257
Мысалы, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұбайлары да
кейде сөз қайтарып, білместік
жасады. Мұндай уақыттарда Пайғамбарымыз (с.а.с.) байсалдылықпен жұмсақ мәміле
жасады.
Бір мәрте әзірет Омарға әйелі қарсы сөз айтып, жаман мәміле жасағанда, Омар
(р.а.): «Маған сөз қайтарып, дөрекілік жасаудан ұялмайсың ба?» – деді. Әйелі: «Алла
Елшісі (с.а.с.) сенен жақсы болғанымен оның әйелдері де (қызымыз Хафса) сөз
қайтарады», – деп жауап берді. Әзірет Омар: «Егер Пайғамбарымызға (с.а.с.) сөз
қайтарып жатқан болса Хафса қателеседі», – деді.
Кейін әзірет Омар Пайғамбарымызға (с.а.с.) сөз қайтарғаны үшін қызы Хафсаны
ескертіп: «Сен Әбу Бәкірдің қызына ұқсап Пайғамбарымызға (с.а.с.) сөз қайтарма. Ол
– Алланың Елшісінің сүйіктісі, білдің бе?!» – деген.
Риуаятқа қарағанда бір мәрте Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұбайларының бірі оны
көкірекке ұрады. Оны көрген қыздың апасы қызын
тыюға әрекет жасағанда
Пайғамбарымыз «Тимей-ақ қой, олар керек болса одан да артығын жасап кетеді», –
деді сабырлылықпен.
Бір мәрте Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен әзірет Айшаның ортасында келіспестік болды.
Тіпті төрешілік үшін әзірет Әбу Бәкірді де шақырып келді. Ол қандай сөз болғаны
туралы сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Айшаға: «Айт, әлде мен айтайын ба?» –
деді. Әзірет Айша: «Сіз айтыңыз, бірақ шынын айтыңыз!» – деді. Сол сөзді айтысымен
әзірет Әбу Бәкір қызын алақанымен бір салып қалып: «Ей, тілің кесілгір! Ол, тегі, саған
бір-екі мәрте жалған айтты ма?!» – деді. Әзірет Айша әкесінен Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) артына өтіп қорғанады. Алла Елшісі (с.а.с.) қайынатасы Әбу Бәкірге: «Былай
жасауыңызды қалаған емес едік», – деді.
Әнәс ибн Мәлик (р.а.) айтады: «Алланың Елшісі әйелдерге және балаларға өте
мейірімді мәміле жасады».
Әйелі мен күйеуі әзілдесіп, тамашаласып тұруы да
оның ақыларынан болып
саналады. Өйткені осындай әрекеттен әйелдердің көңілі көтеріледі. Пайғамбарымыз
(с.а.с.) әйелдердің мінезіне және деңгейіне сай әзілдесіп, ойнап-күлуші еді. Тіпті бір
риуаятта әзірет Айшамен жарысып жүгіргені айтылады.
Әйелдерге ешкім Пайғамбарымыздай (с.а.с.) сый-құрмет көрсете алған емес. Әзірет
Айша былай дейді: «Бір мәрте мухаррам айының Ашура күні сырттан айқай-шу естілді.
Хабаштықтар және басқа кісілер топ-топ болып ойнап-күліп жатқан еді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) маған: «Олардың ойынын көргің келіп жатыр ма?» – деп
сұрады. Мен: «Иә!» – дедім.
Алла Елшісі (с.а.с.) босағаға келіп, бір қолымен есіктің қорабына таянып тұрды. Мен
иегімді
оның
қолының
үстіне
қойдым.
Хабаштықтардың
ойнағанын
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қолына иегімді сүйеген жағдайда көріп тұрдым. Біршама
уақыттан кейін «Болды ма?» – деді. Мен: «Тағы біраз көрейікші», – десем, «Уа, Айша,
жетеді!» – деп айтты. Пайғамбарымыз ойнап жатқандарға ишарат қылды. Олар
ойынын тоқтатып, ары кетті. Сол күні Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Иман жағынан толық
кісі – бала-шаға мүшелеріне жақсы мәміле жасаушы кісі», – деді.
Тағы бір мәрте Алла Елшісі (с.а.с.): «Ең жақсы кісілер әйелімен жақсы мәміледе
болады. Сендердің араларыңда мен де әйеліне жақсы мәміле жасағандарданмын», –
деді.
Әзірет Омар табиғатынан қатал көрінгенімен: «Адам отбасына жас баладай жақсы
мәміле жасауға тиіс», – деді.
Жесір әйелге үйленген Жәбирге Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қызға үйленсең, онымен
әзілдесіп, ойнап отыратын едің. Ол да сенімен ойнағысы келіп тұрушы еді», – деген.
258
Кісі әйеліне жақсы мәміле жасағанда байсалды болып, өз қадірін сақтауы да әйелдің
ақыларына кіреді. Өйткені еркек әйелінің алдында өз абырой жоғалтса, әйел нәпсісінің
жетегіне мойынсұна бастайды. Сөйтіп, әйелдің әдеп-ахлағы бұзылады. Күйеуін
тоғатпай қалады. Міне, сондықтан еркек әйеліне жылу мәміле жасағанда да өз
байсалдылығын және қадірін сақтауға тиіс. Әйелдің әрбір жаңылыс іс-әрекетін түзеп,
жіберген кемшіліктерін жойып, оны тура жолға салуы, шариғатқа және адамдық әдепке
лайық келмеген жағдайға куә болса екі ұдай болып отырмай оған тәрбие беруі керек.
Хасан Басри: «Әйелдің бейбас қалауларына мойынсұнған еркекті Алла тозақ отына
тастайды» – деп айтады.
Әзірет Омар: «Әйелдерге мойынсұнбаңдар. Оларға қарсы тұрмасаңдар, үйден
береке кетеді», – деген.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Әйелге құл болған кісі құрсын!» – деп айтқан.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
былай деп айтқанының себебі, әйелінің бейбас
қалауларына мойынсұнған еркек оның құлы болып қалады. Шынында, мұндай еркек
қарғысқа лайық. Өйткені Алла Тағала оны әйелге жетекші қылып жаратқан. Ол болса
әйелінің бейбас қалауларына бас июмен Алланың үкіміне қарама-қарсы іс жасап,
шайтанға мойынсұнған болып қалады. Сол үшін Алла Тағала шайтан туралы
баяндағанда былай деп айтады:
«Сол шайтанға Алланың лағынеті жаусын! Кезінде ол Аллаға: «Ант етемін! Сенің
құлдарыңнан өзіме тиесілі үлесімді алмай қоймаймын».
«Ант етемін! Оларды тура жолдан тайдырамын һәм оларды қол жетпеске
ұмтылдырып, жеткізбейтін желік үмітпен алдаймын.
Сондай-ақ, олар менің
бұйыруыммен (пұттарға арнап құрбан шалу үшін өздеріне харам еткен) малдардың
құлағын кесіп ен салатын әрі Алланың жаратқанын өзгертетін болады», – деп ант-су
ішті. Ендеше, кімде-кім Алланың орнына шайтанды дос тұтса, шүбәсіз, анық зиянға
ұшырағаны»
620
.
620
«Ниса» сүресі, 118-119.
Отбасыда басшы болу – еркектің ақысы. Әйелге басқартып қалу адам табиғатына
тән емес. Құранда «(Әйелді нәпақамен қамтамасыз ету,
қорғау және тәрбиелеу ер
адамның міндеті болғандықтан) нағыз ерлер әйелдерге басшы һәм қорған»
621
деп
айтылады.
621
«Ниса» сүресі, 34.
Демек, әйеліне бас иген, оның бейбас қалауларына мойынсұнған еркек – Алланың
нығметін жоққа шығарып, оның үкіміне қарама-қарсы іс жасап жатқан болып
есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: