261
олардың таласына нүкте қойып: «Алла Елшісінің (с.а.с.) мінберінің жанында айғай-шу
қылмаңдар! Бүгін жұма. Жұмадан кейін барып таласқан мәселелеріңді Алла Елшісінен
сұраңдар!» – деп айтты. Міне, сол күні Алла Тағала: «(Ей, мүшріктер!) Сонда сендер
тек қажылыққа келгендерді сумен қамтамасыз ету әрі Харам мешітін күтіп, көркейту ісін
Аллаға және ақирет күніне кәміл сенетін һәм Алла жолында жан-тәнімен күресетін
жандардың ісімен тең көресіңдер ме?! Бұл екеуі Алланың алдында тең емес. Алла
озбыр қауымды тура жолға салмайды, мақсат-мұратына да жеткізбейді»
624
деген аятты
түсірді.
624
«Тәубе» сүресі, 19.
Абдулла ибн Сәлам баяндайды: «Алла Елшісінің (с.а.с.) сахабаларынан бірнеше кісі
бірге отырған едік. Өзімізше: «Алла және Оның Елшісінің алдында қандай іс сауапты
екенін білсек, соны жасайтын едік», – дедік.
Сонда Алла Тағала: «Аспан әлемі мен жердегі жаратылыс біткеннің бәрі Алланы
мінсіз һәм кемшілік атаулыдан ада екендігін айтып, ұлықтайды! Ол – Азиз (бәрінен
үстем әрі ұлы), Хаким (әр ісі мен әрбір үкімі көптеген хикметтерге негізделген теңдессіз
даналық Иесі). Уа, иман келтіргендер! Өздерің істемейтін нәрсені неге айтасыңдар?!
Істемейтін істі айту – Алланың алдында ең жеккөрінішті нәрсе. Алла Өзінің жолында
бейне бір кірпіштері қорғасынмен қаланған берік құрылыс тәрізді қатар-қатар сап түзеп
соғысатындарды жақсы көреді».
625
деген аятты түсірді.
625
«Саф» сүресі, 1-4.
Бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі, маған Алла жолында
күресуге тең келетін істі айт», – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мен ондай істі таба
алмаймын, – деді де, – сендерден кімде-кім Алла жолындағы күреске қатысса, бұл ісі
оның үйінде жетпіс жыл оқыған намазынан жақсырақ», – деп жалғастырды.
Достарыңызбен бөлісу: