Ән-күй, музыка Әбу Тайиб Табари: «Шафиғидің жолдастарының айтуы бойынша, еркек кісі жат
әйелдің әндеткенін тыңдауы жақсы емес», – деген.
Әбу Тайиб Имам Шафиғидің тағы бір сөзін еске алады: «Елді жинап, күңін әндеткен
кісі ақылсыз, ол куәлікке өте алмайды».
Әбу Тайибтің айтуы бойынша, Имам Шафиғи сол кездегі таяқтарды ырғақпен ұру
ойынын да мәкруһ деп есептеген. Бұл тәсілді бұрынғы заманның имансыздары
Құранды тыңдауға тосқауыл болу үшін ойлап тапқандарын соған себеп қылып
көрсеткен.
Имам Малик ән тыңдау туралы: «Біреу күң сатып алып, оның әнші екенін білсе, оны
иесіне қайтарып беруі керек», – деген.
Әбу Талиб Мәкки кейбір кісілер ән тыңдауды мубах (рұқсат берілген) есептегені
туралы: «Пайғамбарымыздың сахабаларынан Абдулла ибн Жағфар, Абдулла ибн
Зубайр, Муғира ибн Шуғба, Муғауия және басқалар ән тыңдады. Бұрын өмір сүріп
кеткендерден сахабалар және табиғиндердің бір тобы да музыка тыңдауды жоққа
шығарған емес», – дейді.
Әбу Талиб Мәкки сөзін жалғап: «Хижаздықтар
629
Меккеде, біздің жанымызда, жылдың
ең қасиетті күндерінде ән тыңдаушы еді. Мысалы, пендеге Алланы зікір қылу
бұйырылған Құрбан айт күндері олардың көпшілігі ән тыңдаушы еді. Меккеліктер
сияқты Мәдина елі де ән тыңдаудан қашқан емес. Атаның екі күңі бар еді. Олардың
әнін достары да тыңдаушы еді. Салим ұлы Әбу Хасаннан «Ән тыңдауды арам деп айта
аласыз ба?» – деп сұрағанда, ол: «Менен жақсы кісілер де оған рұқсат берілген деп
есептеді және тыңдады. Олай болса мен не дей алам?» – деген.
629
Мекке мен Мәдинаны өз ішіне алған аймақ.
Ибн Журайж шертпе аспаптарды тыңдауға рұқсат берді. Одан: «Бұл қияметте жақсы
іс болып санала ма?» – деп сұрағанда, ол: «Жаман іс деп те, жақсы іс деп те
саналмайды. Өйткені ол құр бекер айтылған сөздерге ұқсайды. Алла былай деп
айтады: «Алла тағала сендерді байыбына бармай берген анттарың үшін жауапқа
тартпайды»
630