірейіл
бірнеше періштемен жерге түседі. Олар тік тұрып, отырып Алланы зікір қылып жатқан
барлық пенделерге сәлем беріп, олар үшін Алладан кешірім тілейді», – деді.
Әбу Һурайра айтады: «Қадір түні көп сандағы періштелер жер жүзіне түседі. Олардың
түсуі үшін аспанның есіктері ашылады. Нұр төгіледі. Періштелер шартарапқа
жайылады. Бұл сәтте адамдардың жағдайы әртүрлі болады. Біреуге аспан-жердің
сырлары ашылады, аспандағы перделер алынып тасталады. Біреулер аспанда
періштелерді тік тұрған жағдайда, отырған, рүкуғ, сәжде жасап жатқан, Алланы зікір
қылып, оған шүкіршілік келтірген, тасбих айтып, оның ұлылығын мадақтап жатқан
жағдайда көреді. Басқа біреу пейішті, пейіштегі сарайларды, хор қыздарды,
дарияларды, ағаштарды, жемістерді көреді. Ол Алланың Аршын, пайғамбарлардың,
әулиелердің, шейіттердің және тақуа пенделердің дәрежелеріне куә болады. Сол түні
мүминдердің бір тобы Алланың Нұр Жамалын көреді. Перде көтеріледі. Сол мүминдер
ғана Алланың Жамалын көре алады».
Әзірет Омардың риуаяты бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Кім
рамазанның жиырма жетінші түнін таң атқанша ғибадатпен өткізсе, оның бұл ісі Мен
үшін рамазан бойы барлық түні жасалған ғибадаттардан да жақсырақ».
Әзірет Фатима (р.а.) «Әке, түнді ғибадатпен өткізуге әлі келмеген әйел, еркектер не
істесін?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Олар бұл түннің қайсыбір уақытын
жастықтарын тік қойып, оған жастанып отырып Аллаға дұға қылуы, Мен үшін
үмбетімнің баршасы рамазан түндерінің бәрін ғибадатпен өткізгенінен тағы жақсырақ»,
– деп жауап берген.
Айша анамыздың (р.а.) риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Кім Қадір түнін
жандандырып, түнде екі рәкат намаз оқыса және тәубе келтіріп, истиғфар айтса, Алла
оны кешіреді. Алланың мейіріміне ие болады. Жәбірейіл оны қанатымен сипайды.
Жәбірейіл қанатымен сипаған барлық кісілер пейішке кіреді» – деген.
Достарыңызбен бөлісу: |