Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет186/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Берекелі шағбан айы 
Шағбан – «кісіні таңғалдырып, ақылын қайран қылған» деген мағынаны береді. 
Бұның себебі бұл айда сан мыңдаған көп жақсылықтар болады. 
Әбу Умама Бахили былай дейді: «Алла Елшісі (с.а.с.): «Шағбан айы кіргенде жан 
дүниелеріңді тазалап, ниеттеріңді туралаңдар», – деп айтады. 
Әзірет Айша (р.а.) айтады: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) көп ораза ұстағандықтан, біз оны 
әрдайым ораза ұстап жүрсе керек деп ойлаушы едік. Ораза ұстамаған уақыттарын 
көргенде еш ораза ұстамайды ғой деп ойлаушы едік. Ол шағбан айында ең көп ораза 
ұстаушы еді». 
Нәсаи Усамадан (р.а.) риуаят етеді: «Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Уа, Алланың 
Елшісі, ешбір айда шағбандағыдай көп ораза ұстағаныңызды көрмедім», – десем, 
Пайғамбарымыз: «Адамдар ережеп пен рамазан айларының ортасындағы бұл айға көп 
мән бере алмайды. Шынында, бұл айда жақсы істерің Жаратқанға көтеріледі. Мен де 
істерімнің ораза кезімде Аллаға көтерілуін қалаймын», – деп жауап қайтарды». 
Бұхари мен Мүслимнің хадис жинақтарында әзірет Айшадан риуаят етіледі: «Мен 
Алланың Елшісінің Рамазан айынан басқа айларда толық ораза ұстағанын көрмедім. 
Шағбаннан басқа айларда да толық ораза ұстағанын көрген емеспін». 
Басқа бір риуаят бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) шағбан айын толық оразамен 
өткізген. Мүслимнің басқа бір риуаяты бойынша да Пайғамбарымыз (с.а.с.) шағбан 
айының басым бөлігін ораза ұстап өткізген. 
Бұл риуаяттар алдыңғы хадисті кеңірек түсіндіреді. Қорытындылап айтатын болсақ, 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) шағбан айының басым бөлігін ораза ұстап өткізген. 


267 
Ұлы Рамазан айы 
Алла Тағала: «Уа, иман келтіргендер! Өздеріңнен бұрынғыларға парыз етілгендей 
сендерге де ораза ұстау парыз етілді. Бәлкім, сол арқылы (асау нәпсіні тізгіндеп), күнә 
атаулыдан сақтанып, тақуалыққа жетерсіңдер»
636
 
деген. 
636
 
«Бақара» сүресі, 183. 
Рамазан оразасы һижраттың екінші жылы парыз болған. Рамазанның сауаптылығы 
туралы айтылған көптеген хадистер бар. Мысалға алсақ: 
Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Рамазанның бірінші түні Алла бәріне пейіш 
есіктерін ашады. Ай бойы бұл есіктердің ешбірі жабылмайды. Алла бір жаршыға 
бұйрық бергенде ол: «Уа, жақсылық күткен пенде, кел! Уа, күнә жолына түскен пенде, 
күнәдан қайт!» – деп жар салады. 
Одан: «Күнәларының кешірілуін сұрағандар жоқ па? Күнәлары кешіріледі. Тілек 
тілеген кісі жоқ па? Тілегені беріледі. Тәубе жасаушылар жоқ па? Тәубесі қабыл 
болады», – дейді. Бұл жағдай таң сөгілгенге шейін жалғасады. Алла Тағала айт күні 
түнде азапқа лайық болған мыңдаған кісіні тозақтан азат қылады». 
Салман Фарси риуаят етеді: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) шағбан айының ақырғы күні 
бізге қарап: 
– Уа, адамдар, сендер ұлы айға кірдіңдер. Онда мың айдан да жақсы және қайырлы 
Қадір түні бар. Алла бұл айда ораза ұстауды парыз қылған. Түнгі ғибадатты еріктеріңе 
қалдырған. Кім бұл айда бір сауап іс жасаса, ол сауабынан тысқары бір парызды 
орындағандай болады. Бұл ай – сабырлылық айы. Сабырдың сауабы – пейіш. Бұл ай 
– өзара жәрдемдесудің айы. Бұл айда мүминнің ризығы артады. Кім бұл айда ораза 
ұстағандарға ауыз аштырса, бір құлды азат қылғандай сауап табады. Күнәлары 
кешіріледі, – деді. Біз: 
– Уа, Алланың Елшісі, бәрімізде ораза ұстағандарға ауыз аштыратындай мүмкіншілік 
жоқ қой? – дедік. Ол: 
– Алла бұл сауапты ораза ұстаған кісіге бір ұрттам сүт, бір ұрттам су не бір құрмамен 
ауыз аштырған пендеге де береді. Кім бір ораза ұстаған кісіні тойдырса, бұл оның 
күнәларының кешірілуіне себеп болады. Жаратқан Иесі оның шөлін менің бұлағымнан 
қандырады және ол мәңгілік шөлдемейді. Бұл айдың басы – рақым, ортасы – кешірім, 
аяғы – тозақ отынан құтылу. Кім бұл айда қызметшісінің жүгін жеңілдетсе, Алла оны 
тозақтан азат қылады. Сендер бұл айда төрт нәрсені көбейтіңдер. Осы төрт нәрседен 
екеуімен Жаратқан Иелеріңді разы қыласыңдар. Қалған екі нәрсе сендерге сөзсіз 
керек. Жаратқан Иелеріңді разы қылатын екі нәрсе «Лә илаһа иллаллаһ», яғни 
«Алладан басқа сиынуға лайық құдай жоқ» деген сөз және өз әлсіздіктеріңді мойындап, 
Алладан кешірім сұраңдар. Сендерге сөзсіз керек болған екі нәрсе пейіш пен тозаққа 
тиесілі. Сондықтан бұл айда Жаратқан Иелеріңнен пейішті сұраңдар. «Тозақтан 
құтқара көр» деп Алладан сұраңдар, – деп жауап берді. 
Тағы бір хадисте айтылған: «Кім шын жүректен сеніп және Жаратқаннан ғана сауап 
күтіп ораза ұстаса, Алла оның өткендегі және келешектегі күнәларын кешіреді». 
(Алла Тағала айтады): «Адамзаттың барлық істері өзі үшін. Бірақ оразасы бұның 
сыртында. Ол – Мен үшін. Оның сауабын жеке Мен өзім берем. 
Пайғамбарымыз айтқан: «Менің үмбетіме Ораза айында бес өзгешелік берілді, бұл 
менен бұрынғыларға берілген емес: 
1. Ораза ұстаған кісінің аузының иісі Алла үшін мисктен де жақсы. 
2. Періштелер ауыз ашарға шейін ораза ұстағандардың күнәларының кешірілуін 
сұрайды. 


268 
3. Бұл айда шайтандар байланады. 
4. Алла әр күні пейішті сәндейді және «Тақуа пенделерім жамандық және 
қиыншылықтан құтыларына жақын қалды», – дейді. 
5. Ол айдың ақырғы түні оларды кешіреді». 
Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, ол – қадір түні ме?» – деп сұрайды. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жоқ. Бірақ әрбір жақсы іс жасаған кісінің жақсы істері қабыл 
болғанда сауаптары беріледі», – деді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет