Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет176/197
Дата24.12.2023
өлшемі3,82 Mb.
#198951
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   197
Байланысты:
Жүректің сырлары

Ішімдік ішудің нәтижесі 
Алла Тағала ішімдік туралы үш аят түсірген. Біріншісі: «Олар сенен (мас қылатын) 
шарап пен құмар ойындарының үкімін сұрайды. Оларға: «Екеуінде де үлкен күнә һәм 
адамдар үшін бірқатар пайдалар бар. Алайда олардың пайдасынан гөрі күнәсі мен 
зияны әлдеқайда көп», – деп айт. Сондай-ақ олар сенен қайыр-садақаға не беру 


252 
керектігін сұрайды. Оларға: «Қажеттеріңнен (яғни өздеріңнен және қолдарыңа қарап 
отырған жандардың нәпақасынан) артылғанды беріңдер», – деп айт. Міне, осылайша 
Алла тағала сендерге (дүние һәм ақирет жайлы) жүйелі түрде һәм жан-жақты 
ойланарсыңдар деп, аяттарын ашып түсіндіреді»
611

611
 
«Бақара» сүресі, 219. 
Осы аят түскеннен кейін мұсылмандардың бір тобы ішімдік ішуді жалғастыра берді. 
Бір тобы ішімдікті тастады. Кейбір кісілер мас жағдайында намаз да оқыды. Бұл жағдай 
Алла Тағаланың тағы бір аят түсіруіне себеп болды: 
«Уа, иман келтіргендер! Мас (немесе ұйқылы-ояу) кездеріңде өздеріңнің не айтып 
тұрғандарыңды білетіндей естеріңді жиғанға дейін, намазға жақындамаңдар. Сондай-
ақ жолаушылықты есепке алмағанда, бой дәреттерің бұзылғанда, толық жуынғанға 
дейін, намазға жақындамаңдар. Ал егер науқас немесе жолаушы болсаңдар, яки үлкен 
дәретке отырып келгеннен не болмаса әйелмен төсек қатынасына түскеннен кейін 
(жуынатын) су таба алмасаңдар, таза жерге тәяммум соғып (яғни алақандарыңды таза 
топыраққа соғып), онымен беттеріңді және қолдарыңды сипаңдар. Шүбәсіз, Алла – Афу 
(құлдарына әрдайым кеңшілік әрі жеңілдік жасаушы) һәм Ғафур (құлдары қанша 
жерден ауыр күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді)»
612
 
612
 
«Ниса» сүресі, 43. 
Бұл аят түскеннен кейін мұсылмандардың көпшілігі ішімдікті тастады. Бірақ ішімдік 
ішкендер тағы да бар болды. Бір күні бір мерекеде ішімдік ішілді. Елдің көбі мас болды. 
Ішімдіктің кесапатынан жанжал шықты. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл оқиғаны естіп 
қатты қапа болды. Міне, сол оқиғадан кейін төменгі аят түсірілді: 
«Уа, иман келтіргендер! Арақ-шарап (сынды адамды мас қылып, ақылынан 
адастыратын нәрселер), құмар һәм өзге де ұтыс ойындары, табыну үшін орнатылған 
пұттар және жебелермен (яки құмалақ, карта сынды басқа да нәрселермен) бал ашу – 
шайтанға ғана тән лас істер. Ендеше, (екі дүниеде де) мақсат-мұраттарыңа жету үшін 
бұлардан аулақ болыңдар. 
Шүбәсіз, шайтан арақ-шарап (сынды адамды мас қылып, ақылынан адастыратын 
нәрселер) һәм құмар ойындары арқылы араларыңа дұшпандық пен өшпенділік отын 
жағуды, сендерді Алланы еске алудан һәм намаздан қақпайлауды (тыюды) ғана 
көксейді. Ендеше, бұлардан тыйылдыңдар ғой, солай емес пе?!» 
«(Бұлардан түбегейлі бас тартыңдар) сөйтіп, Аллаға мойынсұныңдар, Алла елшісіне 
мойынсұныңдар және (оларға қарсы келіп, асы болудан) барынша сақтаныңдар. Егер 
(бағынудан бас тартып) сырт айналатын болсаңдар, онда біліп қойыңдар, елшіміздің 
міндеті – хақ дінді (бүге-шігесіне дейін) ашық түрде жеткізу ғана!»
613

613
 
«Мәида» сүресі, 90–92. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ішімдікті тастамаған маскүнем пейішке кірмейді»
614
 
деп 
айтқан. 
614
 
Ибн Мажа, 3376 . 
Мас қылушы ішімдіктердің зияны туралы Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жаратқан Ием 
маған ширкті анықтап білдіргеннен кейінгі тыйым салған нәрсесі – еркектердің ішімдік 
ішіп, жанжал шығаруы еді», – деген. 
Ибн Әбу Дуня баяндайды: «Бір маскүнемді көрдім, ол өз қолына дәрет сындырып, 
дәрет алып жатқандай іс-әрекет жасап, содан соң «Исламды нұр, суды тазалаушы 
нәрсе қылған Аллаға мақтаулар болсын», – деді». 
Ислам діні келмей тұрып Аббас ибн Мирдастан «Неге ішімдік ішпейсің?» – деп 
сұрағанда, ол: «Мен ақылымды аздыратын нәрсені өз қолыммен ішіп, ішімді 
былғамаймын. Таңертең руымның құрметті басшысы болып тұрып, түнде елімнің 
ақымағы болғым келмейді», – деп жауап берген. 


253 
Байхақи әзірет Омардың ұлының риуаяты бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай 
деген: «Жамандықтардың анасынан қашыңдар. Сендерден бұрынғы елдерде бір кісі 
бар еді. Ешкімге қосылмай бір шетте отырып Аллаға ғибадат жасайтын. Бір әйел оны 
қинау үшін артынан түсті. Бір қызметшісін оған жіберіп, «Бізге сіздің куәлігіңіз керек еді» 
деген сылтаумен шақыртты. Ол келіп әлгі әйелдің үйіне кірісімен әйел есігін құлыптап 
алды. Жанында бір ұлы және бір шөлмек ішімдік бар екен. 
Әйел оған: «Біз сені бұл жерге куәлік беруге шақырған жоқпыз. Мына баланы өлтір 
не менімен жыныстық қатынаста бол не мына ішімдіктен іш деп шақырдық. Егер сол 
шарттардың бірін қабыл алмасаң, саған жала жабам», – деді. 
Ол кісі біршама ойланып қалды. Құтылудың жолын таба алмай, ақыры: «Маған бір 
кесе ішімдік бер», – деп еді, әйел ішімдікті берді. Оның артынан тағы бір кесе сұрап 
ішті. Ақыры мас болып қалып, әйелмен жыныстық қатынаста болды. Содан соң баланы 
да өлтірді». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет