248
Егерде олардың біреуін разы қылса, пейіштің бір есігі ашылады. Зұлымдық жасаса да
ата-анаға еш қарсы шықпаңдар. Кім ата-анасын наразы қылған жағдайда таң атырса,
ол үшін тозақтың екі есігі ашылады. Кім ата-анасын наразы қылған жағдайда күн
батырса да осындай болады. Егер олардың біреуін наразы қылса, тозақтың бір есігі
ашылады. Зұлымдық жасаса да оларға еш қарсы шықпаңдар»
606
.
606
Итхафус сада, 6/314.
«Пейіштің иісі бес жүз жылдық қашықтықтан сезіледі. Ата-анасын ренжіткен және
туыстық қарым-қатынасын үзген кісі оның иісін сезбейді».
«Әкеңе, анаңа, әжеңе, қарындасыңа, ағаңа, ініңе,
содан соң басқа жақын
туғандарыңның бәріне тегіс жақсылық жаса».
Риуаятқа қарағанда Алла Тағала Мұсаға (а.с.): «Уа, Мұса, кім ата-анасына жақсылық
жасап, бірақ маған қарсы шықса да оны жақсылардың тізіміне жазам. Кім маған бас
игенімен ата-анасын наразы қылса, оны шектен шыққандардың тобына қосамын», –
деген.
Алла Елшісі (с.а.с.): «Біреу бір нәрсені садақа қылғанда мұны ата-анам үшін деудің
керегі жоқ. Егер ата-анасы мұсылман болса, берген садақасының сауабы оларға да
тиеді. Сондай-ақ оларға қанша сауап берілген болса, сонша сауап еш кемітілместен
өзіне де беріледі», – деген.
Малик ибн Рабиа (р.а.) баяндайды: «Бір күні Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанында
отырсақ, Сәләма ұлдары руынан бір кісі келіп: «Уа, Алланың Елшісі, ата-анам өлгеннен
кейін оларға жақсылық жасай алам ба?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Иә.
Олар үшін дұға қылып, күнәларының кешірілуін сұрап Аллаға жалбаруың, өсиеттерін
орындатуың, достарына сый-құрмет көрсетуің және туыстарымен қарам-қатынасты
үзбеуің жақсылық», – деп жауап берді.
«Біреудің әкесі өлгеннен кейін оның дос-жаранына жақсылық жасауы да әкесіне
жақсылық жасау болып саналады».
«Перзенттің мойнындағы ананың ақысы әкесінің ақысынан екі есе көп».
«Ананың дұғасы тезірек қабыл болады». Міне, осы сөздерден кейін адамдар: «Уа,
Алланың Елшісі не үшін солай?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Өйткені
перзентке әкеге қарағанда ана жақынырақ», – деп жауап берді.
Жақын болғанының
дұғасы бірінші қабыл болады.
Бір кісі «Уа, Алланың Елшісі, мен кімге жақсылық жасайын?» – деп сұрады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ата-анаңа жақсылық жаса», – деді. Әлгі: «Менің ата-анам
жоқ», – деп айтты. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Онда балаңа жақсылық жаса. Сен ата-
ананың алдында қарыз болғандай, балаңның алдында да қарызсың», – деді.
Тағы бір хадисте: «Өзіне жақсылық жасауда перзентіне жәрдем берген кісіге, яғни,
оған жаман мәміле жасамай,
ұрсып айтып, қарсы шығуына себепші болмаған кісіге
Алла рақымын жаудырсын», – деп айтылған.
Әзірет Әнәс (р.а.) риуаят етеді: Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деді: «Ұл бала жеті
күндік болғанда құрбандық шалынып, аты қойылады және жуындырылады. Алты жасқа
шыққанда намаз үйретіледі. Тоғыз жасында жатқан төсегі өз алдына бөлек салынады.
Он үшке толғанда намаз оқымаса аздап нұқып қою керек. Он алты жасқа келгенде оны
үйлендірсе болады. Содан соң қолынан ұстап тұрып «Саған тәлім-тәрбие бердім,
үйлендірдім. Бұл дүниеде бұзақылығыңнан және ақыретте сенің азабыңнан Алла
сақтасын!» – дейді».
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жақсы тәлім-тәрбие және жақсы ат қою – перзенттің ата-
анасының мойнындағы ақыларынан».
«Әрбір ұлың не қызың үшін ақиқа құрбандығы шалынуы керек. Жетінші күні
құрбандық сойылып, шашы алынады».
249
Абдулла ибн Мүбәракқа
бір кісі келіп, баласының бас имей жатқанын айтып
шағымданды. ибн Мүбәрак «Оны қарғадың ба?» – деп сұрады. «Иә», – деді арызданған
кісі. ибн Мүбәрак: «Оны сен жолдан шығарыпсың! Балаға мейіріммен жұмсақ мәміле
жасау керек», – деді.
Балаға жұмсақ мәміле жасау мустахаб (шариғатта жақсы саналған іс).
Ақра ибн Хабис бір күні Пайғамбарымыздың (с.а.с.) немересі Хасанды сүйгенін көріп:
«Менің он балам бар, ешқайсысын сүйген емеспін», – дейді. Сонда Пайғамбарымыз:
«Біреуге мейірім көрсетпеген кісі құдайдан мейірім көрмейді», – деді.
Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) мінберде сөйлеп жатқанда немересі Хасан жерге
жығылып қалды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) дереу мінберден түсіп, оны көтеріп алды да:
«Дүние-мүліктерің де, бала-шағаларың да сендер үшін бірер сынақ (яғни сендерді хақ
жолдан тайдыратын немесе адамдықтың кемеліне жеткізетін нәрселер), одан басқа
түк те емес»
607
деген мағынадағы аятты оқыды.
607
«Тағабун» сүресі, 15
Абдулла ибн Шаддад (р.а.) айтады: «Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) жамағатқа имам
болып намаз оқып жатқан. Сәждеге барғанда, әзірет Хүсейін оның мойнына мініп алып,
Пайғамбарымыз сәждеде көпке тұрды. Артындағылар
бір нәрсе болды ма екен деп
ойлады. Намаз біткеннен кейін «Уа, Алланың Елшісі, сәждеде көп тұрғаныңнан біз
саған бір нәрсе болды ма деп ойладық», – деді. Пайғамбарымыз: «Немерем мені көлік
қылып мініп алды. Оның көңілі көтерілсін деп, дереу сәждеден тұрғым келмеді», – деп
жауап берді.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) осы іс-әрекетінен төменгідей пайдаларды көруге
болады:
1) Аллаға жақындық. Пенденің Аллаға ең жақын сәті – оның сәждедегі жағдайы.
2) Балаға жақсы мәміле жасау және жақындық.
3) Осындай сәтте қалай жасау керектігін үмбетіне үйрету».
Алла Елшісі (с.а.с.): «Баланың иісі – пейіштің иісі»
608
дейді.
608
Итхафус сада, 6/320.
Язид ибн Муғауия былайша баяндайды: «Әкем біреуді
жіберіп Ахнаф ибн Қайсты
шақыртып алып, оған: «Уа, Ахнаф, бала туралы қалай ойлайсың?» – деп сұрады.
Ахнаф әкеме: «Уа, Мүминдердің басшысы! Олар жүрегіміздің жемісі және тірек-
сүйенішіміз. Біз олар үшін жұмсақ топырақ және баспана болған аспан сияқтымыз.
Әрқандай игілікке олардың себепкерлігімен жетеміз. Сондықтан олар бір нәрсе сұраса
бер. Ашуланса, көңілін тап, саған жақын болсын. Оларға жүк болма,
сенен қажып
өліміңді күтпесін және саған көңілсіз мәміле жасамасын», – деп жауап берді.
Сонда Муғауия: «Уа, Ахнаф, сен ішке кіргенде Язидке ашуланып отырғам», – деді.
Ахнаф кеткенде Муғауияның Язидке ашуы тарап, оған екі жүз мың дирхам мен екі жүз
киімді сыйлыққа жіберді. Оны алған Язид Ахнафқа жүз мың дирхам мен жүз киімді
сыйлыққа жіберді.
Достарыңызбен бөлісу: